Балаларарасында атопиялық дерматит Балаларда жиі кездесетін атопиялық дерматит бұл – диатез, балалар есекжемі, созылмалы аллергиялық, яғни ауық-ауық қайталанып тұратын ауру. Асқынған кезінде жазылмай, тұрақтап қалуы да мүмкін. Тұқым қуалайды. Әке-шешесінде осы кесел болса, балаларының бұл ауруға шалдығу қаупі 80 пайыз шамасында.
БЕЛГІСІ. Тері құрғап қабынуға ұшырайды, қышиды. Қол мен аяқтың буын тұстарының, беттің, бастың, мойынның терісі кеуіп, дуылдап қышиды. Сәбилерде атопиялық дерматит әдетте беттен, шынтақтан, әйтпесе тізеден байқалады. Дененің басқа тұстарынан да сезілуі мүмкін. Жасөспірімдер мен ересектерде бөрткен көбіне тізе мен шынтаққа, мойынның екі қапталына, мойынға, қолтыққа, алақанға, бетке шығады.
ҚОЗДЫРҒЫШЫ.
Бөбектер бұл ауруға әртүрлі аллергендердің, немесе аллергендер туғызатын заттардың салдарынан шалдығады. Үш жасқа дейінгі сәбилерде азық-түлік аллергендері негізгі рөлді атқарады. Жалпы атопиялық дерматиттің туындауына кез келген тағам себепші болуы мүмкін. Аурудың жиілігі ас-судың сипатына, баланың денсаулық ерекшелігіне байланысты. Бір жасқа дейінгі нәресте үшін атопиялық дерматиттің бастапқы аллергені сиыр сүті болып табылады. Баланы біресе емшек сүтімен, біресе қолдан аралас қоректендіру де себепші болады.
Атопиялық дерматит шикілей пайдаланған балдыркөк, желкөк, пияз, ашыған қырыққабат, мал және тауық етінің сорпасынан да еселене түсуде.
1. “Үй стационарын” (сырқат балаға жайлы жағдайды қамтамасыз етіп, мейірбикелік көмек көрсетуді) ұйымдастыру. 2. Бала мен оның ата-анасына аурудың даму себептері, емдеу қажеттілігі, алдын алу (профилактика) бойынша сұхбат жүргізу. 3. Мейірбикелік ұсыныстарды беру: - тыныштандыру; - тағам аллергенін (тағамдар күнделігін жүргізу) анықтау; - дәрігер тағайындаған дәрілерді қолдануды үйрету; - бөлмені жиі ылғалды жинау; - баланы мезгілі бойынша киіндіру, қымтамау; - баланы күнделікті шомылдыру (ауру асқынған кезде ғана емес); - теріге күтім жасау ерекшеліктері бойынша кеңес беру; - баланың тырнақтарын қысқартып, алып тастау; - балаға мақтадан жасалған шұлық және қолғап кигізу; - белсенді патронаж жасау, ауру динамикасын қадағалау, - баланың жағдайы нашарлағанда дәрігерге хабарлау немесе үйге шақыру.