Курстық жұмыс
Тақырыбы: Биомасса - энергия көзі
Орындаған: ТЭК-210 тобының студенті Әбжетов Д.Н.
Тексерген: х.ғ.к. доцент Сатыбалдин А.Ж.
Қарағанды - 2017
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
Физика-техникалық факультеті
Ақылбаев Ж.С. атындағы инженерлік жылуфизика кафедрасы
Мақсаты
Мақсаты
Бұл жұмыстың мақсаты қазіргі кезде әлемдік проблемалардың бірі энергия тапшылығын жою үшін қолданылатын әдіс тәсілдерді қарастыру.
Осы мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылды:
Жаңғыртылатын энергияның бір түрі биомассамен танысу;
Биомассаның түрлерін қарастыру
Биомассалардың экономикалық пайдасы.
Биомасса (гр. bios - өмір және масса) — бір түрдің, түрлер тобының немесе бүтіндей бірлестіктердің (өсімдік, микроағза және жануарлардың) тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы массасы.
Биомасса жанғыш тақтатастар, уран, көмір, мұнай және табиғи газдан кейін қазіргі уақытта қол жетімді энергия көздерінің алтыншы қоры. Шамамен жердің толық биологиялық салмағы 2,4•1012 тонна мөлшерімен бағаланады. Биомасса тікелей күн, жел, су және геотермалды энергияларынан кейін өнімділігі бойынша бесінші жаңартылатын энергия көзі, жыл сайын жер бетінде шамамен 170 млрд тонна бастауыш биомасса өндіріледі және шамамен сол мөлшер жойылады.

Биомассаның энергетика саласындағы қолдануы
Қазіргі таңда биологиялық отын (биомасса) қорын дамыту дүниежүзінің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Дәстүрлі энергия көздері (көмір, мұнай, газ) арқылы болашақты елестету мүмкін емес. Сонымен қатар биоотын құрамына биогаз, биодизель, биоэтанол кіреді.
Биогаз — қатты және сұйық күйдегі органикалық қалдықтардың метандық ашуы кезінде түзілетін жанғыш газ. Биогаз ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсіптерінің қалдықтары ашығанда, ақаба суларда түзіледі. Оның құрамында 55 — 65% метан және 35 — 45% көмір қышқыл газы болады.
Биогаз — отын мен электроэнергия үнемделеді;
— тыңайтқыш үнемделеді;
— биогаз қондырғылары бір жыл шамасында шығымын өтейді;
— органикалық қалдықтар жинақталмай, қолданылуына байланысты, ауа тазартылып, респираторлық және көз аурулары азаяды;
— экологиялық таза тыңайтқыш қолданылуына байланысты экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерден денсаулық жақсарады;
— тезек, көмір, ағаш отынды жинауға, тасымалдауға, кептіруге жіберілетін уақыт, қаржы үнемделеді және сақтау орны қажет болмайды.