Теңіздің ЕҢ терең жерінде өмір сүретін балық



бет2/4
Дата29.03.2022
өлшемі0,54 Mb.
#29180
1   2   3   4
Байланысты:
Оқу сауаттылығы тапсырмалары

ЖАРАЛЫ БАЛАПАН

Күн көтеріле, қос немересі Асқар мен Гүлнұрды арбасына отырғызып, Оспан қария шөп шабуға шықты. Жолшыбай көл жағалай өскен қалың құрақты көзі қиып тастап кете алмады. Қолдағы азын-аулақ малға шөп жинап жүрген жалғыз өзі болса бір сәрі. Онда асықпауға болады. Ал арқаны кеңге салсақ, аз уақыт өтпей-ақ, құрақтың орнына толқыған судың ізі ғана қалады.

Оспан қария атын қалың құрақтың түбіне шалдырды. Тізеден келетін судың зәрі сыныпты. Қоңыр салқын су аяғына жайлы тиді.

-Қарақтарым, түс ауғанша арбаны толтырып тастайық. Орылған құрақтарды ақырындап арбаға сала беріңдер. Сөйтіңдер, айналайындар, -деп Оспан қария іске кірісті. Күректей алақанымен құрақты уыстай қысып тартып қалса болғаны, жағада Асқар көтеріп әкететіндей бәр құшақ балауса жатады. Асқардың да дәл осылайша құрақ орғысы келеді. алайда атасы: «Бір жеріңді жазым етесің», -деп жүзі қылпыған орақты қолына ұстатқан емес. «Кейін буының қатайған соң, қол орақ түгілі, нағыз жігіттерше шалғы тартуды үйретемін», -дейді. Асқар сол кезді қиялдана еске алып, жағадағы құрақтарды жинауға ыңғайланды. Гүлнұр да түртінектеп, көмектескен боп жүр.

Кешікпей қос дөңгелекті арбаның қорабы жасыл құраққа лық толды. Атасы тершіген маңдайын сүртіп, үйден ала келген торсықтағы қымызды: -Мә, ішіңдер, қарақтарым, -деп немерелеріне ұсынды. Асқар да атасына ұқсауға тырысып, шөптесін жерде малдас құрып отыр. Гүл теруге әуес Гүлнұр шалғынды аралап кетті. Кенет: -Ата, Асқар, мұнда бір нәрсе жатыр! –деп әлденеге таңданған даусы естілді. –Байқа, қызым, жылан болмағай, - деп Оспан қария қолымен жер тірей, орнынан көтерілді.

Қарындасының даусын ести сала жүгірген Асқар түйежапырақтың астында тыпырлаған балапанды аңғарған. Есі шыққан балапан жаралы аяғын сүйретіп, қашуға әрекеттенді. асқар жерден көтеріп алғанда, балапан қинала шиқылдады.

-Балапан! Мойнын қара, қандай ұзын!

Бұл кезде Оспан қария немерелерінің қасына келген еді. Балапанды қолына алып, айналдырып көре бастады.

-Пәлі, мынау тырнаның балапаны ғой. Бейшараға жыртқыштың тісі тиген бе?

Кенет қарияның қабағы тұнжырай қалды.

-Оңбағандар, балапанды атып не олжа таппақ екен. жіліншігі, қанатының топшысы жараланыпты. Міне, көрдіңдер ме, майда бытыраның ізі.

-Не үшін атқан? – Гүлнұр жанары жаутаңдап атасына қарады.

-Не үшін дерің бар ма, қарағым. Адамгершіліктен, сезімнен жұрдай адамнан да қатыгез, найсаптардың ісі ғой мынау.

-Ата, балапанды қайтеміз? –деді Асқар.

-Алып жүріңдер, емдеп көреміз...

Асқар балапанды бауырына басып, атасының соңынан ерді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет