Тексерген: Нұрмұханбетова Қ


Ойындар өткiзу ерекшелiктерi



бет5/6
Дата20.09.2023
өлшемі46,73 Kb.
#109187
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Курсоваяцц (копия)

Ойындар өткiзу ерекшелiктерi

1. Мемлекеттiң, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң немесе уәкiлеттi
мемлекеттiк органнан лотереялар, тотализаторлар мен тәуекелге негiзделген
басқа да ойындар өткiзуге лицензия алған адамның осы ойындарға
қатысушылармен арадағы қатынастары шартқа негiзделген. Мұндай шарт
лотереялық билет, түбiртек немесе өзге құжат берумен ресiмделедi және
ойынға қатысушы лотереялық билеттiң құнын немесе ойынға қатысудың өзге
төлемiн төлеген кезден бастап жасалған болып танылады.
2. Лотерея, тотализатор немесе өзге де ойындар өткiзу шарттарына сәйкес
ұтыскер болып танылатын адамдарға ойындардың бастамашысы (ұйымдастырушысы) ойындарды өткiзудiң шарттарында көзделген мөлшерде, нысанда (ақшалай немесе заттай) және мерзiмдерде, ал егер бұл шарттарда мерзiм көрсетiлмесе -ойындардың нәтижелерi шыққан кезден бастап он күннен кешiктiрмей ұтысты төлеуге тиiс.
3. Ойындардың бастамашысы (ұйымдастырушысы) осы баптың 2-тармағында
аталған мiндеттерiн орындамаған жағдайда лотереяда, тотализаторда немесе
өзге ойындарда ұтып алған қатысушы оған ұтысты төлеудi, сондай-ақ өзiне
келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.

Оларға қатысу жөніндегі ұсыныс әр уақытта адамдардың белгісіз тобына


арналады.
Аталған баптың 1-тармағында лотереялық билет, түбіртек немесе өзге
құжат берумен рәсімделетін және ойынға қатысушы лотереялық билеттің құнын немесе ойынға қатысудың өзге төлемін төлеген кезден бастап жасалған боп танылатын шарт туралы айтылған.
Мұндай шарттың болуы кокурстық міндеттеменің пайда болуының тек бір ғана алғышарты болып табылады. Шарт ойынға қатысу үшін қатысушының төлем енгізуіне және оны ойынға қатысуға ойындардың ұйымдастырушысымен жіберуге (қажетті ақпаратты, толтыру карточкалары және тағыда басқа) қатысты тараптардың құқықтары мен міндеттерін бекітеді.
Ойындарды ұйымдастырудан туындайтын міндеттеменің өзі ойынның
қатысушысы сол бір немесе өзге ойын (лотерея, тотализатор) бойынша ұтыскер
критерилеріне (ұтыскердің сол бір немесе өзге категорияларына) сай келген
жағдайда ғана туындайды.
Лотереяларды өткізу шарттары жалпылама түрде заңнамамен анықталады.Лотереялардың, ойындардың, тотализаторлардың нақты шарттары
ұйымдастырушылардың өздерімен анықталатын болады.
Ұйымдастырушы міндеттемесінің мәнісі мынада: лотерея, тотализатор
немесе өзге де ойындар өткізу шарттарына сәйкес ұтыскер болып танылатын
адамдарға ұйымдастырушылар ойындарды өткізудің шарттарында көзделген мөлшер мен нысанда ақшалай немесе заттай) ұтысты төлеуге тиіс. Ұтысты төлеу мерзімдері ойындардың шарттарымен анықталуға тиіс. Егер мерзім
көрсетілмесе ұтыс ойындардың нәтижелері шыққан кезден бастап он күннен
кешіктірілмей төленуге тиіс.
Егер ойындардың ұйымдастырушысы ұтысты төлеу жөніндегі өз міндетін
орындамайтын болса, онда оларды ұтып алған қатысушы оған ұтысты төлеуді,
сондай-ақ өзіне келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Заңнама ережелеріне сәйкес, тиісті органдардың бақылауымен
лотереяларды, тотализаторларды және өзге де ойындарды ұйымдастырудан
туындайтын міндеттемелерден жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалар арасында ойындар мен бәс тігуді (бәстесуді) өткізуге және оларға қатысуға байланысты туындайтын міндеттемелерді ажыратқан жөн.
Әрекет етуші заңнамада ойындар мен бәс тігуден туындайтын талаптардың пайда болу мүмкіндігі танылады. Бірақ оларды осы құқықтық терминнің толық мағынасында міндеттемелер деп атауға да болмайды. Осы міндеттемеден туындайтын талаптар сот тарапынан қорғалуға жатпайды және соған орай, оларды орындау борышқордың еркіне қалдырылады. Ойындар мен бәс тiгудi өткiзуге және оларға қатысуға байланысты талаптар
Азаматтар мен заңды тұлғалардың тәуекелге негiзделген ойындар немесе бәс тiгу (құмар ойындар мен бәстер) ұйымдастыруға, өткiзуге немесе оларға
қатысуға байланысты талаптары осы Кодекстің 913-бабында аталған
қатынастардан туындайтын талаптарды қоспағанда, сот қорғауына жатпайды.
Лотереялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткiзу ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiң, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң немесе уәкiлеттi
мемлекеттiк органнан лотереялар, тотализаторлар мен тәуекелге негiзделген
басқа да ойындар өткiзуге лицензия алған адамның осы ойындарға
қатысушылармен арадағы қатынастары шартқа негiзделген. Мұндай шарт
лотереялық билет, түбiртек немесе өзге құжат берумен ресiмделедi және
ойынға қатысушы лотереялық билеттiң құнын немесе ойынға қатысудың өзге
төлемiн төлеген кезден бастап жасалған болып танылады.
2. Лотерея, тотализатор немесе өзге де ойындар өткiзу шарттарына сәйкес
ұтыскер болып танылатын адамдарға ойындардың бастамашысы (ұйымдастырушысы) ойындарды өткiзудiң шарттарында көзделген мөлшерде, нысанда (ақшалай немесе заттай) және мерзiмдерде, ал егер бұл шарттарда мерзiм көрсетiлмесе -ойындардың нәтижелерi шыққан кезден бастап он күннен кешiктiрмей ұтысты төлеуге тиiс.
3. Ойындардың бастамашысы (ұйымдастырушысы) осы баптың 2-тармағында аталған мiндеттерiн орындамаған жағдайда лотереяда, тотализаторда немесе өзге ойындарда ұтып алған қатысушы оған ұтысты төлеудi, сондай-ақ өзiне келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
Лотереялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткiзу ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiң немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органнан тотализаторлар мен тәуекелге негiзделген басқа да ойындар өткiзуге лицензия алған адамның, ал лотереялар үшін лотерея операторының және осындай ойындарға қатысушылардың арасындағы қатынастар шартқа негiзделген.
Лотерея операторы мен лотереяға қатысушы арасындағы шарт лотереяға қатысушы лотерея билетінiң, түбiртектің немесе өзге құжаттың құнын төлеген және лотерея билетін, түбiртекті немесе өзге құжатты берген кезден бастап жасалған болып танылады.
2. Лотерея, тотализатор немесе өзге де ойындарды өткiзу шарттарына сәйкес ұтқан адам болып танылатын адамдарға ойындардың бастамашысы (ұйымдастырушысы), ал лотереялар үшін лотерея операторы ұтыс төлеуге тиiс.
Ойындардың бастамашысы (ұйымдастырушысы) мерзiмінде, мөлшерде, нысанда (ақшалай немесе заттай) ұтыс төлеуді ойындарды өткiзу талаптарына сәйкес, ал егер бұл талаптарда мерзiм көрсетiлмесе ойындардың нәтижелерi шығарылған кезден бастап он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
Лотерея операторының ұтысты төлеуі заңда белгіленген мерзiмдерде, лотерея өткiзу талаптарында айқындалатын мөлшерде, нысанда (ақшалай немесе заттай) жүзеге асырылады.
3. Ойындардың бастамашысы (ұйымдастырушысы), лотерея операторы осы баптың 2-тармағында аталған мiндеттерiн орындамаған жағдайда, лотереяда, тотализаторда немесе өзге ойындарда ұтып алған қатысушы өзіне ұтысты төлеудi, сондай-ақ келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
Тендер.

Тендерден немесе аукционнан туындайтын конкурстық міндеттемелерге


сәйкес оларды өткізудің бастмшылары оларға қатысу жөніндегі ұсынысты
қабылдаған тұлғаларға сыйақы төлеуге міндеттенбейді.
Ұйымдастырушылар жеңімпаз болып табылған (қойылған барлық талаптарға сай келетін) субъектілермен шарт жасасуға міндеттеніді. Бұл өз
нәтижесіндщежеңімпазға мүліктік пайда (немесе олардың мүддесін өзгеше
қанағаттандыру) алып келуге тиіс. Тендер бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде 915- бап қарастырылған, осы бап бойынша:
1. Тендер нысанындағы конкурстық саудаластық кезiнде оның бастамашысы(ұйымдастырушы) өзi ұсынған бастапқы шарттардың негізiнде тендер бастамашысы үшiн шарттың ең жақсы талаптарын ұсынған тендер қатысушысымен шарт жасасуға (сатушы, сатып алушы, тапсырысшы, мердiгер, жалға берушi, жалға алушы және тағыда басқа ретiнде) мiндеттенедi.
2. Тендерге қатысушылар, тендер шарттарында белгiленген мерзiмнiң
шегiнде, тендер бастамашысына немесе оның ұйымдастырушысына тендермен
ұйғарылған барлық құжаттаманы қоса бере отырып, өз ұсыныстарын жазбаша
түрде жiбередi. Тендердiң шарттарында ұсыныстарды желiмделген конверттермен және девиздермен жiберу көзделуi мүмкiн.
Ұсыныстарды беру мерзiмдерiн бұзу, егер оның бастамашысы мерзiмiн
өткiзiп алған тұлғаның тендерге қатысуға жiберiлгенi туралы жазбаша түрде
хабарламасы, мерзiмiн өткiзiп алған тұлғаны тендерге қатысушылардың
қатарынан шығаруға әкеп соғады.
3. Тендерге қатысушылардың арасынан оның жеңiмпазын таңдауды тендер бастамашысы немесе ол құрған тендер комиссиясы жабық немесе тендердiң шарттары бойынша ашық тәртiппен жүргiзедi.
4. Егер тендерге қатысушылар екеуден аз болса немесе тендерге
қатысушылардың ұсыныстарын оның бастамашысы тендердiң талаптарын
қанағаттандырмайды деп таныса, оның бастамашысы тендердi өткiзiлмеген деп
тануы мүмкiн.
5. Тендердiң жеңiмпазы мен оның бастамашысы тиiстi шарт жасасады.
Тендердiң бастамашысы жеңiмпазбен тиiстi шарт жасасудан бас тартқан
жағдайда тендердiң жеңiмпазы оған келтiрiлген залалдарды өтетiп алуға
құқылы.
6. Тендердiң шарттарында тендерге әрбiр қатысушының тендер қорытындылары шығарылғаннан кейiн қатысушыларға қайтарылатын кепiлдiк жарна енгiзiлуi көзделуi мүмкiн. Егер тендерге қатысушы тендердiң мерзiмi өткенге дейiн өз ұсынысынан бас тартса немесе оны өзгертсе, кепiлдiк жарна қайтарылмайды.
Жеңiмпаз тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн жағдайларда тендер бастамашысымен тиісті шарт жасасудан бас тартса, кепiлдiк жарна жеңімпазға қайтарылмайды.
Тендер нысанында саудаластық өткізген кезде оның бастамшысы
(ұйымдастырушысы) өзі ұсынған бастапқы шарттардың негізінде тендер
бастамшысы үшін шарттың ең жақсы талаптарын ұсынған тендер қатысушысымен шарт жасасуға міндеттенеді.
Бұл орайда бастамашы өзін ненің қызықтыратына қарай, яғни басқаның
тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерін иеленуге немесе өз тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерін сатуға байланысты әртүрлі мазмұндағы шартта бекіте алады. Яғни ол сатушы, сатып алушы, мердігер, тапсырыс беруші, атқарушы, жалға беруші,жалға алушы және тағыда басқа болуы мүмкін.
Тендерлік міндеттеме туындау үшін күрделі заңдық құрылым қажет. Атап
айтқанда:
-жария етілген талаптардың негізінде оған қатысуға адамдардың белгісіз
тобын шақыруға арналған тендер бастамашысының ерік білдіруі;
-тендерге қатысатын тұлғалардың ерік білдіруі талап етіледі.
Соңғы аталғандардың ерік білдіруі заңнамамен белгіленген нысанда
жүзеге асады. Олар тендер шарттарында белгіленген мерзімнің шегінде, тендер
бастамашысына (ұйымдастырушысына) тендермен ұйғарылған барлық құжаттаманы қоса бере отырып, өз ұсыныстарын жазбаша түрде жібереді. Тендердің шарттарында ұсыныстарды желімдеген конверттермен және девиздермен жіберу көзделуі мүмкін.
Егер тұлға ұсыныстарды беру мерзімін бұзса, онда бұл мерзімді өткізіп
алған тұлғаны тендерге қатысушылардың қатарынан шығаруға әкеп соғады.
Тендер бастамашысының (ұйымдастырушысының) шешімі бойынша оның жазбаша хабарламасымен ұсыныстарды беру мерзімін өткізіп алған тұлға тендерге қатысуға жіберілуі мүмкін.
Тендер шарттарымен тендерге қатысушы әрбір тұлғаның кепілдік жарна
енгізу міндеті көзделуі мүмкін. Ол тендер қорытындылар шығарылғаннан кейін
қатысушыларға (жеңімпаз болмағандарға) қайтарылуға тиіс. Егер тендерге
қатысушысы тендердің мерзімі өткенге дейін өз ұсынысынан бас тартса немесе
оны өзгертсе, кепілдік жарна қайтарылмайды.
Жеңімпаз өз ұсыныстарына жауап беретін жағдайларда тендер
бастамшысымен тиісті шарт жасасудан бас тартқан жағдайда да кепілдік жарна
жеңімпазға қайтарылмайды. Шарт жасасқан кезде кепілдік жарна жеңімпаздан
шарт бойынша тиесілі төлемнің есебіне жатқызылатын болады.
Тендерге қатысушылардың арасынан оның жеңімпазын таңдауды тендер
бастамшысы немесе ол құрған комиссиясы жүргізеді. Тендер шарттарына қарай
жеңімпазды таңдау ашық не жабық тәртіпте жүргізілуі мүмкін.
Егер тендерге қатысушылар екеуден аз болса немесе тендерге
қатысушылардың ұсыныстарын оның бастамшысы тендердің талаптарын
қанағаттандырмайды деп танылса, оның бастамшысы тендерді өткізілмеген деп
тану мүмкін. Онда оны өткізу құқықтық маңызға ие болмайды.
Тендердің жеңімпазымен оның бастамшысы тиісті шарт жасасуға міндетті.Егер соңғысының шарт жасасуданбас тартуы орын алса,онда тендердің жеңімпазы өзіне келтірілген залалдарды өтетіп алуға құқылы.

АУКЦИОН.

Аукционда тендер сияқты саудаластық жүргізудің ерекше нысаны болып


табылады. Аукцион оны ұйымдастырушысының ал бірқатар жағдайларда пайдасына аукцион өткізілетін үшінші тұлғалардың мүдделерін барынша ескеруге мүмкіндік береді.
Аукцион туындаитын міндеттемеге сәйкес, конкурстық саудаластық
нәтижелері бойынша сатушы аукционның затын ол үшін неғұрлым жоғары баға
ұсынатын аукцион қатысушысына сатуға міндеттенеді. Аукционның пәні болып
азаматтық айналымнан шығарылмаған кез келген қозғалатын немесе қозғалмайтын мүлік табыла алады. Бұған қоса, аукциондарда интелектуалдық меншік обьектілеріне деген құқықтар, импорттық, экспорттық және де квоталар мен лицензияларды қоса алғанда, шарттар бойынша және мүліктік құқықтар сатыла алады.
Аукцион сатушымен бастапқы кезде жария етілген баған,ы көтеру
шарттарында ағылшын әдісі бойынша, не бағаны түсірумен голландық әдіс
бойынша өткізуі мүмкін. Бағаны төмендетуге өткізілетін аукционның
шарттарымен минималды баға (ең төменгі баға) көзделуі мүмкін. Яғни аукцион
пәнінің сатылу бағасы осы төменгі бағадан ары қарай төмендетілуге тиіс.
Аукционға қатысу туралы ұсыныстар аукцион пәні туралы мәліменттерді
қамтуға, сондай-ақ сол бір немесе өзге сатып алушы қандай аукциондық,
саудаластыққа қатысқысы келетінін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір
сатып алушы, егер аукционды өткізудің шарттарында өзгеше белгіленбесе,
аукцион басталғанға дейін аукционға қатысуға өтініш беруге және кепілдік
жарнаның белгіленген сомасын енгізуге тиіс.
Егер аукционға кемінде екі сатып алушы қатысса, ол өткізіле алады.
Егер аукционның затын сатып алушылардың (қатысушылардың) бірде бірі сатып алғысы келмесе, бастапқы баға төмендетілуі (әрине егер ол белгіленсе
төменгі шекке дейін) немесе аукцион заты осы аукционнан алынып тасталуы
мүмкін.
Егер аукцион шартында өзгеше белгіленбесе, аукцион міндеттемесіне
сүйене отырып ең жоғарғы баға ұсынған аукционға қатысушымен оған аукционның затын сату туралы шарт жасасуға тиіс.
Егер сатып алушы шарт жасасудан бас тартса, ол аукционға
қатысушылардың қатарынан шығарылады, оған кепілдік жарна қайтарылмайды.
Сатып алушы сатып алудан бас тартқан аукционның заты қайтадан саудаластыққа шығарылуы мүмкін.
Егер тұлға аукционға қатысып одан ештеңе сатып алмаса оған кепілдік
жарна қайтарылуға тиіс.
Аукционның қандайда болсын затын сатып алған тұлғаға кепілдік
жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының есебіне есептеледі.

1. Аукцион нысанындағы конкурстық саудаластық кезiнде сатушы аукционның затын ол үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынатын аукционға қатысушыға сатуға мiндеттенедi.


2. Аукцион сатушы жариялаған бағаны арттыру немесе кемiту талаптарымен
өткiзiлуi мүмкiн.
3. Бағаны төмендетумен өткiзiлетiн аукцион шарттарында заттың сатылуы
мүмкiн болатын ең төмен баға көзделуi мүмкiн.
4. Азаматтық айналымнан шығарылмаған кез келген қозғалатын немесе
қозғалмайтын мүлiк, оның iшiнде интеллектуалдық меншiк объектiлерi,
импорттық, экспорттық және өзге де квоталар мен лицензияларды қоса алғанда,
шарттар мен мүлiктiк құқықтар аукционның нысанасы болуы мүмкiн.
5. Аукционға қатысу туралы ұсыныстар аукцион заты, оның өтетiн орны мен уақыты туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.
6. Аукционға қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғалар, егер оны өткiзудiң
шарттарында өзгеше белгiленбесе, аукцион басталғанға дейiн аукционға
қатысуға өтiнiш беруге және кепiлдiк жарнаның белгiленген сомасын енгiзуге
тиiс.
7. Егер аукционға кемiнде екi қатысушы (сатып алушы) қатысса, ол өте
алады.
8. Егер аукционның затын оған қатысушылардың бiрде-бiрiнiң сатып алғысы келмесе, бастапқы баға төмендетiлуi немесе аукционның заты осы аукционнан алып тасталуы мүмкiн.
9. Егер аукцион шарттарында өзгеше белгiленбесе, ең жоғары баға ұсынған аукционға қатысушымен оған аукционның затын сату туралы шарт жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет