«Тәңіршілдік мәдениеті»



бет2/4
Дата31.03.2023
өлшемі1,3 Mb.
#77922
1   2   3   4
    Бұл бет үшін навигация:
  • Тәңір

Ертедегі түркі халықтарының “Тәңірге сыйынғанын Күлтегін, Білге қағандарға арналған балбал тастардағы қашап жазылған жазулардан анық білеміз. Қазірге дейін Тәңір сөзінің этимологиясын іздеушілердің пікірлері әртүрлі болып, олар “Тәңірдің” не себепті “Тәңіратануын ашып, дәлелдеп бере алмауда. Бірқатар жазушылар “Тәңір” “аспан”, “көк аспан” деген ұғымды білдіреді дегенді айтады.

Ертедегі түркі халықтарының “Тәңірге сыйынғанын Күлтегін, Білге қағандарға арналған балбал тастардағы қашап жазылған жазулардан анық білеміз. Қазірге дейін Тәңір сөзінің этимологиясын іздеушілердің пікірлері әртүрлі болып, олар “Тәңірдің” не себепті “Тәңір” атануын ашып, дәлелдеп бере алмауда. Бірқатар жазушылар “Тәңір” “аспан”, “көк аспан” деген ұғымды білдіреді дегенді айтады.

Миф­тік аңыздар бойынша, “Таң” және “Іңір” деген екі періште кезектесіп, жердегі тіршілікті күзетеді екен, “Таң” күн ұйықтар орынға кеткенде “іңір” оның орнына күзетке тұрады деген ұғым қалыптасқан. Соған орай “Тәңір” делінген дейді.

Біреулері Тәңір “Таң” + “Ра” сөздерінің қосындысы, таңның атуы, ал “ра” ертедегі күннің Египеттегі діни атауы. Міне, осыдан “Танра” делініп, “күннің шығуы” дегенді білдіреді дейді.

Тәңір сөзі екі түбірден: “таң” және “ертеден” деген сөздерден тұрады дейтіндер де бар.

“Таң” күннің шығар уақыты, ал “ер” күллі түркі тілдерінде, ер, ержүрек, еркек, батыр деген мағынаны білдіреді десе, енді бірі тәңірі атауы екі сөзден: Таң және йер, яки кир /жер/ сөздерінің бірігуі арқылы жасалғанын жорамалдайды.

Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі – ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіруші рөл атқарады. Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, “… оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік тамақ жеудің немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбаға арнап, су мен жерге де құдай деп табынады”, – дейді. В.В. Бартольд: “Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну болды”, – деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы “объективті идея” ретінде қарастырса, жер-су – тіршіліктің тірегі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет