Сыйақыға жария уәде беру .
Жоғарыда атап өткеніміздей, міндеттеменің бір түрі болып сыйақыға
жария уәде беруден туындайтын міндеттеме табылады.
Мұндай міндеттеме де бөлінеді.Сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме тұрмыстық аяда пайда болуы мүмкін. Кейде азаматтар өздеріне тиесілі заттарды (құжаттарды, үй жануарларын және тағыда сол сияқты.) жоғалтып алып, оларды іздеп тауып өздеріне қайтаруға талпынады. Соған орай азаматтар оларды қайтаруға үміттене отырып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе хабарлама ілуге арналған арнайы тақтайшаларда хабарламалар жария етеді.
Азаматтардың осындай іс-әрекеттерінің салдарынан сыйақыға жария уәде
беруден туындайтын міндеттемелер пайда болуы мүмкін. Олардың пайда болу
талаптары мен элемненттерін қарастырып өтейік.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімін қабылдаумен байланысты аталған қатынастар тек конкурстық міндеттемелер туралы нормалармен ғана емес, сонымен қатар тікелей олжа туралы(АК 245-б)
нормалармен де реттелуі мүмкін.
Кеңестік азаматтық құқықтың әрекет ету кезеңінде олжа табу мен затты
тапқан адаммен оны қайтару кезіндегі тараптардың ара қатынастарын реттеу
үшін ұқсастыру бойынша конкурстық міндеттемелер туралы нормалар қолданылды және олжа тапқаны үшін сыйақы төлеу тек соған сәйкес сыйақы алуға деген тікелей құқық туындамаған болатын.
Енді, жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, біз міндеттемелер сыйақыға
жария уәде беру туралы норманың затын екінші тұлғамен тауып алуға
байланысты тараптардың құқықтық қатынастарының аясында да туындай алады.Егер еске түсірер болсақ, 245-баптың 6-тармағына сәйкес затты тауып
алған тұлға затты алуға заңды құқығы бар адамнын зат құнының отыз пайызы
мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Бұл заң нұсқауына орай туындайтын
міндеттеме.
Затқа оның меншік иесі немесе өзге де құқық иесі сыйақы уәде бере
алады. Бұл орайды сыйақының ескертілген мөлшері заңда көрсетілген мөлшерден кем болуы да мүмкін. Егер затты тауып алған тұлға сыйақаның уәде етілген мөлшерімен келіспесе, онда ол не жоғарыда аталған норма негізінде онымен құқықтық қарым-қатынасқа түсе алады, не аз мөлшердегі сыйақынвң алуға келіседі (конкурстық міндеттеме түзуге). Егер зат те оның меншік иесі үшін ғана қызығушылық тудыратын болса, онда сыйақы мөлшері тікелей сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеменің талаптарымен анықталатын болады.
Сыйақының нақты мөлшерінің көрсетілмеуі маңызды емес. Мұндай
жағдайларда ол сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндттеме бойынша
тараптардың қосымша келісімімен белгіленетін болады, егер келісімге қол
жеткізілмесе, онда сот тәртібімен анықталады.
Олжа табу кезінде сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме
туындау үшін сыйақы беру кәдесінің жария болуы қажет. Жариялықтың басты
белгісі болып адамдардың белгісіз тобына жүгіну табылады. Сондай-ақ мұндай
жүгіну сыйақыға уәде берген субъектіні айқындауға мүмкіндік беруге тиіс.
Кейбір осыған ұқсас жағдайларда да міндеттеме туындау мүмкін. Мысалы, қылмыскер туралы ақпарат бергені үшін сыйақы беруге уәде етіледі.
Сыйақыға уәде берген тұлға оны төлеуді өз пайдасына, өз мүддесіне
мүліктік және мүліктік емес сипаттағы іс-әреккеттерді жасаумен шарттай
алады. Сыйақының өзі бұл орайда әрқашан мүліктік (ақшалай немесе заттай)
нысанда болуға тиіс.
Жоғарыда қарастырылып өткен осы жағдайлар конкурс туралы нормаларды ұқсастық бойынша қолдануға қатысты. Ал сыйақыға жария уәде берудентуындайтын конкурстық міндеттеме өз қолданысы көрініс табатын белгілі бір аяларға ие. Олар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 910,911 және 912-баптарының нормаларына толық көлемде жүзеге асырылуына мүмкіндік береді. Осы бап бойынш сыйақыға жария уәде берудiң күшiн жою
1. Сыйақы төлеу туралы жария хабарлаған тұлға, бас тартуға жол
берiлмейтiндiгi хабарландырудың өзiнде көзделген немесе содан туындайтын
немесе сыйақыға уәде берiлген iс-әрекеттердi жасау үшiн белгiлi бiр мерзiм
берiлген немесе бас тарту туралы хабарланған кезде соған үн қосқан
адамдардың ең болмағанда бiреуі мiндеттемеде көрсетiлген iс-әрекеттердi
орындап қойған жағдайлардан басқасында, берiлген уәдеден сол нысанда бас
тартуға құқылы.
2. Сыйақыға жария уәде берудiң күшiн жою сыйақы туралы хабарлаған
тұлғаны үн қосқан адамның хабарландыруда көзделген iс-әрекеттердi жасауға
байланысты шеккен шығындарын өтеуден босатпайды. Барлық жағдайларда өтеудiң мөлшерi хабарландыруда аталған сыйақыдан аспауға тиiс.
Конкурстық міндеттемелердің көмегімен мәдениет, ғылым, білім
ұйымдарының мемлекеттік органдар, коммерциялық құрлымдар, қоғамдық
бірлестікттер алдында тұрған әртүрлі мәселелер шешімін табады. Кейбір
жағдайларда конкурс конкурсанттардың өз мүдделері, яғни оларды ынталандыру, қолдану және тағыда басқалар үшін ұйымдастырылады. Конкурс арқылы интелектуалдық меншік объектілерін құру қажеттіліктері жиі
қанағаттандырылады.
Конкурстық негізде әтүрлі бағдарламалар (аймақтарды дамыту, қала
құрлысы, жастармен жұмыс істеу және тағыда сол сияқты.) жасала алады.
Конкурстық міндеттемелердің ерекшелігі - олар заңнаманың тек жалпы
талаптарын ғана ұстануға міндетті. Конкурстық нақты шарттары мен оның
мақсаты, пәні тұтастай және толығымен конкурс ұйымдастырушылармен
анықталады.
Сонымен қатар, сыйақыға жария уәде беру міндетті түрде тапсырма
мәнісін, нәтижелерді ұсыну белгілері мен тәртібін, сыйақы мөлшері мен
нысанын көздейтін шарттарды қамтуға тиіс. Конкурстың шарттары нәтижелерді
жария етудің тәртібі мен мерзімдерін де көздеуге тиіс.
Бастамашысы конкурсты ұйымдастыру кезінде өзінің жария хабарламасынасәйкес өзіне жұмысты жақсы орындағаны немесе өзге де нәтижелерге қол жеткізгені үшін ақшалай немесе өзгеше нысанда сыйақы төлеу туралы міндеттеме алады.
Яғни, ол барлығына емес, тек аталған талаптарға сай келетін тұлғаға
ғана төленеді. Орын алған жағдайға қарай бұл ережелер біршама өзгеруі де
мүмкін, мысалы, егер конкурстың ұйымдастырушылары сыйақы төленетін бірнеше номинация көзделген болса.
Сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені орындау конкурс шарттарына сәйкес жүргізіледі.
Оны төлеу тәртібін конкурстық міндеттемеде тікелей реттеу, әрине, орын
алмайды, ол ақшалай немесе өзге де мүліктік міндеттемені орындаудың жалпы
ережелеріне сәйкес анықталатын болады, бірақ оны орындау мерзімі аса
маңызды болып табылады. Сыйақы төлеу туралы шешім және оны іс-жүзінде төлеу уәдеде белгіленген мерзімдерде қабылдануға және жүзеге асырылуға тиіс.
Сыйақыға жария уәде беру бойынша өз міндеттемелерін орындаған конкурс бастамашысы, егер сыйақыға жария уәде беруде өзгеше белгіленбесе, туындыны жасаушымен оған қаламақы төлей отырып, оны пайдалануға шарт жасасуға басымды құқық алады. Яғни белгілі біршамада конкурсқа қатысу конкурсантыда міндеттейді. Ол ұсынылған талаптарға алдын ала келісім береді және сондықтан ол жасаған туындыны пайдаланғаны үшін сыйақы азайтылуы мүмкін немесе автор конкурс бойынша сыйақыны алып қойғанына байланысты белгілі бір кезеңде мүлдем төленбейді.
Мұндай жағдайларда тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтай
отырып, сыйақыға жария уәде беру шарттарына, сондай-ақ интелектуалдық
меншік объектілерін жасауға байланысты қатынастарды реттейтін заңнамаға
сүйену керек. Сыйақы туралы жария уәде берген тұлға, егер конкурс шарттарында өзгеше көзделмесе, сыйақы тағайындалмаған жұмыстарды олардың жасаушыларына қайтарып беруге міндетті. Жұмыстар қайтарылмайтын жағдайда, конкурстың ұйымдастырушылары авторлардың айрықша құқықтарын сақтамайынша оларды пайдалануға құқылы емес.
Сыйақы төлеу туралы жария хабарлама берген жеке тұлға немесе ұйым дәл сондай нысанда берілген уәдеден бас тартуға құқылы. Егер бұл конкурс
шарттарында тікелей ескертілсе, олардан бас тартуға жол берілмейтіндігі
айқын осетілсе немесе сыйақы уәде етілген іс-әрекеттерді жасау үшін белгілі
бір мерзім берілген болса, бас тартуға жол берілмейді.
Жария уәдеден бас тартуға үн қосқан адамдардың ең болмағанда біреуі
хабарламада көсетілген іс-әрекеттерді орындап қойған кезде де жол
берілмейді. Өз уәдесінен бас тартқан субъект хабарламада көзделген іс-
әрекеттерді жасаған кез келген үн қосқан тұлғаға іс-әрекеттер жасауға
байланысты көтерген шығындарын өтеуге міндетті.
Аталған ережені конкурс бастамашысы үшін белгіленетін жауапкершіліктің санкциясы ретінде қарастыруға болады, оның мөлшері бұл жағдайда конкурсанттардың нақты залалдарымен шектеледі. Сонымен қатар барлық жағдайларда өтемнің мөлшері хабарландыруда аталған сыйақыдан сапауға тиіс.
Конкурстың күші жойылмайтын ал конкурсант сыйақы алуға лайық
болмайтын кәдімгі жағдайларда оның шығындары өтелмейді.
Сыйақыға жария уәде беруге лотереялар, тотализаторлар және өзге де
ойындар өткізу де жатады. Конкурс бұл жерде басқа маңызға ие, үміткерлерді
іріктеу кездейсоқ негізде жүзеге асады және лотереяларды тотализаторлар мен
өзге де ойындарды өткізген кезде конкурстық міндеттемелердің шарттан тыс
табиғаты неғұрлым айқын көрініс табады.
Бұл конкурстық міндеттеме субъектілік құраммен ерекшеленеді.
Лотереялардың тотализаторлардың, ойындардың ұйымдастырушылары болып
уәкілетті органдар арқылы мемлекет немесе әкімшілік аумақтық бөлініс, не
уәкілетті мемлекеттік органнан лотереялар, тотализатолар мен тәуекелге
негізделген басқа да ойындар өткізуге лизензия алған субъектілер табылады.
Лотереялардың (тотализаторлардың, ойындардың) ұйымдастырушысы ретінде
субъектілердің соңғы аталған тобы қатысқан кезде лотереяларды
тотализаторларды ойындарды өткізуден туындайтын міндеттеме кәсіпкеллік те
болып табылуы мүмкін. Олар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 913-бабында сөз болып отырған лотереялар, тотализаторлар немесе өзге де ойындар тәуекелге негізделген. Лотереялар, тотализаторлар және өзге сыйақыға жария уәде берудiң күшiн жою.
1. Сыйақы төлеу туралы жария хабарлаған тұлға, бас тартуға жол
берiлмейтiндiгi хабарландырудың өзiнде көзделген немесе содан туындайтын
немесе сыйақыға уәде берiлген iс-әрекеттердi жасау үшiн белгiлi бiр мерзiм
берiлген немесе бас тарту туралы хабарланған кезде соған үн қосқан
адамдардың ең болмағанда бiреуі мiндеттемеде көрсетiлген iс-әрекеттердi
орындап қойған жағдайлардан басқасында, берiлген уәдеден сол нысанда бас
тартуға құқылы.
2. Сыйақыға жария уәде берудiң күшiн жою сыйақы туралы хабарлаған
тұлғаны үн қосқан адамның хабарландыруда көзделген iс-әрекеттердi жасауға
байланысты шеккен шығындарын өтеуден босатпайды. Барлық жағдайларда өтеудiң мөлшерi хабарландыруда аталған сыйақыдан аспауға тиiс.
1. Сыйақы төлеу туралы жария хабарлаған тұлға, бас тартуға жол берiлмейтiндiгi хабарландырудың өзiнде көзделген немесе содан туындайтын немесе сыйақыға уәде берiлген iс-әрекеттердi жасау үшiн белгiлi бiр мерзiм берiлген немесе бас тарту туралы хабарланған кезде соған үн қосқан адамдардың ең болмағанда бiреуі мiндеттемеде көрсетiлген iс-әрекеттердi орындап қойған жағдайлардан басқасында, берiлген уәдеден сол нысанда бас тартуға құқылы.
2. Сыйақыға жария уәде берудiң күшiн жою сыйақы туралы хабарлаған тұлғаны үн қосқан адамның хабарландыруда көзделген iс-әрекеттердi жасауға байланысты шеккен шығындарын өтеуден босатпайды. Барлық жағдайларда өтеудiң мөлшерi хабарландыруда аталған сыйақыдан аспауға тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |