Тексерген: Имаханбет Райхан. Филология ғылымдарының кандидаты



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата07.01.2022
өлшемі304,2 Kb.
#18162
1   2   3   4   5   6   7
III. Қорытынды бөлім 

IV. Пайдаланылған әдебиеттер 

 

Сәкен  Жүнісов  бірыңғай  жазушылықпен  айналысқан  жарты  ғасырға 

таяу  шығармашылық  өмірінде  қазақ  әдебиетін  өркендетуге  өлшеусіз  үлес 

қосты.   

 

Сәкен  Жүнісовтің  қаламынан  туған  таңдаулы  шығармалары  қазақ 



әдебиетінің  алтын  қорынан  берік  орын  алған  құнды  дүниелер  болып 

табылады.  Ол  өз  замандастарының  арасында  ауқымды  шығармашылық 




қарымымен де, біртуар азаматтық болмысымен де ерекшеленетін. Туған халқы 

талантты  перзентін  сан  қырлы  өнері  үшін  Сәкен  сері  атап,  аялап  еркелетті. 

Оның  озық  туындылары  халқының  рухани  қазынасына  айналып,    болашақ 

ұрпақтармен бірге жасай береді. Сәкен тірлігінде көп еңбектенді, мол жазды. 

Әдебиеттің қай жанрында да көсіле қалам тербеген Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов 

жазып  қалдырған  алтын  қазына  былайғы  уақытта  жұртымен  бірге 

жасайтынына күмән жоқ. Өмірдің өз шындығы бар. Өнердің өз талабы бар.            

 

Өмірді бар болмысымен өнерге  тели сапсақ, мәдениет пен әдебиеттің, 



жалпы  рухани  саламыздың  қайсыбір  принциптерімен  санаспағандығымыз 

болар еді. Рухани өмір келбеті қоғамның, адамзаттың  білім-парасат 

деңгейімен  өкшеленеді.  Демек,  өмір  детальдарын,  тұрмыс  суреттерін  жиі 

сұрыптап,  кісі  қажетіне  жаратар  тұстағы  суреткер  жауапкершілігі,  қаламгер 

талғамы мүлдем қатаң.   

 

   



 

 

 



 

 

 



Бір  қазақ  Сәкендей-ақ  болсын,  халқын,  ұлтын  сүюден  айнымай  өткен 

Сәкен  серіге  бұл  жалған  дүние  разы  болуға  да  тиісті.

 

Сәкен  ұлттық 



сахнамыздың сәні боларлықтай талай бір тамаша пьесаларды өмірге келтірді. 

«Ажар  мен  ажал»,  «Тұтқындар»,  «Жаралы  гүлдер»,  «Әр  үйдің  еркесі», 

«Қызым, саған айтам», «Кроссворд», «Өлара», «Қысылғаннан қыз болдық», 

«Қос анар», «Кемеңгерлер мен көлеңкелер» деп аталатын көп жанрлы дүниелер 

көптеген  театрларымыздың  шығармашылық  шырайын  кіргізіп,  бірнеше 

режиссер, актерлеріміздің шеберлік мүмкіндіктерін көрермен қауымға әйгілеп 

берді. Мәселен, «Ажар мен ажал» пьесасы кезінде академиялық театрымыз 

сахнасында  табыспен  жүріп  өтті.  Авторды  Бүкілодақтық  сыйлық  деңгейіне 

көтерген  де  осы  шығарма.  Оның  жөніде  бар.  Шығарма  шымыр  да  ширақ 

жазылған. Жалпы, кейіпкер мінездемелерінің кілтін іздеп табудағы Жүнісов 

шеберлігі ерекше. Сол характерлерді тауып қана қоймай, олардың сахналық 

қақтығысын, пікір, ой таластарын пьеса арқауынан алыстатпай, бір деммен бір 

қолда ұстап отыру аз жүк емес. Оқиға өрбуін жіті бақыламаған кісіге аталмыш 

пьеса  Ажар  өмірінің  жай  ғана  хроникасы  болып  көрінуі  мүмкін.  Ал 

шындығында  қаршадай  кезінен  егде  тартқан  шағына  дейін  өмірдің  талай 

тауқыметін бастан кешірген Ажар драмасы қазақ әйелі жүріп өткен қарапайым 

өмірбаян тізбегі емес. Керісінше, шығармада Ажар өмірі сол кезеңдегі халық 

тұрмысының  айнасы  іспетті  немесе халық  кегі,  халық ұмтылысы Ажар  жан 

дүниесінің  толысуы  сияқты  боп  дамып  отырады.  Жауқазын  жастығын 

жаралаған  Атан  мырзаға  деген  Ажардың  ыза-кегі  пьесаның  динамикалық 

тұрғыда қызғылықты дамуына тамаша әсер етіп отырады. Шыдамның да шегі 

бар  емес  пе?  Қатерге  басын  тіге,  жалаға  тура  қараған  Ажар  Атанды  шауып 

өлтіреді.  Бұған  дейінгі  «тек  жауымнан  кегімді  қайтарсам»  деп  жанталасқан 

Ажар  әрекетінің  шарықтау  кезеңі  де  осы.Оқиғасының  осындай 

тартымдылығынан да болар, «Ажар мен ажал» республикамыздың бірді-екілі 

орыс  театрларының  сахнасынан  да  орын  алды.  Сәкен  Жүнісовтің  алғашқы 

пьесаларының өзін оқи отырып, біз оның сахна ерекшеліктерін жете меңгеріп, 




аңғаратындығының  куәсі  болдық.  Неге  десеңіз,  ол  біраз  жылдар  бойына 

академиялық  театрымыздың  әдебиет  бөлімін  басқарған,  бәлкім,  оның  да 

пайдасы тиген болар.    

 

 



 

 

 



 

 

 



Оның драматург ретінде өсіп-жетіліп келе жатқандығын айқын анықтап 

берген  бір  шығармасы  –  «Қызым,  саған  айтам».  Аталған  пьеса  Қазақстан 

театрлары  сахнасын  тегіс  аралап  шықты.  Автор  бұл  шығармасында 

моральдық-этикалық проблемалар көтереді. Рәзия деген жеңілтек те желөкпе 

қала  келіншегінің  арзан  да  сұрқай  жан  дүниесін  көрсете  отырып,  автордың 

мезгер  түйінінен  ұққанымыз  –  «Ойнақтаған  от  басар»  деген  мәтелдің 

шындығына  көз  жеткізу.  Рәзия  жарымжан  болса,  Құмар  жынданып  кетті. 

Әрине,  бұл  көріністердің  бәрі  де  ситуациялық  тұрғыда  әбден  ықшамдалып, 

көркемделіп, оқырман, көрермен назарын баурап аларлық дәрежеде нанымды 

суреттеледі.  Көп  драмашыларымыз  тілге  мол  болғанымен,  характер  жонуға 

келгенде шорқақтық көрсетіп жатады. Сәкен шығармаларының тілі шұрайлы, 

характерлер  жасаудағы  ізденістері  өміршең  боп  келеді.  Аяр  да  алаяқ 

алыпсатар  Шүйкетайды  немесе  жаны  таңғы  шықтай  таза  ауыл  қызы 

Шәрипаны  алып  қараңыз.  Осы  бейнелердің  жасалуында  иненің  жасуындай 

ерсілік  бар  ма?  Міне,  мұндағы  басты  құпия  –  қаламгер  назарының  жітілігі, 

өмірлік болмысты, табиғат құбылыстарын жетік білгендігі.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет