Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығына реагенттердің концентрациясының әсері Тапсырмалар


- кесте. Тәжірибенің температураға тәуелді реакция жылдамдығы



бет3/3
Дата02.04.2023
өлшемі470,61 Kb.
#78355
1   2   3
2 - кесте. Тәжірибенің температураға тәуелді реакция жылдамдығы

Тәжірибе №

Тәжірибенің температурасы, t 0C

Реакция уақыты (∆t), сек

Реакция жылдамдығы, 1/сек

Температуралық коэффициент, γ

1

20

∆t = t2-t1

1/∆t




2

30

∆t = t2-t1

1/∆t

γ1= {1/∆t2: 1/∆t1}

3

40

∆t = t2-t1

1/∆t

γ1= {1/∆t2: 1/∆t1}

Тәжірибе нәтижесін реакция жылдамдығына (1/^t) тәжірибе температурасының (t,0С), тәуелділігін график түрінде бейнелеңіз. Температура коэффициентін екінші тәжірибенің шартты жылдамдығының бірінші тәжірибенің жылдамдығына қатынасымен есептейді, ал үшінші тәжірибенің шартты жылдамдығының екінші тәжірибенің шартты жылдамдығына қатысумен есептейді. Алынған мәліметтерді екінші кестеге жазыңыз.


3. Реакция жылдамдығына катализатордың әсері
Тапсырмалар: 1) Реакция жылдамдығына катализатордың әсерін және сұйық католизатор калий хроматының ерітіндісінің H2CrO4 ( гомогенді катализ) және кристаллдық 67 католизатор марганец диоксидінің MnO2 (гетерогенді катализ) қатысумен сутектің асқын тотығының ыдырау реакциясының активтену энергиясын зерттеңіз.
2) Реакцияның байқалатын сыртқы белгілерін көрсетіңіз және олардың теңдеуін жазыңыз.
Құралдар және реактивтер. Сынауықтар, марганец диоксидінің MnO2 кристаллды ұнтағы, 3%-дық сутегі асқын тотығының H2O2, калий хроматының K2CrO4 ерітінділері және 2-3 ағаш шырпы. Тәжірибенің орындалуы. Үш сынауыққа шамамен бірдей көлемде (1млден) сутегі асқын тотығының H2O2 ерітіндісін құйыңыз. Бір сынауықты салыстыру үшін бақылау ретінде қалдырыңыз, ал екінші сынауыққа католизатор ретінде 1-2 мл калий хроматының K2CrO4 ерітіндісін құйыңыз, ал үшінші сынауыққа шамамен 0,5г марганец диоксидінің MnO2 ұнтағын салыңыз. Бөлінген оттегі O2 көпіршіктерінің әртүрлі жылдамдығын байқаңыз. Оттегі газының бөлінуін шала жанған шырпыны сынауыққа енгізіп білуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет