Ашық сұрақ. Біреудің ойын немесе біреудің я бірдеңенің жайын, бар – жоқтығын білу мақсатымен айтылған сұраулы сөйлемдерде сұрау ашық қойылады: Ашық мəнді сұраулы сөйлемдердің баяндауыштарына ой екпінін түсіре, сұраққа жауап алу үшін бір сөйлемде сұрақ кейде екі рет айтылады. Ондай екі рет айтылатын сұрақтар көбінесе біріне –бірі қарсы мəнді сөздер болады. Сұраулы сөйлемнің сондай экспрессивті мəнін күшейту бір сұрақ қазбаланып кейде бірнеше рет қойылады.
2) Қарсы сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдерге ашық жауап берілмей, сұраққа сұрақ түрінде де жауа беріледі де, қарсы сұрақ қойылады.
3) Күмəнді сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдер бірдеңенің жайын білуді ғана көздеп айтылмай, айтушының бірдеңеге күманданғанын да білдіреді: Ондай əрі сұраулы, əрі күмəнді сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ма-ме…екен, екен –ау жəне ə деген сөздер болады.
4) Таңырқаулы сұрақ. Баяндауышының құрылысы күмəнды сұрақ формаларында немесе демейсің деген сөзбен келетін сұраулы сөйлемдер кейде бірдеңеге таңдану, таңырқау мағынасында да айтылады. Ондай сөйлемдер əрі сұраулы, əрі лепті болатындықтан, жазуда олардан соң сұрақ белгісі мен леп белгісі қатар қойылады: Сізде де арман бар ма екен?! Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?! Жоғары сұраулы сөйлемдердің ішінде кісінің көңіл күйін білдіретін одағай сөздер болса, сұраулы сөйлемдердің мазмұнына тағы басқа эмоциялық реңк қосыла береді.
5) Риторикалық сұрақ. Кейбір сұраулы сөйлемдер жауап күту мақсатымен айтылмай, бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен де айтылады. Ондай сөйлемдерде риторикалық мəн болады. Риторикалық сұраулысойлемдер көркем əдебиетте жиі қолданылады.
Риторикалық сұраулы сөйлемдер кейде салалас құрылмас сөйлемнің құрамына енгенде құрмаластың аралығында əйтеуір, қалайда деген сөздер қолданылады: Əлде ақсиған тістері ме, əлде ақ көңілдігі ме, əлде қабағына қақ тұрмайтын ойнақлығы ма? - əйтеуір Шеген мені біржола тартып əкетті.
Р.Әмір болса, сұраулы сөйлемдерді мағыналарына, ішкі логикалық мазмұнына қарай да бөледі: жалпы сұрақ(ашық) және альтернативтік сұрақ, риторикалық сұрақты, түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер.
1. Ашық сұрақты білдіретін сөйлемдерге Р.Әмір: сұраққа негіз болып сұрақ жалпы ашық түрде қатысатын сөйлемдерді жатқызады. Мысалы: Ал не істейміз? (С.Мұрат). Ашық сұрақты өз ішінен Субьектінің іздеулі екенін білдіретін сөйлемдер (Кім келді? Не құлатқан мұны?) және предикативтік іс-әрекеттің, сапаның, сынның іздеуді екенін білдіретін сұраулы сөйлемер (Сондағы айтпағың не?); Іс-қимыл обьектісінің іздеулі екенін білдіретін (Кімге жолықтың?); Іс-қимылдың сапасының, себебінің, мекенінің, мезгілінің іздеулі екенін білдіретін (Олар не үшін келді?); Зат сапасының, сынының, санының іздеулі екенін білдіретін сөйлемдергі бөлді (Қанша кісі жұмысқа шықты?)
2. Альтернативтік сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Ашық сұрақта іздеулі мүші толық белгісіз болып, сұрақ жалпы, ашық түрде қойылса, алтернативтік сұрақта іздеуге із, жоба болып альтернатив сапа, іс аталады. Ол сапа, іс атаулы сөздер арқылы көрінеді де, олардың сұраулық мағынада айтылып тұрғанын шылау ма, ме, ба, бе, па, пе білдіреді. Альтернативтік сұрақты білдіретін сөйлемдер баяндауыш мүшенің аталған шылауларды үстеуі арқылы жасалады. Осы кезге тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба?
3. Риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Сұраулы сөйлем формасы хабар ретінде айтылған пікірді білдіру үшін жұмсалатыны бар. Мысалы, Сөйлетіп отырсыз ба? Ол мұндайдан қалған ба?
Дауыс ырғағының қатысуы жағынан жай сұраулы сөйлемге ұқсас болғанымен, риторикалық сұрақ ерекше жігермен, екпінмен айтылады.
4. Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер. Бұл сөйлемдер формасы тыңдаушыны бір іске қосу, жұмсау үшін де пайдаланылады. Үй құрғыр азынап кетті ғой, тағы бірдеме тауып жағасың ба? (Б.М)
Пайдаланылған әдебиеттер:
Балақаев М. Және Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997
Р.Әмір Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996
Аманжолов С. Қазақ тілі синтаксисінің ғылыми курсы. – Алматы. 1940. 105-106 бб.
Сауранбаев Н. Қазақ тілі синтаксисі. Алматы, 1953. 151-152 бб
Балақаев М. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы. 1941. 5-бет
Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1954, 370-б.
Достарыңызбен бөлісу: |