Тексерген: Айтжанова Мира Орындаған



бет2/4
Дата25.12.2023
өлшемі118,41 Kb.
#143238
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Ас қорыту жүйесі

Аузы » бұлшықетті жұтқыншақ » өңеш » кейбір түрлерінде жемсау » эктодермальді алдыңғы ішек » қарын » ортаңғы ішек » артқы ішек » қылаулатқыш. Тілі және тісшелері бар.Бездерінің секреттерінде 4% күкірт қышқылы бар.Энтодермальді ортаңғы ішектің бас жағы қапшық тәрізді қарынға айналған оған бауыр тармақтары ашылады,бауыр ішектің өсіндісі болып саналады.

Басының болмауына байланысты ауыз қуысы,жұтқыншағы,үккі,жақ аппараттары жоқ.Ауыз тесігі тікелей қысқа өңешке жалғасып қалта тәрізді қарынға өтеді.Қарынның бүйірінде қосарлы бүйрегі бар.Қарыннан кейінгі ортаңғы ішек,кейін артқы ішек.Ол жүректің қарынша бөлімін тесіп өтіп аналь тесігімен аяқталады.

Ауыз тесігі » жұтқыншақ » өңеш » жемсау » қарын » артқы ішек » тік ішек » аналь тесігі. Астыңғы және үстіңгі жағы,тілі,тістері бар.

Зәр шығару жүйесі

Бүйрек арқылы.Бір жұп бүйрегінен көп жағдайда тек сол жақ бүйрегі жақсы дамыған.Бүйрек ол түрі өзгерген целомодукт,оның бір ұшы кірпікшелі воронка түрінде перикардия немесе целом қуысымен жалғасып соңғы ұшымен мантия қуысына ашылады

Денесінің артқы бөлігінде V-тәрізді иілген жұп бүйрегі орналасқан.Бір ұшы перикардия қуысына,бір ұшы мантия қуысына ашылған.Бүйректен басқа Кеберов мүшесі де аталатын перикардиальді бездер де орындайды.Осы бездердің өнімдері перикардия қуысына түсіп,бүйрек түтіешесі арқылы сыртқа шығады.

Барлық моллюскаларға тән түрі өзгерген целомодукталардан немесе бүйректерден тұрады.Бүйректері бір бірінен жекеленген,кейде жанасқан кеңейген ішкі ұштарымен перикардия қуысына , сыртқыларымен мантия қуысына ашылады.

Тыныс алу жүйесі

Көпшілігі желбезекпен тыныс алады.Алғашқы немесе нағыз желбезектер ктенидиялар жұп мүше ретінде мантия қуысында орналасады.Құрлықта тіршілік ететін бауыраяқтыларда ктенидия жойылған,ал тыныс алуы өкпе арқылы өтеді.

Алғашқы желбезектер немесе ктенидиялар атқарады.Тақтажелбезектілердің ктенидиялары қарапайым қосарлы қауырсын түрінде дамыған.Жіпжелбезектілерде жапырақшалары ұзарып,желбезек жіпшелеріне айналған.Қалқажелбезектілерде редукцияға ұшырап қалқа дамыған.

Желбезектер немесе ктенидиялар атқарады.Төртжелбезектілер немесе қосжелбезектілер болып бөлінеді.Желбезектері жұп қауырсын түрінде дамыған.Желбезек жапырақшалары екі жағынан көлденең қатпарланған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет