Өндіріс факторлары –өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) барысында дайдаланылатын негізгі компоненттер: еңбек, жер, табиғат ресурстары, капитал. Қазіргі заманғы экономикалық теория игіліктерді (тауарларды) өндіру (қызметтерді көрсету) үшін қажетті есурстарды топтарға – өндіріс факторларына бөледі. Олардың алғашқысы – еңбек факторы. Жер факторының (табиғи ресурстар) мағынасы кең (адамдардың келген жері ретінде кәсіпорындар алып отырған аумақ ретінде, пайдалы қазындылардын, су ресурстары мен басқа да ресурстардың көзі ретінде ұғынылады). Капитал факторы дегеніміз заттық (нақты) капитал — ұзақ уақыт және сан қайтара пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдығы (шикізат, машиналар, жабдық, өндірістік ғимарат, т. Б.). Осы классикалық өндіріс факторларынан басқа қазіргі заманғы экономикалык теорияда кәсіпкерлік қабілет, ғылыми-техникалық прогресс және ақпарат та жиі бөліп көрсетіледі. Г)Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі Зиянды өндірістік (кәсіптік) факторлары – адамның іскерлігінің төмендеуіне, жедел және созылмалы уланулар мен сырқаттардың пайда болуына, жалпы сырқаттанушылығының өсуіне және алшақтық мерзімдерде басқа жағымсыз ауытқулардың тууына келтіретін еңбекті ұйымдастыру және оны орындау факторлары. Адамның кәсіптік ісі еңбек пен жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырмау, мертігу қаупі, өндірістік ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторларының әсерлік жағдайларына жүруі мүмкін: Д) Өндірістік қажу, оның түрлері мен себептері.
Еңбек процесінде жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі алдымен дамитын өндірістік қажуға негізделген. Өндірістік қажу – жұмыс пен еңбек шартының әсер етуінен пайда болатын, адам организмінің функционалды мүмкіндік-терінің уақытша және қайтымды төмендеуі. Еңбек шарты тек ұйымдастыру-техникалық, санитарлы-гигиеналық және басқа да материалды-заттық шарттар ғана емес, сондай-ақ әлеуметті-психологиялық, алдымен ұжымдағы өзара қатынас, ондағы әлеуметті-психологиялық климат болып табылады. Қажу іс-әрекеттің тиімділігін төмендетуге әкеліп соғады, яғни бір жұмыс актісіне физиологиялық және психикалық өлшемдердің өсуі травматизм мен сәтсіз оқиғалардың пайда болуы өседі. Өндірістік қажу адамдағы шаршағандық сезімі ретінде сезіледі, оны аса ерекше психологиялық жағдайда бастан кешіп жүрген, қажудың биологиялық белгісі ретінде қарастыруға болады. Қажу түрлерін еңбек қызметін қамтамасыз ететін сол немесе басқа жүйке жүйесінің звеноларында оның артықшылық-тарын оқшаулауға қатысты бөледі.