Тексерген: PhD доктор,профессор ассистент Бөдеев Қ


Курстық жұмыстың тарихнамасы



бет2/4
Дата22.09.2022
өлшемі77,32 Kb.
#39814
1   2   3   4
Курстық жұмыстың тарихнамасы: Қазақ даласына капиталистік қатынастардың енуі мен дамуының ауылдық-экономикалық өміріне әсер етуі,аграрлық мәселелер төңірегінде жарық көрген зерттеулер бойынша көптеген еңбектердің жазылуына себеп болды.Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның және ондағы сауда қатынастары,ішкі рыноктың құрылуы,сауда капиталының дамуы,шаруашылықтағы өзгерістер көптеген зерттеушілердің еңбегіненорын алды.Атап айтқанда, А.Добросмысловтың[1], С.Е.Толыбековтың[2],Е.Бекмахановтың[3],А.Н.Тетервниковтың[4],Б.А.Сүлейменовтың[5]т.б ғалымдардың еңбектерінен көруге болады.
А.Добромысловтың зерттеулерінде Қазақстандағы шаруашылықтың құрылысы,экономикалық жағдайы,аграрлық қатынастағы өзгерістер,соның ішінде отырықшы шаруашылықтардың пайда болып,егіншіліктің дами бастағандығын көрсетеді. С.Е.Толыбеков, Е.Б.Бекмаханов және т.б авторлар өздерінің еңбектерінде қазақ даласына капиталистік қатынастардың енуі мен дамуын,жерді отарлау мен қоныс аударуға байланысты аграрлық мәселелерді,мал шаруашылығындағы өзгерістер мен қазақ ауылының экономикалық жүйесіне көңіл бөледі.
А.Н.Тетервников өз еңбегінде қазақ ауылдарындағы азиялық сауда капиталының «тонаушылық» тең емес сауда жасау тәртібіне көңіл бөліп,қазақ халқының өз өнімдерін арзан бағаға өз құнынан төменге айырбастайтынын баса көрсетеді.Орынбордың дамуы туралы революцияға дейiнгi зерттеулерге Ж.Қ.Қасымбаевтың мақалалары арналады.Ж.Қ.Қасымбаев өзінің "Казахстан-Китай: караванная торговля в ХIХв. - в начале ХХвв.", "Города Восточного Казахстана в 1861-1917 г.”, "Торговля России с империей Цин через города Восточного Казахстана", "Дореволюционные исследователи о развитии Оренбурга как центра торговли с казахским и со среднеазиатскими владениями", "Военно-политические меры царизма по усилению торгового значения крепостей Восточного Казахстана в начале XIX в." атты еңбектерінде көптеген архивтік және жарияланған деректік мәліметтер негiзiнде қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан бастап, олардың шет елдермен әсіресе қазақ-қытай, қазақ-моңғол, қазақ-орыс сауда байланыстарын, соның iшiнде керуен саудасының дамуын, шекаралық сауданың дамуын, қазақ, татар, өзбек, қытай, моңғол, орыс саудагерлерінің өзара тиімді экономикалық байланыстар жасауға ұмтылысын,мемлекеттер арасында жасалған келiсiмдердiң сауданың дамуына байланысты тұстарын, Қазақстанның Солтүстік-шығысындағы қалалардың сауданың ipi орталықтарына айналғандығын, соның iшiнде Петропавл, Өскемен, Семей, Көкшетау қалаларының сауданың дамуындағы маңызын, Алкөбек, Хоргосс, Бахты, Зайсан, Нарын, Қос Ағаш, Қатон-Қарағай, Жаркент бекеттерінің көршілес елдермен сауданың дамуындағы рөлін терең ашып көрсетеді.Г.Сүлейменов өзiнiң "Аграрный вопрос в Казахстане в последней трети XIX века и начале ХХ века" атты еңбегiнде қазақ даласындағы егіншіліктің даму мәселесіне тоқталып, қазақ егіншілерінің орыс шаруаларының егіншілік тәжірибесімен танысуы көп жағдайда қазақ даласында егiншiлiктiң даму процесiн тездетiп, бiрқатар прогрессивті, сапалы өзгерістерге әкелгендігін атап көрсетеді. Сонымен бұл аталған тарихнамалық зерттеулер сауда-саттық пен жәрмеңкелердіңеліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы үшін қаншалықты құнды болғанын дәләлдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет