Техносфера Орындаған: Гульмурзаев Б



бет2/4
Дата14.10.2023
өлшемі3,98 Mb.
#114421
1   2   3   4
Байланысты:
480759.pptx

II.Негізгі бөлім

А)Техносфера ұғымы

Техносфера ( гр. Techne — өнер, шеберлік, sphaira — шар ) —адамзаттың әлеуметтік-экономикалық қажетсінулеріне жақсы сәйкестендіру мақсатымен адамдардың техникалық құралдардың тікелей және жанама әсері арқылы өзгертілген биосфера бөлігі. Кейде бұл терминнің мынадай анықтамасы кездеседі: шаруашылық-өндірістік айналымдарды энергия ағыны мен заттектердің табиғи алмасуынан оқшаулау тұрғысында шаруашылық айналымына тартылатын табиғи ресурстарды пайдаланудың және қайта пайдаланудың іс жүзінде тұйык аймақтық ғаламдық келешек технологиялық жүйесі (Дедю,1989).


Ә) Техносфераның жағымсыз көрсеткіштері

Адамзат тарихындағы өркениеттің дамуы игіліктерді алу жəне тұтыну мақсатымен қоршаған материалдық əлемге əсер ету арқылы адам қолымен жасалған құрал-жабдықтарды жетілдіру бағытында жүзеге асырылды. Ғылым мен техника жетістіктерін, еңбектің техникалық жарақтануы, алдыңғы идеяларды жүзеге асыру мүмкіндіктерінің артуы жəне оларды тəжірибеге ендірумен байланысты өндірістің үздіксіз жетілуі ғылыми-техникалық жетістік деп аталады. Ол адам іс-əрекетінің барлық салаларын, соның ішінде қоршаған табиғи орта жағдайын елемей, табиғи ресурстарды игеру көлемінің артуын жəне технологияны жетілдіруді қамтиды. Ғылыми-техникалық жетістіктер антропоцентрлік мақсаттарға бейімделген, яғни халықтың артып отырған қажеттілікте рін қанағаттандыруға негізделеді. Осының барысында биосфераға бөтен заттардың ену құбылысы байқалды, нəтижесінде биосферадағы экологиялық тепе-теңдік бұзыла бастады. Адамның шаруашылық іс-əрекеті табиғи ортаға тұрақты əсер ететін факторға айналды, табиғатты өзгерте отырып, оның даму заңдылығына қарсы өзгерістерді туындатты. Қазіргі таңда, адамның барлық өндірістік іс-əрекеттерінің нақты анықтамасы техногенез деген атауға ие.

Б)Техносфера көлемі мен құрамы.

Əлемдік шаруашылықты адамның барлық іс əрекеттері жүзеге асырылатын экологиялық қоймасы ретінде қарастыруға болады. Көптеген кеңістік жəне ағымдық параметрлері бойынша, ол биосферамен сəйкес келгенімен, экологиялық сыйымдылығы шектеулі. Сондықтан планет арлық биота мен қоғамдық өндіріс, биосфера мен техногенді ортаның белсенді элементтері арасында бəсекелестік қатынастардың болуы мүмкін. Табиғаттағы түраралық өзара қатынастарға қарағанда, бұл қатынастар күрделі, олардың көптеген белгілері биосфераны бəсекеден ығыстыру ретінде көрінеді. ХХ ғасырда адамзат планетаның ерекше материалдық энергетикалық қабатын құра отырып, техносфера шекарасын биосфера шегіне дейін кеңейтті, жақын жəне алыс ғарышты, Жердің терең қабатын, мұхит түбін, субмолекулярлы микроэлементтерді игерді. Ол биосфераның барлық қабатына еніп, толығымен қамтыды, əсіресе, құрлықта жəне планетаның үстіңгі қабатына ерекше көрініс береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет