Тексерген: Давлеткалиев Б. Ш



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата27.11.2023
өлшемі250,66 Kb.
#130026
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
МаулетАқниетГосРегСРС

 
 
 


3
КІРІСПЕ 
Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен 
шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін 
бағалау жер учаскесінің кадастрлық дерегін береді, яғни мемлекет 
аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы туралы 
мәліметтер жүйесін - жер кадастры деп атаймыз. 
Жер реформасының негізгі түпкі мақсаты – жерді барынша тиімді 
пайдалану, яғни ауылшаруашылық мақсатындағы жерде еңбек етіп 
жүргендердің мейлінше мол, жоғары саналы ауылшаруашылық өнімін өндіру. 
Соның нәтижесінде аса маңызды заманауи мәселелердің бірі – елдің азық-
түліктік тәуелсіздігін шешу. Ол үшін қазіргі нарықтық жағдайда, жер 
мүлтіксіз сапалық және сандық жағынан есепке алынып, бағаланатын және 
реттелетін өндірістің жалпы құралы және жылжымайтын мүлік ретінде 
танылуы тиіс. Сол кезде аграрлық секторда маңызды міндеттердің шешімі 
табылып, жер үлесінің меншік иелері иелену құқығын толық жүзеге асырып, 
жер тиімді шаруа субъектілеріне өтетін болады. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


4
 
 1. Жер кадастры дамуының теориялық және әдіснамалық негіздері 
1.1. Жер кадастрының теориялық негіздері 
«Кадастр» сөзі латынның «саріtastrum» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз 
«салық салынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. Осыған байланысты 
әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр) 
айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман 
және т.б. кадастрлері деп бөлінді. Сонымен жақты түсінікте жер кадастрі - жер 
салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте - жерге салық салу 
үшін туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және 
бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әректтер жүйесі. Кадастрлердің 
басқа түрлерінен жер кадастрі өзінің объектісімен (жер - өндіріс құралы және 
материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді.
Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның 
мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. 
Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді 
меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол аркылы 
пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады. 
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үйлестіру жерлерді 
пайдалану мен қорғауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге 
де функцияларын бақылауды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету 
мақсатымен жердің жай-күйін жүйелі қадағалап отыруға, ондағы болып 
жатқан өзгерістерді анықтау мен оларды бағалау жер мониторингінің 
мазмұнын құрады. Жерлерді тиімді пайдалану мен қорғау барысын 
мемлекеттік бақылау мақсатымен республикамызда жер қорларын басқару 
жөніндегі Агенттік қүрамында Мемлекеттік жер инспекциясы құрылды. 
Жер адамзат үшін тіршіліктің басты көзі, қоршаған орта, барлық өндіріс 
түрлерін, іс-әрекеттерін жүргізетін, қоректік қажеттіліктерін табатын, үй-жай, 
қызмет орындарын орналастыратын жалпыға бірдей базис болып табылады. 
Жер адамзаттың тіршілік үшін әрекеттерінің кеңістік орны ретінде және өзінің 


5
табиғи жаратылысының әмбебаптығынан жерді меншіктеу мәселесі өте 
күрделі және көпжақты.
Табиғи игіліктерді игеру үшін адамдар бір-бірімен өзара қоғамдық 
қатынастарға түседі. Бұл қатынастардың негізгі мәні материалдық игіліктерді 
меншіктеп алуда. Сондықтан түрлі елде жер қатынастарының дамуы әртүрлі. 
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жерге орналастыру, жер кадастры 
және жер ресурстарын пайдалану қатынастарында мемлекеттік және 
жекеменшіктік иелік қатар дамуда. Меншіктің барлық түрлеріне бірдей құқық 
құзіреті тән, бірақ мазмұндары мен аумақтары әр түрлі. Жерді пайдаланудың 
мақсаттарына сәйкес оның негізгі міндеттері туындайды. Олар жер 
қатынастарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптерін көрсетеді. 
- Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу;
- Жерде шаруашылық жүргізудің барлық түрлеріне бірдей даму 
жағдайларын туғызу;
- Жердің тиімді пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыру;
- Табиғи ортаны сақтау және тұрақты жақсарту;
- Нарықтық қатынас уақытында жерді жылжымайтын мүлік ретінде 
қалыптастыру және дамыту.
Жерді пайдаланудың мақсат-міндеттеріне қарай әрбір кезеңде оның 
өзіндік мазмұны қалыптасады. 


6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет