Экономикалық пайдасы: Биодизель – өсімдік және жануарлар майын химиялық жолмен өңдеу арқылы алынатын экологиялық таза дизельдік қозғалтқыштарға арналған отын. Ол дизельдік отынды толығымен алмастыра алады. Биодизель зерттеулер жүргізу барысында байқалғандай суға араласқанда өсімдіктер мен жануарларға зиянын тигізбейді.
Биодизель
Еуроодаққа мүше елдерде 1992 жылдан бастап биодизель өндіріле бастады. 2008 жылдың соңында Еуроодаққа мүше елдерде жалпы есеппен жылына 16 млн тонна биодизель шығаратын 214 зауыт салынды. 2010 жылдың шілдесінде бұл елдерде жылына 22 млн тонна биодизель өндіретін 245 зауыт жұмыс істеді.
АҚШ-та 2004 жылдың қазан айында 567 млн литр биодизель өндірді. 2008 жылдың ортасына қарай АҚШ-та жылына 7,669 млрд литр өндіретін 149 биодизель зауыты жұмыс істеді.
2010 жылы әлемде биодизель өндіру 12%-ға артты.
Кері жақтары
Биодизельдің өндірісі үлкен аумақты алады.
Сақтау мерзімі 3 ай.
Қыс уақытында жылытып отыру керек.
Биоэтанол – толығымен ылғалсыздандырылған таза этил спиртi. Ол бензин құрамындағы октан санын көтередi, өз ретiнде мұндай қоспасы бар отын қоршаған ортаға лас қалдықтарды 40-80 пайыз аз шығарады. Бензиндi үнемдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн қоспа мұнай химия өндiрiсiнде де кеңiнен қолданылуы мүмкiн.
Биоэтанол
Биоэтанол - үлкен қалалар үшiн таптырмайтын отын көзi.
Жалпы автокөлiктер саны жылдан жылға көбейiп келе жатқан мегаполистер үшiн бұл таптырмайтын қоспа. Биоотынды рапс, бидай, қант құрағынан, жүгерiден алуға болады. Қазақстанда осы өсiмдiктер өсiрiледi десек, шикiзат көзi жағынан еш тапшылық болмайтыны
анық. Рапс майынан биодизель өндiруге болады, ал биоэтанол бидайдан және жүгерiден алынады.
Биоотын – биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын. Тағы да басқа целлюлозадан және органикалық әртүрлі типті қалдықтардан алынып бағытталған әр түрлі дәрежедегі өңделген жобалар кездеседі, бірақ бұл технологиялар әлі бастапқы кезеңдегі өңдеуде. Био отындар сұйық түрде (іштен жану қозғалтқыштарына арналған, мысалы, этанол, метанол, биоотын), қатты отын (ағаш, шымтезек, отынды гранулалар, жаңқа, сабан, қауыз) және газ тәрізді отындар (биогаз, сутегі).
Биоотын
Егер биоотынның өндірілуі тоқталатын болса онда мұнай және бензин бағалары 15%-ға көтеріліп кетуі мүмкін. Әлем бойынша биоотынды өндіруге ауыл-шаруашылық жерлердің 385-472 миллион гектар жерді пайдалануға болады. Егер осы жерлерде өнім өндіру шикізатын өсірсе биоотынның үлесі әлемдік энергетикалық балансты 8% көтереді. Транспортты отын үлесі 10%-дан 25% дейін құрайды.
Биоотынның экономикалық тиімділігі