Тексерген: Калиева С. Е. Орындаған: Нұрбек Д. Н тобы


II. Фонема теориясының негіздері



бет4/7
Дата06.01.2022
өлшемі37,4 Kb.
#12526
1   2   3   4   5   6   7
II. Фонема теориясының негіздері

Фонема туралы. Жалпы тіл біліміндегі фонема, фонема теориясы деген ұғымдар жазу, жазу теориясыдеген ұғымдармен қатар шықты. Жəне ол екі ғалымның - Л.В.Щербаның, Бодуэн де Куртененің есімімен тікелей байланысты болды. Өйткені кез-келген тілдің жазба түрін, əліпбиі мен емле ережелерін қарастыру үшін таңбаланатын дыбыстардың санын білу керек еді. Дыбыстық жазу теориясының ірі өкілі Л.В.Щерба жазу үшін сол тілдің фонетикасын бірінші орынға қойды. Сондықтан жазу фонетика саласында қарастырылып, оқытылуы тиіс деді. Өзі орыс жазуының теориясын орыс тілінің фонологиялық жүйесіне жан-жақты талдау жасау арқылы құрды.

Фонеманың адам санасындағы абстракті бірлік болып табылатынын

қазақ тіл білімінде алғаш айтқан Н.Уəлидің сүйенетін теориялық таянышы да осы Щербаның еңбектері еді. Өйткені Щерба дыбыстар адам ойында елес ретінде ғана өмір сүреді деген, мысалы, адам брат, о брате деген сөздердегі [а]-ның екі түрлі айтылғанын білсе де, неге оны <а> фонемасы деп таниды деп сұрақ қоя отырып, оның себебін адам психикасында <а> фонемасының елесі барлықтан дейді. Бірақ ғалым, елес есту мен көруден пайда болатынын былай түсіндірген: сөздің фонетикалық құрамы адам санасында естілген қалпында сақталады, мысалы, кішкентай бала грит деген сөздің фонетикалық құрамы говорит екенін оған анықтап түсіндермесе, осы қалпы қабылдай береді. Сондықтан айтылу нормасында ешқашан толық форма болмайтындықтан [10, 21] толық форманы жасайтын да, сақтайтын да, жеткізетін де жазу дегенді аңғарамыз. Күнделікті сөйлеу тілінде сөздің идеалды фонетикалық құрамы өте аз айтылады. Толық айтылым сирек кездесетін сөздерді айтқанда жəне бірдемені анықтап, дауыстағанда шығады.

Ғалым ауызша айтылым нормасы бір нəрсеге табан тіреу керектігі айқын, ол жазу екендігі белгілі дейді: «а потому не менее ясно и то, что будущее русское образцовое произношение пойдет по пути сближения ее письмом» [10, 111].

Оқымысты-ғалым ауызша сөзді жазба сөзге айналдырғанда мынадай процестер жүретінін көрсеткен: дыбыс→ фонема → графема →əріп, сөйтіп, акустикалық сигнал→оптикалық сигналға ауысады. Ал əріп → графема → фонема →дыбысқа айналу, оптикалық сигналды → акустикалық сигналға көшіру болып табылады. Зерттеушіні ХХ ғасырдың басында-ақ осы, соңғы, кері процестің неге проблема тудырып отырғаны таң қалдырған. ХХІ ғасырдың басындағы біздерді де əлі таң қалдыруда.

Л.В.Щерба жазу теориясына тікелей қатысты мына мəселелерді анықтап алуды талап етті:

1) сол тілдің дыбыстық қорын түгендеу жəне олардың жазуда таңбаланатындарын анықтау;

2) жазуда таңбаға ие болған мағыналық (смысловые) элементтерді анықтау;

3) жазу элементтерін былай бөлу: 1) дыбыстық мағынасы бар элементтер, яғни əріптер; 2) таза иероглифтік мағынасы немесе аралас-жартылай дыбыстық, жартылай иерогливтік мағынасы бар элементтер.

Яғни, ғалым дыбыс тек салдыр мен үннен тұратын акустикалық белгі емес, мағына жасайтын жəне мағынаға əсер ететін бірлік екенін, сөйтіп фонеманың дыбыстан басты айырмашылығы фонеманың мағына жасайтын басты белгісін атап көрсетті. Л.В.Щерба тіл бірліктерінің семантикалануын былай анықтайды: «является одним из самых основных понятий языкознания: это то, что делает языковыми явления, не имеющие к языку никакого отношения [10, 17]. Бұл - дыбыстың мағынаны өзгерте, не жасай алатын қасиеті.

Ғалым бірінші болып сөйлеу кезіндегі дыбыстық түрленімдерге назар аударған. Та, ту дегенде [т] дыбысы əртүрлі реңке ие болатынын аңдаған. Бірақ та біз ол айырмашылықтарды жай көзге неге байқамаймыз деген сауалға: «ответ очень прост: потому что это различия вовсе не семантизованы, потому что по русский нельзя себе представить двух слов, которые бы отличались друг от друга» деп жауап берген [10, 18]. Жəне «Из всего сказанного явствует всякий практический алфавит должен и может обозначать только фонемы и отнюдь не их варианты и совершенно очевидно, что для быстрейшего восприятия текста важны те звуковые различия, которые способны дифференцировать слова, а не те, которые механически возникают при артикуляции» [10, 19] дейді.

«Неверное понимание вещей коренится, конечно, в смешении звуков с буквами, т.е. в применении к звуком того что справедливо по отношению к буквам. В этом большое, практическое достоинство алфавита, но в этом и его теоретический недостаток, внушающий ложные идеи» [11, 40]. Дыбыс пен əріпті ажыратпаушылық қазіргі тіл білімінде де бар, өте қауіпті жағдай. Қауіпті болатыны Щерба көрсеткен екі жағдайының болғанынан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет