Педагогикалық техника — жеке балаға, сондай-ақ тұтас ұжымға тәрбиелік әсер етуге таңдаған әдістемелерді жүзеге асыратын білім, шеберлік, дағдылардың жиынтығы.
Педагогтың жұмысы тиімді болу үшін керекті шарт-педагогикалық техниканы жақсы меңгеруі. Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің құрамды бөлігі. Педагогикалық техника ұғымы ХХ ғасырдың 20 жылдары пайда болды, содан бері зерттелуде. Педагог оқушыларға ықпал ете отырып, оларға өзінің ой-пікірлерін, сезімдерін жеткізуге талпынады. Ал байланысты, ниетті, мақсат, ойларды, талап, нұсқау, ережелерді оқушыларға жеткізетін- сөз, тіл, жест, мимика. Педагогикалық техника мұғалімнің іс — әрекетінің ішкі мазмұны мен оның сыртқы әлпетінің үйлесімділік бірлігін сәйкестендіреді
Педагогтық шеберлік – рухани мәдениет пен педагогикалық мақсатқа сәйкес сыртқы мәнерлілік бірлігінде байқалады.
Олай болса, техника – тәсілдердің жиынтығы. Оның құралы – сөйлеу және невербальные средства общения.
“Педагогикалық техника” ұғымына екі компоненттердің тобын енгізу келісілген:
Бірінші топ компоненттері мұғалімнің өз мінез-құлқын басқара білу біліктілігімен байланысты:өз дене қимылдарын басқара білу (мимика, пантомимика);
көңіл – күйімен эмоцияларын басқара білу (артық психикалық қысымды болдырмау, шығармашылық көңіл-күй орната білу);әлеуметтік-перцептивтік қабілеттер (зейін, байқағыштық, қиял);сөйлеу техникасы (тыныс алу, дауысты қоя білу, дикция, сөйлеу екпіні).
Педагогикалық техниканың екінші тобы жеке тұлға мен ұжымға әсер ете білу және оқыту мен тәрбие үрдісінің технологиялық жағын аша білу біліктілігімен байланысты:
дидактикалық; ұйымдастырушылық;
конструктивтік; коммуникативтік біліктілік; талап қоюдағы технологиялық тәсілдер; педагогикалық қарым-қатынасты басқару; ұжымдық және шығармашылық істерді және т.б. ұйымдастыру. Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады.
Бақылау әдісі:
оқушылардың мінез құлқы мен жұмысын күнделікті қадағалау;
оқушылардың жолдастары алдын да өз жұмысы мен тәртібі жөнінде есеп жасаулары
Жобалар әдісі:
Оқушылардың білімдері мен дағдыларын үнемі күрделендіріліп отырылатын практикалық тапсырмаларды, яғни жобаларды жоспарлауы мен орындауы процесінде қалыптастыратын оқыту жүйесі. ХiХ ғ. екінші жартысында АҚШ-та пайда болған. 1920 жылдары кеңестік мектептерде кең қолданылған.