Тексерген: Имаханбет Райхан. Филология ғылымдарының кандидаты


Бөлтірік  бөрік  астынданың



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата07.01.2022
өлшемі304,2 Kb.
#18162
1   2   3   4   5   6   7
Бөлтірік  бөрік  астынданың»  басты  кейіпкері 

Сапар – жылпос, опасыз, өмірді алдау мен арбауға құрып үйренген адам. Ол 

ауылда  әйелі  бола  тұрып,  қалада  үйленеді.  Автор  осыны  әшкерелейді.  Оны 

«Бөрік астындағы бөлтірікке» теңейді. Қала қыздарының қазақ тілін білмеуін 

күлкі етеді. Ал, «Құдағи келіпті» пьесасында адамның отбасындағы тіршілігін 

суреттей отырып, қаланың тоғышар, сәнқұмар әйелдеріне еліктеген сауатсыз 

ауыл әйелі Айжанның қызын күйеуінен айырып алмақ болған ісі мен қылығын 

күлкі етеді. 



«Қуырдақ дайын» пьесасында Ережеп, Жақан сияқты өмірде өз орны 

жоқ,  әркімге  сүйеніп  күн  көрген  мүсәпір  адамдардың  майысқақ,  жұрттың 

бәріне  жақсы  көрінуге  тырысқан  қылықтарын  суреттеуді  көздеген.  Бәрі  де 

күлкіге  арқау  боларлық  дүниелер.  Автордың  үш  пьесасы  да  кезінде  театр 

сахналарынан 

қойылды. 

«Шыңдағы 

шынар», 


«Айман–Шолпан» 

киносценарийлерінің 

де 

авторы. 


А.Қаһардың 

«Ауру 


тістерін», 

Ш.Айтматовтың  «Ана–Жер–Ана»,  «Арманым,  Әселім»  пьесаларын,  «Ақ 

кеме»  повесі  және  Шығыс  классикасының  «Мың  бір  түн»  ертегісін  (1-4-

томдарын)  қазақшалады.  1978  жылы  «Жазушы»  баспасынан  таңдамалы 

шығармаларының  екі  томдығы  жарық  көрген.  1998  жылы  таңдамалы 

шығармаларының  3  томдығы  шықты.  Ол  драмалық  шығармаларында 

диалогты,  диалогтың  даралану  заңдылықтарын,  диалогтар  даралығы 

бәсекелестігін  шебер  пайдаланды.  Оның  комедиялық  және  драмалық 

туындыларының  қай-қайсысында  да  қазақ  қоғамында  рухани  дерттің  белең 

ала бастауы кеңінен қамтылып, қазақ халқының Кеңес дәуіріндегі алмағайып 

тағдыры,  ұлы  тұлғалардың  трагедиялық  бейнесі  айқын  көрініс  тапты.  Карл 

Маркстың  «Капиталын»  үш-ақ  ауыз  сөзге  сыйдырған  сатира  саңлағының 

қырғыздың  әйгілі  жазушысы  Шыңғыс  Айтматовпен  бірлесе  жазған 

«Көктөбедегі кездесу» пьесасының алар орны ерекше. Бесіктегі кезінен күмән 

еміп өскен ұрпақтың күйік пен күдікке толы күйкі болмысынан сыр шертеді. 

Қазақстанның Халық жазушысы (1992). «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы, 

«Парасат»  ордендерімен,  сондай-ақ  бірқатар  мемлекеттік  жоғары 

марапаттарға ие болған. 

 

 

 



 

 

 



 

 

Қалтай  Мұхамеджановтың  Шыңғыс  Айтматовпен  бірге  жазған 



«



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет