11
авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолдану сценариі тӛмендегідей:
Файлға жаңа нұсқау енгізу: файлға жаңа нұсқау енгізу үшін пайдаланушы
файл атауын, түсіндірмені, сақталуы мерзімін енгізу керек және жүктеу үшін
файлды таңдау керек. Нұсқау нӛмірі, енгізу күні және құрушы ӛрістері
автоматты түрде қалыптасады.
Файлды енгізу: файлды енгізу үшін пайдаланушы файл атауын,
түсіндірмені, сақталуы мерзімін және жүктеу үшін файлды таңдау керек. Енгізу
күні, файл ӛлшемі, және құрушы ӛрістері автоматты түрде қалыптасады. Файл
жүйенің барлық пайдаланушыларына қолжетімді.
Енгізілген файлдарды қарап шығу: пайдаланушы ӛзі енгізген файлдарды
қарап шығуына болады, сол кезде тізім, яғни әрбір файл туралы ақпаратты
қарап шығуға мүмкіндік беретін, файлдың атауы берілген, енгізілуі күні,
ӛлшемі, түсініктемелері және сақталуы мерзімі кӛрсетілген кесте бейнеленеді .
Файлға тапсырма енгізу: пайдаланушы тапсырма типі мен орындаушысын
таңдап, файлға тапсырма бере алады. Тапсырманы енгізген пайдаланушы ӛрісі,
орындалу кезегі және тапсрыманың орындалуы туралы ақпарат автоматты
түрде жүйемен сүйемелденіп отырады. Тапсырма автоматты түрде
орындалмаған болып орналасады.
Пайдаланушылар тапсырмасын қарап шығу: пайдаланушыға орындауға
арналған файлға тіркелген барлық тапсырмалар бейнеленеді. Әрбір тапсырма
бойынша келесідей ақпаратты кӛруге болады: тапсырма мәтіні, ол қандай
файлға тіркелгенін, кім енгізгенін, және тапсырманың орындалуы туралы
белгіні.
Енгізілген тапсырмаларды қарап шығу: пайдаланушы басқаларға
меншіктеген файлға тіркелген барлық тапсырмалар бейнеленеді. Әрбір
тапсырма бойынша келесідей ақпратты кӛруге болады: тапсырма мәтіні, ол
қандай файлға тіркелгенін, кім енгізгенін, және тапсырманың орындалуы
туралы белгіні.
Тапсырманың орындалуы туралы белгі: файлға тапсырманы енгізген
пайдаланушы және кім тапсырманы алса, жұмыс аяқталғаны бойынша
тапсырманың орындалуы туралы белгіні қою мүмкіндігіне ие болады. оң белгі
жағдайында, яғни тапсырма орындалғанда, ағымдағы тапсырманы қойған
пайдаланушы e-mail-на тапсырма орындалды деген хабарлама келеді, ал оның
орындауға арналған тапсырмасының тізімінде тапсырманың орындалғандығы
туралы белгі бейнеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: