Педагогикалық қызметтің мұғалім тұлғасына әсері қандай? Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты – қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау.
Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына -дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуемттік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.
Педагогтың кәсіби қызметінің негізгі түрлері:
Тәрбиелеу- жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс
Оқыту-ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі
Білім беру-оқушылар меңгеретін білімдердің, қабілет-дағдылардың жүйеге келтірілетін жиынтығы
Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады.
Ауыл мектебіндегі мұғалім қызметінің спецификасы неде? Бүгінгі таңда ауыл мектептері болашақ ұлт мектебінің негізін қалаушы, ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын мекемелер болып табылады. Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму үдерісінде өнегелілік өлшемінен айрылған адамның ақыл-ойы, бағыт-бағдары санасының адасуынан зорлыққа, қатыгездікке ұрындырады. Оған қоса центризм, рационализм дәстүрлеріне бағдарланған қазіргі мектептерді шығыстық діл мен мәдениетіне бағыттап, озық адамгершілікті тәжірибелерді меңгеруіміз қажет. Оқушы жастарға жалпы білім негіздерін терең меңгертіп, белгілі кәсіби мамандықтарға баулуға ерекше назар аударумен қатар, жасөспірімдердің бойына өнегелілік сапаларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, халықтық этномәдени мінез-құлыққа тәрбиелеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды, игі мұраттарды ұстанатын, салауатты өмір сүретін тұлғаны қалыптастыруымыз қажет.
Ауылдық жерлердің спецификасын білім беру мен ағарту ісіне тиімді пайдаланудың маңызы зор. Ондағы табиғи-географиялық ортамен біте қайнау, сыртқы әлеммен тікелей байланыста болу баланың психо-физиологиялық дамуының шарты, фантазиясы мен шығармашылық қиялын қалыптастырудың негізі, әсемдік пен қоршаған ортаны құрметтей білудің эстетикалық және экологиялық тәрбиесінің мазмұны екендігін байыптап, іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Оған қоса тамаша табиғат аясы, әсіресе, әсем су айдыны бала қиялын тербеп, асқақ армандарға жетелеп жатқандай. Ауыл мектебінің оңы да, солы да орман және егіс алқаптарымен шектеледі. Мұның бәрі баланың табиғатты сүйіп, оның қадірін біліп, кітаптан оқығанын табиғаттан көріп, араласып өсуіне толық мүмкіндігін туғызады. Сонымен қатар оқушылардың бойында шынайы отансүйгіштік, табиғатты құрметтеушілік сапаларының қалыптасуына әсер етеді.