Тексерген: Нұрмұханбетова Қ


Конкурстық міндеттеме шарты, түсінік және түрлері



бет2/6
Дата20.09.2023
өлшемі46,73 Kb.
#109187
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Курсоваяцц (копия)

Конкурстық міндеттеме шарты, түсінік және түрлері.

Конкурсттық міндеттемелер біржақты іс-әрекеттерден туындайтын


міндеттемелердің тағы бір түрі болып табылады. Осы айтылған сөз, жоғарыда
қарастырылып өткен басқаның мүдесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын міедеттемелерге де қатысты.
Қазақстан Республикасының міндеттемелік құқығында топтастырудың мұндай негізі қолданылмайды, алайда келісімшарттық міндеттемелерді атап өту
конкурстық міндеттемелерді дұрыс түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді.
Олардың кейбіреулері шарттық міндеттемелеге өте ұқсас,өйткені конкурстық
міндеттемелер қатысушылардың еріктерін іс жүзінде келістіру алдағы уақытта
бәрбір орын алады,бірақ заңнама сол бір немесе өзге нысаннда кокурсқа
бастамашылдық білдірген субъектінің еркіне ғана және егер оның ерік
білдіруі құқықтық қатнастың негізгізі ретінде жеткілікті болса, басымды
құқықтық маңыз береді.
Қалған субъектілердің еркі есте ұсталады және олар көмекші маңызға ие
болады.
Осы міндеттемелері мазмұны конкурстық тапсырма бойынша конурстардың әдетте борышқорлармен бірқатар азаматтық шарттарды мердігерлік тапсырма,комиссия және тағыда басқа. Жасалатын іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін.конкурстардың заңдық қылықтарды-ғылыми, әдебиет және өнер туындысын жасауы жоққа шығарылмайды.
Бірінші жағдайда конкустармен конкурсты жария еткен субъектінің
пайдасына заңдық манызы бар іс-әрекеттерді іс жүзінде жасау туралы емес,сол
конкурсты жария еткен тұлғамен өз талаптарын сақтаудың орнына өздерінің
заңдық міндеттеуге дайын екендігі туралы сөз болып отыр. Егер конкурстардың
қайсыбірімен іс-өрекеттер жасалса және конкурс жария еткен тұлға оны
қабылдаса және соңғысының мүлітік аясы конкурсант іс-әрекеттерінің
салдарынан белгілі бір игіліктермен толықса, онда тараптардың арақатынасына
белгілі бір шарт туралы ережелер қолдануға тиіс.
Конкурс жария еткен, шарттарды бекітушіге қатысты тұлға оферталар
жасауды ұсынуды және өзіне ең жақсы жағдайлары бар офертаға қосылу
міндеттемесін алады.
Ғылыми, әдебиет және өнер туындыларын жасауға конкурс жария еткен
кезде, нақты іс-әрекеттерді жасау талап етіледі .
Конкурстық міндеттемелердің көмегімен тараптардың ара қатынасы және
қажет болған кезде шарттар мен интелектуалдық меншіктің әртүрлі
объектілерін жасаудан басқа, өзге заңдық маңызы бар іс-әрекеттер реттелуі
мүмкін.
Конкурстық міндеттемелер туралы нормалар Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің конкурстық міндеттемелер деп аталатын 46-тарауында
910-914 баптарында көрсетілген Конкурсты мiндеттеменi мазмұны бойынша
былай делінген:

1. Осы тарау сыйақы беруге көпшiлiк алдында уәде беруден туындайтын


конкурстық мiндеттемелердi және тендер, аукцион әрі саудаластықтың
Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген өзге де нысандары
негізінде туындайтын мiндеттемелердi реттейдi.
Конкурстық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының өзге заң актiлерiмен
де регламенттелуi мүмкiн.
2. Конкурстық мiндеттемеде оның бастамашысы конкурстың өзi айқындаған нысанасы мен бастапқы шарттарының негiзiнде тұлғалардың белгiсiз немесе белгiлi бiр адамдар тобына оған қатысуға ұсыныс жасайды және конкурстың жеңiмпазына белгiленген сыйақы төлеуге және (немесе) онымен конкурстық мiндеттемелердiң мазмұнына сәйкес шарт жасасуға мiндеттенедi.
3. Конкурсқа қатысуға ұсынысты конкурстың бастамашысы тiкелей немесе конкурстың делдал ұйымдастырушысы арқылы жасауы мүмкiн.
Делдалдың құқықтары мен мiндеттерi оның конкурстың бастамашысымен
жасасқан шартымен айқындалады .
4. Конкурс бастамашысының конкурсқа қатысуға шақырған ұсынысы баспасөзде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында барлық тiлек бiлдiрушiлерге хабарлау жолымен жолданғанда - ашық немесе конкурсқа қатысуға шақырған ұсыныс конкурс бастамашысының таңдауы бойынша тұлғалардың белгiлi бiр тобына жолданғанда - жабық болуы мүмкiн .
5. Конкурстың бастамашысы конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушi тұлғаларға алдын ала iрiктеу жүргiзгенде ашық конкурс оған қатысушылардың
бiлiктiлiгiмен байланыстырылуы мүмкiн .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет