«Тəңіршілдік мəдениеті» — Пәннің мақсаты «Тәңіршілдік мәдениеті»


Тəңір сөзінің этимологиясын  іздеушілердің пікірлері əртүрлі болып, олар “Тəңірдің” не себепті  “Тəңір



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата31.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#77921
1   2
Тəңір сөзінің этимологиясын 
іздеушілердің пікірлері əртүрлі болып, олар “Тəңірдің” не себепті 
Тəңір” атануын ашып, дəлелдеп бере алмауда. Бірқатар жазушылар 
“Тəңір” “аспан”, “көк аспан” деген ұғымды білдіреді дегенді айтады. 
Мифтік аңыздар бойынша, “Таң” жəне “Іңір” деген екі періште 
кезектесіп, жердегі тіршілікті күзетеді екен, “Таң” күн ұйықтар орынға 
кеткенде “іңір” оның орнына күзетке тұрады деген ұғым қалыптасқан. 
Соған орай “Тəңір” делінген дейді.
Біреулері Тəңір “Таң” + “Ра” сөздерінің қосындысы, таңның атуы
ал “ра” ертедегі күннің Египеттегі діни атауы. Міне, осыдан “Танра” 
делініп, “күннің шығуы” дегенді білдіреді дейді. 
Тəңір сөзі екі түбірден: “таң” жəне “ертеден” деген сөздерден 
тұрады дейтіндер де бар. 
“Таң” күннің шығар уақыты, ал “ер” күллі түркі тілдерінде, ер, 
ержүрек, еркек, батыр деген мағынаны білдіреді десе, енді бірі тəңірі 
атауы екі сөзден: Таң жəне йер, яки кир /жер/ сөздерінің бірігуі арқылы 
жасалғанын жорамалдайды
.


Тəңірлік діннің өзіне тəн ерекшелігі – ол өзіне дейінгі діни
наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір
жүйеге келтіруші рөл атқарады. Плано Карпини түркілердің бір
құдайға иланатындығын айта келіп, “… оның үстіне олар
күнге, айға жəне отқа, сонымен бірге таңертеңгілік тамақ
жеудің немесе су ішердің алдында сол ас-дəмдерінен ауыз
тидіретін сыбаға арнап, су мен жерге де құдай деп табынады”,
– дейді. В.В. Бартольд: “Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке
(Тəңір) жəне Жерге (жер-суға) сыйыну болды”, – деп жазады.
Тəңірді түркілер барлықты жаратушы “объективті идея”
ретінде қарастырса, жер-су – тіршіліктің тірегі.


Бұлардан
басқа
көне
түркілердің
наным-
сенімдерінде əйел-құдай –
Ұмай ерекше құрметтелген.
Əйел тəңірі Ұмай – отбасы
мен бала-шағаның жебеушісі
болған. Тоныкөк құрметіне
орнатылған
ескерткіште:
“Көк, Ұмай құдай, қасиетті
жер-су, міне, бізге жеңіс
сыйлаған осылар деп ойлау
керек!”, – делінеді.


}
Отқа табыну
Ертедегі түріктер арасында əр түрлі діндер таралгған, олардың ішінде ең əйгілілері —
отқа табыну
, жануарларға табыну, өсімдіктерге 
табыну.
Византия
тарихшысы
Менандр
түрік қағаны
Дизабұлға
елші
Земархтың
келуін 
сипаттай келіп, былай деп жазады: «
Түріктердің
осы тайпасының ішінен кесел біткенді 
аластай аламыз деп өзіне-өзі сенетін біраз адам Земархқа келді де, римдіктердің 
өздерімен бірге ала келген заттарын бір жерге үйді, одан соң ливан ағаштарының 
бұтақтарын лаулатып жағып, скиф тілінде əлдебір тағылық сөздер айтып сыбырлап
дабылдарын ұрғылап, үйіліп жатқан заттарға қайта-қайта төнді. Шытырлап жанып 
жатқан бір бұтақты ортаға əкеліп, құтырына айғайлап, кəрін төгіп, ойнақтаған жын-
шайтанды қуғандай болды. Жұрт бұл адамдарға жын-шайтанды аластап, бізді кесел-
пəледен құткарады деп сенеді; өздерінше барлық кеселді аластадық деп сенген олар 
Земархтың өзін осы оттан өткізіп, өзімізден де пəле-жаланы алас- тадықдеп сенгендей 
болды». Қала тұрғындары мен отырықшы халықтың отқа 
табынғаның
археологиялық
материалдар растайды.
Баба-Ата
қаласы жұртының 
қамалын қазып- аршыған кезде сарай кешенінің ең басты залында, жердің қалың 
қабатына қарағанда, отқа байланысты діни ғұрып өткізілген. Қалалардың жұрттарын 
қазғанда қой мүсіндері шығады, олардың осы жануарларға табынумен байланысты 
екені даусыз. Отырар алқабындағы Көк-Мардан қаласының орнынан VI—VII ғасырлар 
қабатынан от жағу үшін тақыт орнатылып, қошқармүйіз түрінде жапсырмасы бар қуыс 
жасалған ғибадатхана қазылып алынды.


Көк бөрі – түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі. 
«Қасқырды түркілер «бөрі» дейді (моңғолша – шино/чинно). Көне 
түркілер қасқырды Көк Құрт деп те атаған. Көк дегеніміз – көк түс, 
көк аспан. Ал, түріктің «құрт» дегені қазақтың «құртылу» деген 
сөзінің түбірі. Демек, көк бөрі түркілердің тайпасын ажалдан аман 
алып қалған, көк аспандағы Көк Тəңірісінің өзі жіберген ерекше 
қасиетті жануар»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет