Тексерген: Имаханбет Райхан. Филология ғылымдарының кандидаты



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата07.01.2022
өлшемі304,2 Kb.
#18162
1   2   3   4   5   6   7
Көктөбедегі  кездесу»  пьесасы  –  көпшілік  жүрегінен  ұмытылмастай  орын 

алған шығарма. Пьеса оқиғасы бірі ғылым докторы, бірі жазушы-журналист, 

бірі мұғалім, бірі агроном – бір сыныпта оқыған, майданда бірге болған төрт 

азаматтың  және  олардың  әйелдері  мен  мектептегі  ұстазының  Көктөбе 

басындағы  кездесуіне  құрылған.  Қаламгерлер  сыныптас,  майдандас 

азаматтардың  бұлай  Көктөбенің  басында  бас  қосуын  Жапон  еліндегі 

буддистердің Фудзияма тауының басына шығып, өмірде пендешілікпен еткен 

күнәларына  өкінішін  білдіріп,  Құдай  алдында  арылу  рәсімімен 

сабақтастырады. Алайда Кеңестік дәуірдің төл перзенттері өздерінің адал да, 

ерекше дарынды бесінші досы Сабырға жасаған қиянаттарын ағынан жарылып 

мойындауларына  шамалары  келмейді.  Осы  отырған  төртеуге  ғана  мәлім, 

ешқайда  жарияланбаған  жырлары  үшін  тұтқындалған  Сабырға  опасыздық 

жасаған адам да осы Көктөбенің басында отыр. Бірақ кім екені белгісіз, бірінен 

бірі  күдіктенеді,  бірін-бірі  сөзбен  түйрейді.  Бәріне  ортақ  тағы  бір  күнә  – 

бәрінің де Сабырды ақтауға, арашалауға тырыспауы, тіпті ол ұзақ жылдардан 

кейін  елге  оралғанында  онымен  ешкім  араласпай,  маскүнемдікке  салынып 

кетуіне  жол  беруі.  Қаламгерлер  күні  бойы  адалдық,  адамгершілік  туралы 

айтып  керілдескен  жандардың  бетперделерін  олардың  күш  сынасып 




лақтырған  тастарынан  байқаусызда  төменде  қаза  болған  әйелдің  өліміне 

қатысы барларын мойындаудан да тартынған әрекеттері арқылы ашып береді. 

Осынша жасқа келген қазақтың интеллигент азаматтары қаза болған жанның 

жақындарынан кешірім сұрауға да жарамайды. Авторлар бұл шығарма арқылы 

Кеңес  дәуірінде  қазақ  қоғамында  белең  алған  рухани  дерттің  сипаттарын 

толық  ашып  береді.  Шығарма  адамдарды  өз  жанының  тереңіне  үңілтуімен 

немесе  бір  биіктен  өз  өмірінде  істеген  пендешіліктеріне  көз  жүгіртіп,  өзін 

тануға ұмтылдыруымен құнды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

Әдебиеттер тізімі 



1. Ефимов А.И. Стилистика художественной речи. –М., 1957. — С. 15. 

2. Сыздық Р. Сөз құдіреті. –Алматы,1997. — 47-б. 

3. Серғалиев М. Стилистика негіздері. — Астана, 2006. — 62-б. 

4. Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. 

— Алматы, 1972. — 34-б. 

5.  Шойбекова  А.А.  Жағымсыз  эмоцияны  білдіретін  сөз-сөйлемдер  // 

ҚазҰУ хабаршысы. Филол. сер. — № 4(94). —2006. —60-б. 

6. Қайдаров Ә. Шығарма тілі — көркем әдебиет өзегі // Өнер алды — 

қызыл тіл: Мақалалар жин. — Алматы, 1986. 

7. Сыздықова Р. Сөз өнері. (Тіл мәдениеті туралы мақалалар жинағы). — 

Түркістан,  2006.  —  86-б.  8.  Бүркіт  О.  Қазақ  тіліндегі  қайталамалардың 

лингвостилистикалық жүйесі: Филол. ғыл. докт...дис. — Алматы, 2002. — 292-

б.__ 

1  Ахтанов  Т.  Махаббат  мұңы:  Таңдамалы  шығармалар.  –  Алматы:  Раритет, 



2005 – 288 б. 


2 Жұмағалиев З.Т. Шындық және көркем әдебиет. Оқулық. – Қарағанды: 

ҚарМУ баспасы, 1993 – 216 б. 

Ахтанов  Т.  Бес  томдық  шығармалар  жинағы  .  -  Алматы:  Жазушы. 

Пьесалар. 1984. - 448 б.  



    Нұрғалиев Р. Айдын. Алматы: Өнер, 1980 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет