ТАНЫСТЫҚ
Шаруаны жайлағаннан кейін атасы қайшы, дәке, йод, қатты қағаз алып, жаралы балапанды емдеуге отырды. Ұйысып, қанға былғанған топшысының қауырсындарын еппен ғана қайшымен тықырлап қиып тастады. Қауырсынына қайшы тиген сайын балапан бұлқынып қояды. Атасы балапанның топшысын жұмсақтау етіп дәкемен байлап тастады. Бытыра жіліншіктің дәл үстіңгі етінен сызып өтіпті. Егер тура тисе, сирағы ортасынан пышақпен қиғандай үзіліп түседі екен.
-Асқаржан, осы үйде жәшіктер бар емес пе еді. Соған жұмсақ шөп төсеп, балапанды жатқызып қойыңдар, -деді атасы.
-Алдына жем қойсам қайтеді, ата? –деді Асқар сұраулы жүзбен.
-Иә саған, балапан нан жейді, -деді Гүлнұр.
-Жә, айналайындар, таласпаңдар. Тырна түрлі шөптің жапырағын, шегіртке, көбелек, қоңыз тәрізді жәндіктерді қорек етеді. балапанды кейін жемдерміз. Енді шуламай, құрал-сайман тұрған сарайға апарыңдар.
Түскі ас ішіліп болған соң, атасы немерелерін ортаға алды.
-Жалпы, шырақтарым, тырна жүрекке ыстық, көзге таныс құс, -деп бастады атасы әңгімесін. –Көктемде, көбінесе сәуір айларында, үшкіл бұрыш құрып ұшып бара жатқан тырнаны көрген шығарсыңдар.
-Иә, папам бізге көрсеткен.
-Күзде де көргенбіз.
-Дұрыс айтасың, күзде олар жылы жаққа ұшады. Тырналар - шуаққор диқанның асыға күткен көктемінің, еңбек адамдарының жомарт күзінің белгісі. Тырнаның мен білетін он шақты түрі бар. Бүгінгі жаралы - ақ бас тырнаның тырнаның тұқымынан. Жаңа басы, желкесі, мойны, жемсауындағы ұзын қауырсындары байқадыңдар ма? өсе келе, екі шекесіндегі қос қауырсыны ақ бас тырнаға ерекше көрік береді. міне, осындай белгілері арқылы оны басқа тырнадан ажыратуға болады. –Атасы сәл ойланыңқырап, сөзін жалғады. –Сендер ақ тырнаны көрген жоқсыңдар ғой. Аяқтары қара түсті, тұмсығы қызыл күрең, оның бүкіл денесін аппақ қар жапқан дерсің. Көзі өткір адам оны екі-үш шақырымнан көре береді.
-Үш шақырымнан, -Асқар ішегін тартты.
-Білмегендіктен таңданасың, шырағым. Өздерің көріп жүрген кәдімгі қоңыр, сұр түсті тырналар ғой, -деді атасы сақалын уыстап.
-Ақ тырналар қайда кетті, ата?
-Қайда дерің бар ма?-Оспан қария Гүлнұрдың шашынан сипады.
-Естуімше тұқымы сиреп, азайып кетті деседі. Қазір қолына мылтық, астына темір көлік мінгендер көбейді емес пе? Аңшылық –білген адамға жақсы серуен. Бірақ көпшілігіміз соны түсінбейміз ғой. Сондықтан туған жердің әрбір талдарағын, аң-құсын мейірімсіз қолдан қорғауға сендер ат салысуға тиіссіңдер. Солай емес пе, балаларым?
-Менің атам қандай жақсы кісі! –деп Гүлнұр Оспан қарияның әжім торлаған бетінен сүйді.
Асқар басын үнсіз изеді.
(Мұрат Сыздықов «Ақ тырналар»)
Шөп шабуға барған балалар үшін қандай қауіпті нәрселер болуы мүмкін. Мысал келтіріңіз
_____________________________________________________________ _____________________________________________________________
Тырнаның қорегі болатын нұсқаларды белгілеңіз
А) Шегіртке
В) Шөптің жапырақтары
С) Гүлдер
Д) Кішкентай құстар
Е) Көбелек
Ж) Қоңыз
Ақ бас тырнаны және ақ тырнаны тырналардың басқа түрлерінен ажыратуға көмек болатын белгілерін атап жазыңыз
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
8. Балапанды емдеудегі атасының іс-әрекетін реттілігі бойынша сәйкестендіріңіз
1. а) Атасы балапанның топшысын жұмсақтау етіп дәкемен байлап тастады.
2. в)Асқарға жәшікке шөп төсеп, балапанды жатқызуын сұрады
3. с)Ұйысып, қанға былғанған топшысының қауырсындарын еппен ғана қайшымен тықырлап қиып тастады.
9. Атасы мен немерелері су жағасына құрақ жинауға келуі туралы ақпарат мәтіннің қай бөлімінде айтылғанын таңдаңыз.
А) «Жаралы балапан»
В) «Таныстық»
10. Асқар мен Гүлнұрдың атасы қандай адам? Мінездеме беріңіз, ойыңызды түсіндіріңіз
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
11. Бұл кезде Оспан қария немерелерінің қасына келген еді. Балапанды қолына алып, айналдырып көре бастады.
-Пәлі, мынау тырнаның балапаны ғой. Бейшараға жыртқыштың тісі тиген бе?
Кенет қарияның қабағы тұнжырай қалды.
Қарияның қабағы не себепті тұнжырады? Ойыңызды түсіндіріп жазыңыз
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
12. Мәтіннен қаряның тырналарды сипаттаған тұсын тауып, теріп жазыңыз.
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
13. Мәтіннің жанры мен стилін анықтаңыз
_____________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |