Тексерген: Едильбаева С. Ж


К. Ясперстің «Университет идеясы»



бет2/3
Дата07.09.2023
өлшемі145,88 Kb.
#106384
1   2   3
1.К. Ясперстің «Университет идеясы» 
Карл Яперс жоғары мəдени идеалдарға жүгіне отырып университет концепциясын ұғындырады. Карл Ясперс гуманизм принципін университеттің имманентті мəні деп қабылдады. Оның ойынша, университеттер, қоғам мен мемлекеттің өзіндік дəуір санасын дамытатын орын болып табылады. Идея университеттің зерттеушілік қызметінен көрініс табады. Себебі шындыққа жету барысында жеке даралық қалыптасады. Университеттің міндеті мен басты құндылығы – шындыққа жету, ғылыми зерттеулер арқылы шындықты табуға оқыту, үйрету. Сол арқылы К. Ясперс зерттеушілік университет идеясын жаңғыртады. Университет идеясы зерттеу, оқыту мен тəрбиелеу секілді құраушылар арқылы сипат алады. Ясперстік білім беру философиясының басты идеялары ой жүйесіндегі 
жалпы контекстен көрініс береді және олар актуальды проблемаларға 
жатады. Карл Ясперстің универсиеттік білім беру міндеттері туралы 
түсініктері де актуальды сипатта. Оның университет идеясы философиялық 
рефлексияға жатады. Бұл біздің еліміздегі университеттерді қазіргі заманғы 
реформалауға байланысты алып қарағанда да сол сипатымен көрінеді. Олидея бойынша, университет профессорлар мен студенттердің тең
құқықты болатын және ақиқатты ғылым жәрдемімен еркін түрде 
іздестіретін орын болып табылады. "Университеттегі барлық маңызды істердің алғышарты зерттеушілер, сабақ берушілер, оқыпүйренушілер (және жекелеген реформалаушы профессорлар мен мемлекет қайраткерлері) арқылы 
өтетін, басқа жақтан келген ақиқаттың өз идеясы болып табылады.
К. Ясперс бұл үш құндылық бағдардың бірлігін университеттің рухани құндылығын құраушылар ретінде мойындайды. Ол университетті əрі зерттеу институты, кəсіби мектеп жəне мəдениет орталығы ретінде қарастырады .
Гумбольдтық жобаның негізгі белгілерімен Карл Ясперс пайымдаулары толықтай үйлеседі. Ол "Уақыттың рухани жағдаяты" атты еңбегінде
былай деп жазады: "Болмыс формасы ретіндегі білім берудің өзегі, 
"стержені" бар, ол ойлай білу түріндегі тәртіп. Ал мұның ортасы ілім 
түріндегі білімділік. Оның материалы өткеннің образдарын пайымдау, 
қажетті маңызды көзқарастар ретіндегі таным, мәселенің мәнін түсіну
және тілдерді игеру" деп есептеген.
Х. Ортеги-Гассет пен К. Ясперс концепциялары алдыңғылар секілді еуропалық ойдың ғасырлық тарихындағы классикалық университет идеясы тұрақты еместігін, оның ұлттық дəстүрлерді синтездеу арқылы жəне білім мен мəдениет саласындағы жаңа тəжірибелерді ұғыну арқылы тарихи дамитындығын баяндайды. Университет руханилық пен жоғары мəдениеттіліктің үлгісі мен идеалына бағдарланған, сол себептен университетте мəні бірегей. Университеттің идеалды бейнесі сол білімдендіру мекемесінің іс-əрекетінің жоғары нормативті жəне құндылық деңгейімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет