Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығына реагенттердің концентрациясының әсері Тапсырмалар


- тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері



бет2/3
Дата02.04.2023
өлшемі470,61 Kb.
#78355
1   2   3
Байланысты:
9 жұмыс

2 - тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері
Тапсырмалар: 1) 200C 300C және 400C кезінде натрий тиосульфатымен күкірт қышқылы әрекеттесуінің реакция жылдамдығына температураның әсерін бақылаңыз. 2) Жоғарыда көрсетілген температуралардағы реакция жылдамдығын, температура коэффициентінің орташа мәнін есептеңіз және алынған нәтижелерді график түрінде бейнелеңіз. 3) Алынған мәліметтерді түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.
Құралдар және реактивтер. Көлемі 5-6 мл-лік өлшеуіш сынауыктар, секундомер, термометр, электр плитасы, қыздыруға арналған H2O және тәжірибе үшін жазуы бар 200-300 мл –лік екі термотұрақты стакан, дистиллденген су H2O , натрий тиосульфаты Na2S2O3 және күкірт қышқылы H2SO4 ерітінділері.
Тәжірибенің орындалуы. Қыздыруға арналған H2O жазуы бар ыдысты электр плитасына қойыңыз. Ыстық су реакцияға түсетін қоспаның температурасын Жоғарылату үшін қажет. Жеке үш сынауыққа 5мл-ден Na2S2O3 ерітіндісін құйыңыз, басқа үш сынауыққа 3 мл-ден H2SO4 құйыңыз. Ары қарай бір сынауықтан тұзбен қышқылды алып, тез араластырып, сынауықты тәжірибе үшін жазуы бар стаканға салыңыз. Термометр көрсеткішін жазып алыңыз.Бір уақытта секундомерді қосу қажет, реакцияның жүру басынан аяғына дейінгі уақытын белгілеп, алынған мәліметті 2-ші кестеге толтырыңыз. 300C-де тәжірибені жүргізу үшін екінші жұп сынауықты алдын ала ''тәжірибе үшін '' жазуы бар стаканға салу қажет. Судың температурасын 100Cға көтеру үшін ''қыздыруға арналған H2O'' жазуы бар ыдыстағы ыстық суды оны абайлап сынауықтармен араластыра отырып, ''тәжірибе үшін'' деген жазуы бар стаканға қою қажет. Осы стаканда бірнеше минут сынауықтарды, яғни олардың ішіндегісі осы температураны қабылдау үшін ұстай тұрыңыз. Содан кейін стаканнан сынауықтарды алып, жылдам олардың ішіндегісін құйып, шайқап реакцияның I1 басталу уақытын жазып алып, сынауықты тәжірибе үшін деген жазуы бар стаканға, реакция жоғары температурада өту үшін салыңыз. Опалесценция байқалған уақытты белгілеңіз (I2), үшінші жұп сынауықпен тәжірибені 400C-де өткізіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет