Тәжірибелік бөлім Ағынды құрылғының сипаттамасы


Катализаторларды зерттеудің физика-химиялық әдістері



бет3/3
Дата20.04.2023
өлшемі71,36 Kb.
#84858
1   2   3
Байланысты:
2 глава

2.6 Катализаторларды зерттеудің физика-химиялық әдістері


2.6.1 Электронды-микроскопиялық зерттеулер

Катализаторлардың электронмикроскопиялық (ЭМ) сипаттамалары «ЭМ-125 К» микроскопында (120-180 мың арту) бірсатылы репликаларымен экстракция және микродифракция арқылы алынған. Көмірлі репликалар ВУП-4 (вакуумды универсалды пост) сұлбасында тозаңдандырылды. Тасымалдаушы фтор қышқылымен уландырылады. Микродифракционды суреттерді шифрлау стандартты ASTM (American Society for Testing and Materials) 1986 кестелері көмегімен жүргізіледі. Электронды микроскоптың толық жұмысының сипаттамасы жұмыстарда [53] қарастырылған.




2.6.2 Рентгенфазалық талдау
Үлгілердің рентгенфазалық анализі (РФА) ДРОН-4-7 дифрактометрінде СиК және СоК сәулеленумен жүргізілген. Алынған дифракциялық суреттер фотоэлектронды регистраторда бекітілген [54]. Идентификация американдық рентгенометрлік картотекамен ISPDS (Internation cerv for diffraction date) жүргізілді.
2.6.3 БЭТ әдісі арқылы меншікті бетті анықтау
Катализатордың беті АҚШтағы Micromeritics фирмасының Accusorb құрылғысында анықталды. Меншікті бетті табудың негізгі әдісі БЭТ болып табылады, яғни азоттың төмен температуралық адсорбциясы. Зерттеулер жүргізбес бұрын катализаторды 2000С температурада вакуумда 2 сағат бойы тазалайды. Катализатор бетінің өлшемі қысымның өзгеруімен жүзеге асырылды. Кеуектілікті есептеу, құрылғы комплектісінің ішіне салынған арнайы жасалған бағдарлама бойынша есептелді, бағдарламада үлгі кеуектерінде азоттың адсорбция және десорбция изотермалары есепке алынған.


2.7 Процестің негізгі сипаттамаларын есептеу әдісі
Төменгі алкандардың каталитикалық процесін сипаттайтын негізгі параметрлері болып өнім конверсиясы, өнімнің өнімділігі саналады. Шикізат конверсиясы - пайызбен алынған шикізаттың түрленген саны, берілген және жанама өнімдерінің шикізаттағы жалпы дәрежесін сипаттайды. Пропан және бутанның конверсиясы мына формуламен есептелді:


(1)

мұндағы: – реакторға кіретін бутан концентрациясы, 100% деп алынады. – реактордан шығатын бутан концентрациясы.


СМГ-да - алкандар мөлшері хромтографиялық әдістің әрбір сериясының алдында анықталған. СМГ да алдымен бутан көбірек тұтынылып, уақыт өткен сайын оның СМГ-дағы мөлшері кемиді де, пропан мен пропиленнің концентрациясы көбейеді.
Процесс газ тәрізді және сұйық катализат түзуімен жүргенде, өнім шығымы келесі жолмен есептелінді. Ол үшін реакцияға қатысатын заттардың массасын ( ) ескере отырып және түзілетін сұйық катализатты өлшеп, газтәріздес заттардың массасын есептеуге болады:
(2)

Одан әрі газ тәрізді және сұйық катализаттағы әрбір көмірсутектің мөлшеріне есептеу жүргізілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет