Тексерген: PhD доктор,профессор ассистент Бөдеев Қ



бет4/4
Дата22.09.2022
өлшемі77,32 Kb.
#39814
1   2   3   4
Жұмыстың хронологиясы: XIX ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы
Жұмыстың методологиясы: Бұл жұмысты зерттеу барысында тарихи фактілер мен деректерді қарастыра отырып, тарихи материалдар мен дерек көздері пайдаланылды.Мәселе нақты тарихи қажеттілік,тарихи тағылым,тарихи процестің обьективтілігі тұрғысынан қарастырылды.
Жұмыстың құрылымы:
Кіріспе, екі бөлім, төрт тарау, қорытынды, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.
1Қазақстанның көршілес елдермен сауда қатынастары қатынастары
1.1 Қазақ-Ресей сауда қатынастары

Қазақстанның Ресейге қосылуы товар-ақша катынасыныңқазақ ауылдарына тарауына қолайлы жағдай туғызды, екiншi сөзбен айтқанда, орыс капитализмінiңқазақ даласына тарауына кең жол ашты. Мұның өзі қазақ қоғамы iшiнде тап күресiнiң шиеленісе түсуінеәкеп соқты, сонымен қатар халықтың шаруашылық тұрмысын өзгертті.Орыс капитализмi қазақ даласына енумен байланысты мал өсiрушiлiк, ал мұнан кейін егіншілік барған сайын товарлы өндіріс сипатына ене береді. СөйтіпҚазақстанда патриархалдық-тұйықтық жойыла бастап, сауда қатынастары және таптық жіктелулер күшейді. Россиядан Қазақстан жерiне қарай темір жолдар салына бастады. Қазақ халқының Россияға қосылуының, Ұлы орыс халқымен араласуының нәтижесiнде қазақ халқының идеологиясына да негізгі өзгерістер кірді [7, 28б.]. Қазақстан Россияға қосылғаннан кейін орыстың товар өндiрiсiнiң продуктылары қазақтардың арасына келе бастады. Қазақстанда мал шаруашылығының өнімі мол еді. Екінші жағынан, Орта Азияға баратын керуен жолдары қазаққоныстарының үстінен өтті, жол-жөнекей орыс саудагерлері товарларын қазақтарға да сатты, не керекті заттарына айырбастады.


Орыстардың қазақтармен жүргізген саудасы XVIII ғасырдың 40-жылдарында-ақ басталды. Гурьевте, Оралда, Троицкіде, ал Сібір жағынан Петропавлда, Омскіде, Семейде едәуір айырбас саудалары жүргізілді. Қазақтардың базарға шығаратындары көбiнесе мал болды. Оренбургке айырбас үшiн көбінесе қой айдалатын еді.Россиядан Қазақстанға өнеркәсiп заттары: металл бұйымдары, түрлі металлдар әкелінді. Едәуір мөлшерде астық айырбасталды. Орыс саудагерлері Қазақстанға мал шаруашылығы өнімінің мол қоры және өнеркәсіп товарларын өткізетін кен базар деп қызықты. Олар Қазақстандағы саудадан орасан көп пайда тапты, өнеркәсiп товарларын тері-терсекке, жүнге, аң терілеріне айырбастады. Қазақстан тоң май, тері сияқты мал шаруашылықөнiмдерін шетел базарына шығара бастады.Петропавлға таяу Тайыншакөл маңында - жазда үлкен жәрмеңке болатын. Мұнда орыс товарлары сатылды. Қазақтар малға айырбастап көптеген товарлар алатын болды. Бұлсияқты сауданың дамуы қазақ шаруашылығына, тұрмысына әсер етті. Кейiн қазақтың өз iшiнен саудагерлері шығып, шекараларда, форттарда, ауылда үлкен сауда-саттық iсiн жүргізді. Мысалы, 1863 жылы Баянауыл округіндегі 107 саудагердердiц 68 қазақ еді, 60-жылдардың орта шенінде Перовск (кәзіргі Қызылорда) фортындағы: сауданың дені жергілікті қазақ саудагерлерінің қолында болды. Бұлар товар сатып алу үшiн Ірбіт жәрмеңкесіне, Қытай қаласы Шәуешекке дейін барып жүрді[7, 29б.].XIX ғасырдың орта шенінде Қазақстан тек сыртқы саудамен, көбінесе Россиямен жүргізілген саудамен ғана айналысып қойған жоқ, сонымен бірге, онда ішкі айырбас саудасы да күшейе түсті.
Қазақөлкесінің Ресейдiң экономикалық даму шеңберiне қамтылуы калаларда мал шаруашылық өнімдерін өңдейтін және т.б. ауыл шаруашылықөнiмдерiн өңдейтін жаңа кәсіпорындар салуға ынталандырды.1884 жылы қалада сабын қайнататын, шырақ жасау, кірпіш, сыра зауыттары сияқты 63 зауыт болды. Семейдегі сауданың дамуы әр түрлi ұлттардың саудагерлерiн қамтыды. Қалаға тіптен Константинопольдан сауда жасауға келгендер белгілі. Қаланың Ресейдің Шығысындағы iрi сауда орталығы ретінде атағы өсе түсті. Семей сауда кеденi (таможнясы) арқылы сауда жүргізетін азиялық саудагерлердің саны жыл сайын көбейе түсті. Олардың кейбірі тұрақты мекендеп қалды.XIX ғасырдың ортасына қарай Семей Батыс Сібір шекарасынан оңтүстікке өтетін керуендiк сауданың маңызды орталығына айналды. Айырбас сарайларын iрi жәрмеңкелер алмастырды. 1855 жылы Семейде біреуі 25 мамырдан 10 шілдеге дейін, екіншісі 15 қарашадан 1 қаңтарға дейiн жұмыс істейтін екi жәрмеңке ашылды[8,124 б.].80-ші жылдан бастап қала астық саудасыныңорталықтарының біріне айналды. Астық күзде және қыста негізінен Том губерниясының селоларынан сатыпалынды. Астық саудасы әсіресе 1866 жылы Ертісте кеме жол қатынасының ашылуынан кейін дами түсті. XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Семей сауда айналымының көлемі бойынша Қазақстан қалаларының ішінде ірі экономикалық-сауда орталықтарының бірі болып қала берді.XIX ғасырдың 30-шы жылдарының екінші жартысынан бастап Коряков бекiнiсiнiң кеденiнің маңызы арта түсті. (Коряков бекінісі 1861 жылдан Павлодар) кала халқы 7 жылда 2 еседен артық өсті. Мысалы, 1890 жылы - 3890 адам, 1897 жылы - 7738 адам болды, ал 1898 жылы - 9287 адам.Павлодар қаласының тұрғындары негізінен Ресейдiңқоныс аударушыларының есебінен өсті. Уезде ауылшаруашылық шикізатын өңдеу негiзiнде тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыды. Ұн тарту кең таралды. 1908 ж. Павлодар уезінде 242 ұсақ диірмендер болып, оның 4-еуі су диірмені, 47-сі ат диірмені және 191 жел диірменi едi.Павлодарда жергілікті мүктаж үшін кірпіш, ағаш тілу, шырақ жасау, сыра қайнату зауыттары жұмыс істеді. Ертіске жақын 6 км жерде тұз өндіру кең көлемде жүргізілді. Мысалы, 1910 жылы онда 12 мың пұт тұз өндірілді. Тұзды сатудың негiзгi орындары – Омбы,Тобыл, Том, Барнаул, Үркіт сияқты Батыс және Шығыс Сібір қалаларындағы балық кәсіпшіліктері болды.1898 жылы Екібастұз бен Ертісті жалғастыратын 110 км Воскресенск темiр жолы салынды. Сол уақыт үшін теміржол жақсы жабдықталған деп есептелді. Жол бойында 3 паровоз, 100 теміржол платформасы, бірнеше тауар вагондары жұмыс істеді.Темiржолды салу Екібастұз көмір өндiрiсiн арттыруға себепшi болып, 1901 жылға қарай 69,5 мың тоннаға жетті[8,125б.] Өлкеде ауыл шаруашылығының, кәсіпшіліктермен өнеркәсіптің дамуымен байланысты негiзiнен отарлық сипаттағы сауда дамыды. Павлодар уезi сонымен бірге Ресейдің басқа шет аймақтары сияқты бүкілресейлiк рынокқа көбірек тартылды. Уезде айырбас, жәрмеңке және тұрақты сауда орын алды.
XIX ғасырдың орта шенiнде, ұлы жүз қосылғаннан кейiн, Россия шекарасы Қашғарияға тиiп тұрды, сондықтан Россияның көрші халықпен саяси және экономикалық қатынастар орнатуға ұмтылуы табиғи жай еді. Бұл мәселені патша үкіметі 1857 жылы нақты тұжырымдады. Бiрақ Қашғариядағы iстердiң шын жайы туралы сенімді деректері болмаған орыс үкіметі бұл бағытта ешқандай да батыл шаралар қолдана алмады.Екінші жағынан, Қашғария таза ғылыми тұрғыдан назар аударды. Бұл елдiң географиясы туралы деректер, оның саяси және экономикалықөмiрi туралы деректер ғылым үшiн XIX ғасырдың орта шеніне дейiн белгiсiз болып қала берді. Рас, ол кезде Россияның ғылыми жұртшылығы Германияның белгілі географы, Шығыс елдеріне саяхат жасаған, ағайынды үшеудің бiрi Адольф Шлагинтвейгтiң Индиядан Қашғарияға барғанын бiлетiн-дi, бiрақ ол Қашғарияда болғаннан кейiн де едәуір уақыт өтіп кетті, ал оның өзi жөнiнде ешқандай хабар болмады.Патша үкіметі қажетті деректер жинап қайту үшiн Қашғарияға тәжiрибелi де сенiмдi адам жiбермек болды. Ол адам ержүректілігі мен батылдығына қоса шығыс тiлдерiн жақсы бiлуге, ел iшiндегi жағдайдың бүкiл күрделілігін жете түсініп, Россиямен экономикалық жағынан да, саяси жағынан да жақындасу үшiн негiз даярлауға тиiс болды[9,36б.].Ш. Уалихановтың Қашғардағы зерттеушілік қызметі көптеген мәселелерді қамтиды. Ол елдің тарихымен қатар, халқын, этнографиясын, сауда-саттығы мен экономикасын зерттейді, керуен жолдарының маршруттары мен сауда заттарын анықтайды. Оның әртүрлі елдерден Қашғарға келген көпестермен әрдайым карым-қатынас жасап отыруы көп жәрдемін тигізді. Саудагер ретінде ол көпестерден жол бағыттарының егжей-тегжейiн, статистикалық мәліметтерді және өзін қызықтыратын басқа деректердi бiлiп отырды.Елдің өнеркәсібінің нашар дамуы мен экономикасының тоқырап қалуының себептерін талдау зерттеушiнің шамадан тыс салықтар өнеркәсіп пен сауда саттықтың табысқа жетуiн тежеп отырдеген қорытынды жасауына мүмкіндік береді. Салықтар өнеркәсiптiң дамуын тежепқана коймай, таптық кайшылықтарды да шиеленiстiрiп, халық бұқарасының наразылығын туғызды.Шоқан Уәлиханов Шығыс Түркістанныңқазақ жүздерімен сауда-саттық байланыстарын да қадағалай алды. Мал шаруашылығы нашар дамыған қашғарлықтар қазақ даласынан айдап әкелiнетін қойларды сатып алатын. Тек Қашғар қаласының өзiне жыл сайын 200 мыңнан астам мал әкелiнетiн де, олар елдiң мал базары бар басқа қалаларына таратылатын. Россия Шығыс Түркстаннан шайдан басқа боз, кiлем, елтiрi және терi сатып алып отырды.Россияның Шығыс Түркістанмен сауда қатынастарын зерттей келіп, Уалиханов көп жылдық дәстүрлердi пайдалану негiзiнде ол қатынастар бұдан былай да ойдағыдай дами алады деген қорытындыға келеді. Ол патша үкiметiне бұл елдiң саяси өмiрiне сауда-саттық арқылы ықпал жасауға назар аударуды ұсынады[9, 41б.].Елдің, тұрғылықты халықтың әл-ауқатын жақсарту, алдымен, олардың сауда-саттыққа араласы, тауар-ақша қатынасының дамуына тікелей байланысты еді.Осыған орай ордалықтар арасында сауда дамып, ақша қатынасы өркендеді. Бұрынғыдай саудада тауарды тауарға, не малды тауарға айырбастау емес ақша баламасын қолдану күшейді. Бұл сөз жоқ, көршілес орыс селоларындағы жәрмеңкелерге қатысуы, келе-келе өз іштерiнде өткiзуi, онда ханның шеттен әкелінген тауарларға баж салығын төмендетуінің ыкпалы еді.Орда өңіріндегі бұл сынды нарықтыққатынастарға негізделген экономика елдiң шаруашылығы мен тұрмысына да оң өзгеріс әкелiп, iшкi кажеттілікте ақша сұранысын өсірді. Ал ақша сұранысы дегенiмiздiң өзi сауда-саттықтың дамуы болатын. Осыған байланысты өте аз көлемдегі ұсақ тауарға негізделген көлік тасымалымен жүзеге асатын сауда операциялары күрт өсті, тұрақты жәрмеңкелік саудалар күшейді. Онда ежелгі Ноғай хандығы тұсында ерекше дамыған мал саудасыныңүлесi мол болды. Тап сол кездегі сияқты жергілікті еділбай қойлар мен суыққа төзімді далалық жылқылар ақша айырбасына түсті.19 ғасырдың он үшiншi жылы бөкейліктер Ресейге 41 242 жылқы, 16 302 сиыр, 227 100 қой, 14 066 ешкi сатса, жиырмасыншы жылдардың аяғында Ордада жыл сайын жалпы құны 9,5 миллион сомға тұратын 400 мың Еділбай қойы,біраз мөлшерде жылқы, аздаған сиыр өткізіп,түйе,қой жүндері,аң терілері мен ешкі түбіттері айырбасталды.Жыл сайын Казан губерниясының 2 мың бакалшы-саудагерi қосөзен арасын аралап, ұсақ тауарлар сатты. Ресей империясы осы өлкеден жыл сайын соғыс, корғаныс мақсаты, түрлi экспедициялар қажеттіліктеріне орай көлік ретінде мыңдаған түйе алып отырды.Сайып келгенде мұның бәрі елде сауда-саттық, ақша айырбасының мықтап дамуы,арнайы ақша айырбасына негiзделген жәрмеңкелер ашу қажеттілігін туғызды. Бұрынғы Котяев, Кiрдуан, Астрахань, Богда жағында өтетін базар, жәрмеңкелерге қатысып жүретін қазақтар отызыншы жылдардан бастап, хан ставкісінде ашылған өз жәрмеңкелерiнде сауда жасады. 1830 жылдыңөзiнде жәрмеңке ұйымдастыру мәселесі Орынбор шекара комисиясында әңгіме болып, бұл мақсатқа империя қазынасынан 56161 сом қаржы бөлінді. Арада екі жыл өткенде құрамында 316 сауда нүктесі бар 12 корпус тұрғызылды. Былайғы кезде де жұмыс iстей беретiн ол нүктелер жылдың көктемгі және күзгі шактарында өтетін үлкен жармеңкелерде тіптен қызып өсе түседі[10, 40б.].
ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресейдің дамып келе жатқан өнеркәсібінің шикізат қорына айналды. Мал шаруашылығы шикізатының үлкен қоры Ресейдің ғана емес, сонымен қатар жекелеген шет елдердің тоқыма және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының назарын аударды. Шығыс Қазақстан қалаларында сауда операцияларын жүргізу үшін сол кезде несие-банк мекемелерінің кең желісі құрылды. Павлодарда екі қалалық Банк және сыртқы сауда үшін Ресей Мемлекеттік банкінің бөлімшесі жұмыс істеді, жеті палатинада Сібір сауда банкінің бөлімшесі құрылды. Бұл банктер мен Павлодар уездік қазынашылығының айналымы анықталды, мысалы, тек 1916 жылдың өзінде Павлодар, Өскемен, Зайсан, Көкпекті қалаларында 100 млн рубльден астам қоғамдық банктер құрылды[11,113б.].Бұдан басқа, 1917 жылғы 1 сәуірде құрылған, орталығы Ново-Николаевскіде (Новосибирск) орналасқан "Сібір кооперативтері комиссиясының" құрамына кірген "Семей кооперативтер одағы" сыртқы сауданың дамуына едәуір дәрежеде ықпал етті. Сыртқы саудадағы маңызды орынШығыс Қазақстан қалаларын нан саудасы басып алды[11, 114б.].Сауданың дамуы халықтардың өзара араласуына әкелді. Қазақ жерінен пайда тапқан орыстар бірте-бірте қазақ жеріне қоныс аударып, тұрақтана бастады. Осы кезеңде жылдам бой алған орыс бекiнiстерi сауда жандануының негiзгi орынына айналды.
1.2Қазақ-қытай сауда қатынастары

XIX ғасырдың басында Ресейдің Шыңжаң, Кашмир және Тибетпен сауда-экономикалық байланыстарының маңызды өткізу пункттері ретінде Өскемен, Бұқтырма, Семей және басқа қалалардың маңызы едәуір артады. Осы байланыстардың кеңеюіне Орта жүздің қазақ көшпенділері арқылы дәстүрлі керуен жолдарының өтуі ықпал етті. Қазақстан мен көршілес Орта Азиялық иеліктер Жоңғариядан әкелінетін ресейлік, сондай-ақ қытай тауарларын өткізудің маңызды нарықтары болып табылды. Орыс қытай саудасы негізінен Кях ту арқылы жүргізілсе де, Синьцзян арқылы тауар айналымы Шығыс Қазақстанның экономикалық дамуында елеулі рөл атқарды. 1805 жылы сауда агентін алғанға дейін Шығыс Қазақстан облысының сауда маңызы бар қалаларының өлкеге пайда әкелгені және Кяхта кеденінің экономикалық мәртебесін көтергені атап өтілді, ол Ресей үкіметіне елеулі табыс әкеле бастады.Шыңжаңмен орыс керуен саудасы дамыған сайын, айырбастау үшін орыс тауарларын әкелуге қызығушылық таныта бастады. Мұны ресейлік Мұрағат дереккөздері дәлелдейді. Сонымен, 1804 жылы мамырда сотник Горшков Өскеменнен Чугучак билеушісінің сауда-саттықты орнатуға қатысты Ресей билігімен келіссөздер жүргізу ниеті туралы хабарлады.


Осы хабарламаға сәйкес, Цин үкіметі өз елшілері арқылы "Ресейге олардың араздығы жоқ екендігіне сендіруді және өз адамдарын Өскемен қаласына сауда жасау үшін алдын ала жібергісі келеді, егер олар бірден сауда жасауға жол бермесе" деп сұрады .1805 жылы Үкімет Бұқтырмада ғана емес, "егер қытайлар қаласа" Ертіс желісі бойынша да сауда ашуды бұйырды . Сол жылы Бұқтырма бекінісіне Қытай көпестері келді. Нерпинмен жабдықталған 5 мың рубльге арналған тауарлары бар алғашқы маңызды орыс керуені, 1809 жылы чугучактың айтуынша, тауарларын ауыстырып, керуен Бұқтырмаға аман-есен оралды. 1811 жылы Бұқтырма арқылы Жоңғарияға жіберілген тауарлардың құны 150 мың рубль болды . 1811 жылы орыс билігі Аудармашы Путимцевті Жоңғарияға жіберді, оған Бұқтырма арқылы орыс қытай саудасын кеңейту мүмкіндіктерін анықтау тапсырылды. Путимцев оралғаннан кейін, атап айтқанда, Жоңғариядағы орыс саудасы Цин билігі белгілеген елеулі шектеулерге тап болғанын атап өткен жазбаны ұсынды . Орыс керуендерінің Шыңжаң қалаларына баруына жауап ретінде қытай және жергілікті көпестер өз бастамасымен және жергілікті биліктің үнсіз келісімімен Бұқтырма бекінісіне тауарлар үшін өздері келе бастады, олар үшін құймаларда күміс төлей бастады.Шығыс Қазақстан арқылы орыс-қытай сауда байланыстары құрлықтағы бағыттар бойынша да жүзеге асырылды. Қытай тауарлары шекарада "жалпы жұқпалы аурулардың"алдын алу үшін дезинфекциядан өтті. Шыңжаң қаласының көптеген тұрғындары Қазақстанға жасырын мал әкеліп, оны Ресейдің шекаралық аудандарында ұрлады. Мұндай әрекеттерді болдырмау үшін шекара күзеті ұлғайтылды.1909 жылдың қазан айында "орыс-қытай ұлттық қоғамының акционерлік қоғамының" құрылтайшылары сауда және өнеркәсіп министрінің атына жазылған меморандумда Шар-Сумбада (орыс-қытай сауда нүктелерінің бірі) жол ұстаған товарымен бірге ағылшын керуені чум пунктінен өткенін хабарлады. Алайда, жекелеген кедергілерге қарамастан, Шығыс Қазақстан арқылы Ресей мен Цин империясы арасындағы сауда байланыстары дамыды. 1912 жылы Қытайдан Шығыс Қазақстанға 1 212 067 рубльге тауарлар әкелінді және Қытай қалаларына 922 224 рубльге экспортталды.осы мәліметтерге сүйенсек, Шығыс Қазақстан арқылы Ресейге қытай тауарларының импорты олардың қарастырылып отырған ауданының экспортынан едәуір басым болды. Құрлықтық бағыттар бойынша Қытайдан әкелінудің негізгі баптары жүн, нан, балық, шай, жануарлардың терілері, тері болды, әкетілетін заттар дәнді-дақыл, нан, ұн, қант, керосин, мануфактура бұйымдары болды[6,119б.].Өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді шешу үшін Қытай саудагерлері Шығыс Қазақстанның қалаларына жиі баратын, ал орыс көпестері Қытай шектеріне шығатын. 1912 жылы Шығыс Қазақстаннан Қытайға 1121 орыс және 2369 қытай, ал одан 678 орыс және 4078 қытай шықты.Орыстар мен азиялықтар әртүрлі бағыттарды ұстанды: орыстар қазақ пикет жолын ұстанды, ал азиялықтар қазақ даласы арқылы жүрді. Алайда керуен жолдары қауіпті болды. Олардың жағдайын А. Яну/шкевичтің келесі ескертуі бойынша бағалауға болады«... Көп ұзамай біз, - деп жазды ол өзінің саяхаты туралы, - Құлжа керуені деп аталатын жолға жеттік, бірақ іс жүзінде бұл оның көлеңкесінен гөрі, түйелердің тұяқтарымен және күн мен мезгіл-мезгіл олардың қалдықтарымен, жылқылардың сүйектерімен, қошқарлармен, мүмкін адамдармен көрсетілген».1881 ж.Ресей мен Қытай арасындағы Санкт-Петербург шартын жасасқаннан кейін Зайсан, Өскемен, Семей және басқа қалалардың сауда мәні едәуір артты, 1882 жылдың бірінші жартысында Семей қаласында әртүрлі тұлғаларға 33 билет берілді (1881 ж. 32-ге қарсы) Қытайға 305 464 б. (1881 ж. 255 198 рубльге қарсы). Қалалардағы ресейлік саудагерлердің саны айтарлықтай өсті.Олардың көпшілігі Чугучакта сауда жасады, ал бұл саудагерлердің жылдық айналымы 200 000 рубльге жетті. "Орыс элементі (Құлжада) табиғи орыс саудагерлерінің саны мен олардың капиталы жағынан да айтарлықтай және маңызды" деп Дала генерал-губернаторының 1882 жылғы есебінде айтылды.
Ресей саудагерлері (орыстар, қазақтар, татарлар, сарайлар) Цин Қытайынан былғары, жүн, күміс құйма және әсіресе шай шығарды. 1882 жылы Ресей саудагерлері 12000 қой терісін, жылқы мен түйе терісін, 45000 мерлушканы, 600 п. жылқы шашын, 400 п. ешкі түбітін, 8500 п. кәдімгі жүнді, 600 түлкі терісін, 200 п. бас терісін алып тастады.Шығыс Қазақстан қалалары арқылы біртіндеп дамып келе жатқан орыс-қытай саудасы Шыңжаңдағы және басқа да шектес елдердегі Ресейдің ықпалын кез келген құралдармен әлсіретуге тырысқан Англияның алаңдаушылығын туғызды. XX ғасырдыңқарсаңын экономиканың жетекші буындары түріндегі Қазақстан қалаларының дамуының бастауыш кезеңi деп санауға болады. Бірте-бірте қала өлкенің экономикалық және мәдени өмiрiнде жетекші орын алды. Орал, Петропавл сияқты қалалар едәуiр iрi темір жол тораптарына, сауда жолдарының түйіскен орындарына айналды. XIX ғасырдың 50-60 жж. Батыс Сiбiрдiң оңтүстік шекараларынан ортаазиялық хандықтар арқылы басты Қытай қалаларына өтетін бес керуен жолдары болды:
1. Петропавлдан Ташкент пен Бұқараға, Ақмола аркылы, Ақтау және Ұлытау бекiнiстерiнiң аралығымен Сарысу өзені, Бетпақдала арқылы Шу өзеніне;
2. Петропавлдан Құлжаға Көкшетау таулары арқылыАякөз өзенінің бойымен Қапал арқылы
3. Семейден Чугучанга Аякөз бен Көкпекті арқылы;
4. Семейден Аягөз бен Қапал арқылы Қашқария менҚұлжаға;
5. Семейден Қоқанға, Аякөз, Қарқаралы, Шу өзені арқылы.
Керуен жолдарының бойында керуенсарайлар және қонақ аулалар салынды. Зайсан, Өскемен, Семей және басқа қалалардың саудалық маңызы, Ресей мен Қытай 1881 ж. Петербург шартын жасағаннан кейiн елеулі өсті.
Астық тасымалдарының басым көпшілігі Павлодар, Өскемен, Семей өзен аялдамалары (пристаньдары) арқылы іске асты. Қазақстан қалалары қалай болғанда да ауылға саяси және мәдени "қызмет" көрсетті және ол жақтан косымша жұмыс күшін, шикiзат және өмір сүруiне қажет басқа да заттар алып отырды.XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басына қарай қала өлкенің экономикалық, саяси және мәдени өмірінде бірте бірте жетекші орын ала бастады.Қалаларда ауылшаруашылық өнімдерін өндіру,өндіріс орындарын қалыптастыру жүргізілді[8,135б.].Екі ғасырдың аралығында қазақстандыққалалар аграрлық-сауда және мәдени орталықтарға айналды. Оларда ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп жәнеауылшаруашылық азық-түлiгiмен сауда жасау дамыды.
Дамудың капиталистік сатысына тон сауда байланыстарының күшеюi қала мен қазақ ауылыныңқарым-қатынастарындағы елеулі өзгерістерді ала келді. Қазақстандағы астық шаруашылығы барған сайын тауарлы сипат ала берді.Цин империясына шекаралас Қазақстан Ресейдiң Синьцзян және Монғолиямен шекаралық саудада үлкен маңызды орын алды.Қалалардың көшпелі малшаруашылығы мен орыс шаруалары тұрғындарының арасындағы өкілдік қызметінің кеңеюіне байланысты демографиялық жағдайда өзгере түсті. Сауданың дамуы миграциялық үрдістің белсенділігіне жетеледі. Ал бұл өз кезегінде қалалықтардың әлеуметтік, діни, семьялық-некелік, ұлттыққұрамдарының елеулі өзгерістерiн туғызды. Қалаларда бірте-бірте жергілікті халықтыңүлестiк салмағы арта түсті[8,136б.].Шығыс Қазақстан арқылы орыс-қытай сауда байланыстары құрлықтағы бағыттар бойынша да жүзеге асырылды. Қытай тауарлары шекарада «жалпы жұқпалы аурулардың» алдын алу үшін дезинфекциядан өтті. Шыңжаң қаласының көптеген тұрғындары Қазақстанға жасырын мал әкеліп, оны Ресейдің шекаралық аудандарында ұрлады. Мұндай әрекеттерді болдырмау үшін шекара күзеті ұлғайтылды.Бұрынғыдай Ресейдің мүдделері Англияның осы аймақтағы ықпалын нығайтуға деген ұмтылысына тап болды. 1909 жылдың қазан айында "орыс-қытай ұлттық қоғамының акционерлік қоғамының" құрылтайшылары сауда және өнеркәсіп министрінің атына жазылған меморандумда Шар-Сумбада (орыс-қытай сауда нүктелерінің бірі) жол ұстаған това рамимен бірге ағылшын керуені чум пунктінен өткенін хабарлады. Алайда, жекелеген кедергілерге қарамастан, Шығыс Қазақстан арқылы Ресей мен Цин империясы арасындағы сауда байланыстары дамыды. 1912 жылы Қытайдан Шығыс Қазақстанға 1 212 067 рубльге тауарлар әкелінді және Қытай қалаларына 922 224 рубльге экспортталды.осы мәліметтерге сүйенсек, Шығыс Қазақстан арқылы Ресейге қытай тауарларының импорты олардың қарастырылып отырған ауданнан экспортынан едәуір басым болды. Құрлықтық бағыттар бойынша Қытайдан әкелінудің негізгі баптары жүн, нан, балық, шай, жануарлардың терілері, тері болды, әкетілетін заттар дәнді нан, ұн, қант, керосин, мануфактура бұйымдары болды[9,119б.].Өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді шешу үшін Қытай саудагерлері Шығыс Қазақстанның қалаларына жиі баратын, ал орыс көпестері Қытай шектеріне шығатын. 1912 жылы Шығыс Қазақстаннан Қытайға 1121 орыс және 2369 қытай, ал одан 678 орыс және 4078 қытай шықты.Орыстар мен азиялықтар әртүрлі бағыттарды ұстанды: орыстар қазақ пикет жолын ұстанды, ал азиялықтар қазақ даласы арқылы жүрді. Алайда керуен жолдары қауіпті болды. Олардың жағдайын А. Янушкевичтің келесі ескертуі бойынша бағалауға болады«... Көп ұзамай біз, - деп жазды ол өзінің саяхаты туралы, - Құлжа керуені деп аталатын жолға жеттік, бірақ іс жүзінде бұл оның көлеңкесінен гөрі, түйелердің тұяқтарымен және күн мен мезгіл-мезгіл олардың қалдықтарымен, жылқылардың сүйектерімен, қошқарлармен, мүмкін адамдармен көрсетілген».1881 ж.Ресей мен Қытай арасындағы Санкт-Петербург шартын жасасқаннан кейін Зайсан, Өскемен, Семей және басқа қалалардың сауда мәні едәуір артты, 1882 жылдың бірінші жартысында Семей қаласында әртүрлі тұлғаларға 33 билет берілді (1881 ж. 32-ге қарсы) Қытайға 305 464 б. (1881 ж. 255 198 рубльге қарсы). Қалалардағы ресейлік саудагерлердің саны айтарлықтай өсті.Олардың көпшілігі Чугучакта сауда жасады, ал бұл саудагерлердің жылдық айналымы 200 000 рубльге жетті. "Орыс элементі (Күлжада.) табиғи орыс саудагерлерінің саны мен олардың капиталы жағынан да айтарлықтай және маңызды" деп Дала генерал-губернаторының 1882 жылғы есебінде айтылды.Ресей саудагерлері (орыстар, қазақтар, татарлар, сарайлар) Цин Қытайынан былғары, жүн, күміс құйма және әсіресе шай шығарды. 1882 жылы Ресей саудагерлері 12000 қой терісін, жылқы мен түйе терісін, 45000 мерлушканы, 600 п. жылқы шашын, 400 п. ешкі түбітін, 8500 п. кәдімгі жүнді, 600 түлкі терісін, 200 п. 118 бас терісін алып тастады[9, 46 б.]. XIX ғасырдың соңына қарай Жетісу облысы арқылы Қытай мемлекетімен сауда қатынасы қарқынды өсу жолында тұрған. Бұл елмен сауда Жаркент, Бақты, Ыстықкөл (Пржевальскі), Нарын кеден және Харгос кеден пункттері арқылы жүрген. Қытай тарапынан астық, күріш, көкөніс, жеміс-жидек, құс және құс өнiмдерi, балық, кант, арақ, шарап, сыра, дәрілік шөптер, иленген тері, шойын, темір, болат, сондай-ақ солардан жасалған бұйымдар әкелінген.

2 Жәрмеңкелік сауда


2.1XIX-XXғасырдағыжәрмеңкелік сауда


XIX ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында қазақ халқының Ресей құрамына қосылу процесi аякталады. Бұл процестің аяқталуы қазақ даласында патша үкіметінің тек саяси билiгiн ғана үстем етіп қойған жоқ, сондай-ақ, қазақ көшпелi қоғамының шаруашылығын капиталистік жолмен дамып бара жатқан Ресей экономикасымен тығыз байланыстыра түстi. Бiздiң өлкеміздің патшалық Ресейдің шаруашылық өмiрiне тартылуы қазақ даласындағы товар-ақша катынасының дамуын күшейткен орыстық товарлы-өнеркәсіп капиталының өрісін кеңейте түсті. Сөйтіп, қолөнердiң, сауданың, жалпы алғанда ауыл шаруашылығының дамуына өте үлкен жағдайлар жасалынды. Ресей империясының отары болып отырған Қазақстанның ауыл шаруашылығы бірте-бірте, ақырындап капиталистік сипат ала бастады. Қазақ ауылдары мен орыс поселкелерiнiң, қалалардың арасындағы экономикалық байланыс күшейе түстi.Қала мен селоның арасындағы экономикалық байланыс сауда арқылы, әсіресе, жәрмеңке саудасы арқылы орнады. Қазақ даласындағы жәрмеңке саудасының рөлі туралы Дала генерал-губернаторы 1883 жылғы патшаға берген есебiнде былай деп жазады: «Жалпы алғанда, географиялық орналасуы жағынан бiздiң Орта Азиямен сауда жолымызда жатқан, мемлекеттің құрамына кіретін Дала генерал губернаторлығы өте кең өлкені алып жатыр. Даланын көшпендi тұрғындары сауда керуендерін жүк тасымалдайтын көліктермен қамтамасыз етiп сауданың өрiстеуiне жағдай жасайды, өздерiнiңқойларын, жылқыларын, iрi қараларын сату арқылы мемлекеттiң азық-түлiк қорын молайтуда. Ал мал шаруашылығының өнiмдерiне Европалық Ресейдiң шығыс губернияларынан, Сiбiрдiң жақын маңдағы аймақтарынан зауыт өнеркәсібінің товарларын айырбастап алады. Бір жарым миллиондай көшпелі тұрғындар Ресейдiң ауыл шаруашылығы, қолөнер және мануфактуралық өнеркәсiптiк өнiмдерiн өткізетін орасан зор тұтыну рыногы болып табылады». Алғашқы жәрмеңке саудасы Қазақстанда XIX ғасырдың 30-шы жылдарында-ақ жұмыс істей бастады. 1832 жылы Бөкей ордасында бірінші жәрмеңке ұйымдастырылды. Бірақ, сауданың бұл түрінің дамуы XIX ғасырдың 80-90-шы жылдарында анықбайқалды. Ресейде капиталистік қатынастардың дамуы қазақ көшпелі ауылының патриархалдық- феодалдық жүйесіне өзгеріс енгiзiп, қазақ даласында товар-ақша қатынасының дамуына жағдай жасау арқылы орыс капитализмiнiң «кеңейе» дамуы үшін үлкен роль атқарды.Жәрмеңке саудасы таза мал шаруашылығы дамыған қазақ даласы үшiн басты маңызы бар сауданың түрі болды. Өйткені көшпелi қазақ ауылының тұрғындары үшін өте ыңғайлы болды. Олар мал мен мал шаруашылығыныңөнiмдерiн өздерiне аса қажетті галантереялық, мануфактуралық, бакалейлік, темiр және басқа бұйымдарға айырбастап ала алды. Алысқа бармай, жақын маңда ашылған жәрмеңкелерден бар қажетті бұйымдарын табуға тырысты.Жәрмеңке саудасының далалық облыстарда жақсы дамыған жерлерi Ақмола облысы мен Семей облысы болды. Олар - Семей облысының Қарқаралы уезiнде жазда жұмыс iстеген Қоянды-Ботов жәрмеңкесі. Атбасардағы Петровская, Ақмоладағы Константиновская, Петропавлдан 120 шақырым қашықтық жерде орналасқан Тайыншакөл және басқа жәрмеңкелер.Мұрағат құжаттарына сүйеніп айтар болсақҚазақстанда бiз зерттеп отырған кезеңде әр облыста 30-дан 100-ге дейін ірілі-ұсақты жәрмеңкелер мен сауда жасайтынорындар жұмыс істеген екен. Жәрмеңкелердiң кейбiреуi товар айналымы жағынан облысқа немесе бүкiл қазақ даласына белгілі болса, кейбіреулері жергiлiктi жерге ғана танымал болған (имели местного значения). Қазақ даласында жәрменкенің көп болғаны жөнiнде мына деректен анық көруге болады: 1907 жылы Ақмола облысында 100-ден аса iрiлi-ұсақты жармеңкелер мен торжоктар жұмыс істеп, олардың сауда айналымы 80 миллионнан асқан, оның iшiнде сырттан келген заттардың құны 50 миллион сом, сыртқа сатылған заттардың бағасы 20 миллионнан асты.
1825 жылы 17 ақпанда Орынбор әскери губернаторы П.К.Эссен Жәңгір ханға орыс көпестерi мен бөкейлік қазақтардынң сауда жасаулары үшін Чапчачи және Ұялы деген жерлердi беру қажеттiлiгi туралы тапсырма берді. П.К.Эссен ассесор Кузнецовтың ұсынысына қолдау білдіріп, Еділ жағындағы Чапчачи мен Нарыш құмындағы Ұялының Орал және Ахтуба бекіністерінен бірдей қашықтықта екендiгiн ескере отырып Астрахан азаматтық губернаторына орыс саудагерлерiнiң осы жерлерге келу мүмкiндiктерiнеөз ықпалын тигiзуiн өтiнгенiн хабарлайды.Бөкей Ордасында орыс қазақ сауда қатынастарын дамыту туралы титулярлық кеңесшi, acecсор А.Д.Кузнецовтыңұсынысымен Орынбор әскери губернаторы П.К.Эcceн тапсырмасын Жәңгiр хан түсiнiстiкпен қабылдап, Чапчачи және Ұялы сияқты мекендерде мал және мал өнiмдерін сататын орындар үшін арнаулы орындар бөліп, орыс саудагерлері мен бөкейлік қазақтардың арасында сауданың дамуына қажетті жағдай жасауға тырысты[8, 27 б.].
Жәңгір хан 1832 жылы Ордада жәрмеңке ұйымдастыруға ресми рұқсат алды. Жәрмеңке ұйымдастыруға мемлекет қазынасынан 56,161 сом ақша бөлініп, оған 316 лавкасы (дүкені) бар 12 үлкен корпус (ғимарат) салынған[10, 47 б.].
Алғашқы 1833 жылғы көктемгі жәрмеңкеге Ресейдiң 17 губерниясынан көпестер мен саудагерлер келген. Келесі жылдары жәрмеңкеге қатынаскан саудагерлердiң саны 1 мыңнан асты. Бұл кезде Хан ставкасындағы тұрғындардың саны 500-ден аспайтын.Жәрмеңкеге Бөкей Ордасының орта бөлiгiнiңқазақтары көптеп қатынасты. 1835 жылға дейiнжәрмеңке саудасы негiзiнен айырбас түрiнде өтiп, сауда жасаған адамдардың жалпы саны көктемде 4-5 мың адамға жетті, күзде олардың саны сәл азайып 2-3 мыңғана адам болды. Қамыс Самар көлінің, Жаңа Өзен бойының қазақтары негізінен Ново узень, тiптi Покров жәрмеңкелерiне катынасты, Каспий жағалауыныңқазақтары жәрмеңкеге Астраханға, Красный Ярға, Чанчадиға барды.Бiрақ Еділ мен Жайық арасындағы Жәңгір хан жәрмеңкесi әкелiп сатылатын мал саны мен мал өнімдерінің көптiгiмен аймақтағы ең күшті жәрмеңкеге айналды. Біраздан соң жәрмеңкеде сатылатын кой саны3 есе, жылқы саны 10 есе артты. Кейінірек тұқымы асылдандырылған және жүйрiк аттар сатыла бастаған кезде жәрмеңкедегi жылқылардыңөтімділігі арта түсті[10, 51 б.].
Хан ордасындағы жәрмеңке түйіскен тоғыз жолдың торабына айналды. Жәрмеңкеге жергiлiктi Бөкей қазақтарынан басқа Орынбордан, Орал (Теке), Гляновск, Кармановск, Кызыл оба, Мергеннен, Саратовтан, Эльтон мен Камышиннан, Астраханнан, Черный Яр, Владимировскіден саудагерлер, айырбасшылар, бақалшылар келiп сауда-саттық жасаған.Хан Ордасындағы жәрмеңке аркылы XIX ғасырдың 30-жылдарында Бөкей Ордасында, Ресеймен сауда қатынастары дами түсті. Ресейге Бөкей Ордасынан мал және мал өнімдері сатуға шығарылды. Жалпы сауда айналымында бірінші орында қой және жылқы шаруашылығы тұрды. Жыл сайын қазақтар 1 800 мын рубль (сом) көлемiнде 300 мыңқой сатты. 1832 жылға дейiн Бөкей Ордасының қазақтары басы артық малдарын Ресейдiң базарларында - Орал, Гурьев, Астрахан, Саратов т.б.сатқан. Бөкей ханның мәліметі бойынша 1804 жылдан 1814 жыл арасындағы 10 жыл iшiнде қазақтар 40 мың жылқы, 16 мың мүйiздi iрi қара, 30 мын қой-ешкі сатқан[10, 54 б.]Сонымен Ішкі Бөкей Ордасында жәрмеңкелік сауданың негізгі өнімі мал өнімдері болғанын байқай аламыз.
1897 жылғы мәліметтер бойынша Жетісу облысында iрi төрт жәрмеңке болды. Олар: Нарын-Сергиопол, Атбашы, Алмалы және Қарқара жәрмеңкелері еді. Лепсі уезіндегі Нарын-Сергиопол жәрмеңкесі ресми түрде 1885 жылдың 1 мамырында ашылып, 1 мамыр мен 15 маусым аралығында жұмыс жасады. Орналасқан жері Сергиопол станциасынан 8 шақырымдай жердегі Нарын өзенінің бойы болып, жәрмеңкенің жылдық айналымы шамамен 78 мың сом кұрады. Ал, Пржевал уезiндегi Атбашы жәрмеңкесінің ресми жұмыс жасауы 1890 жылдың 12 қазанынан басталды. Жәрмеңкенің жұмыс жасау мезгiлi 6-25 шiлде аралығында, ал жылдық айналымы 5,2 мың сомдай еді. Қапал уезiндегi Алмалы жәрмеңкесі осы шамада жұмыс жасады. Жетісудағы ірі жәрмеңке - Жаркент уезінің Қарқара өзенінің бойына орналасқан Қарқара жәрмеңкесі болатын. 1897 жылы Қарқара жәрмеңкесінің жылдық айналымы 66253 сомды кұрады[11, 4 б.] Сонымен, жәрмеңкелік сауда қазақ ауылдарының өмір сүру деңгейлерінің көтерілуіне біршама әсер еткенімен қоймай көршілес елдермен жақын қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.
2.2 Қазақ мәдениетіндегі жәрмеңкелердің рөлі

Жәрмеңкелерде сауда-саттық жасалып қана қойған жоқ. Олар алуан түрлі рулар мен халықтардың өкілдері бас қосып, пікір алысатын, байланыс жасап тұратын орнына да айналды.Қазақ және орыс халықтары өкілдерінің өзара тамыр-таныстығы да осындай жәрмеңкелерден басталатын. Жәрмеңкелерде ірі-ірі спорттық шаралар, ат жарыстары, ұлттық ойын түрлері өткізіліп тұратын. Қазақтардың әр түрлі руларының, кейде тіпті барлық жүздерінің өкілдері күш сынасатын жарыстар да өткізілетін. Жәрмеңкеге жиналғандар түрлі спорт ойындары мен жарыстарды тамашалайтын. Ақындар айтысқа түсіп, бақ сынасатын.


Ірі-ірі жәрмеңкелерде қазақтың бүкіл әлемге танылған атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өнер көрсетті. Жәрмеңкелерде қазақтың Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Шамсутдинова, Әсет Найманбайұлы, Әміре Қашаубайұлы сияқты көптеген сал-серілері мен ақындары да жиі-жиі болып тұрған.Саяси өмірдегі оқиғалар шиеленісіп қыза түскен кездері жәрмеңкелер өкімет билігінің жоғары органына жазбаша шағым түрінде петициялар жолдайтын орын да болып табылды. Мәселен, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен атақты Қарқаралы петициясы жазылды.Ресей империясыныңқұрамына енгеннен бастап қазақ даласында сауда-саттық катынастардың жаңа түрi -жәрмеңкелер кеңiнен тарала бастады. Тек қана Қазақстанның батыс бөлігiнде- Кіші жүзде Ішкі Бөкей Ордасында (Жәңгір хан жәрмеңкесі), Оралда, Гурьевте, Ырғыз (Жармола), Темір (Қарақамыс), Көкжар (Ойыл) Ақтөбе жәрмеңкелерi пайда болды. Бұл жәрмеңкелер Қазақстандағы iрi сауда орындары ғана емес қазақөнерiнiң дамуына өзiндiк үлес қосқан өнер ордалары да болды.Жәрмеңкелер сол тұста өмір сүрген ақын, жыраулардың шығармашылығының дамуына үлкен әсер етті, сонымен бiрге қарапайым халықтың рухани қажеттілігін орындауда да ерекше орын алды[13, 39 б.].
Көкжар жәрмеңкесі адай Қалнияз, Қашаған, Нұрым, Ақтан, назар-шүрен Нұрпейіс, таз Қоспақ, берiш Мұрат Мөңкеұлы сияқты ақиық ақындар ажарлы айтыстарымен, жыр-толғауларымен елдiң көңiлiн көтеріп, халықтың рухани өмiрiн ажарландырған киелi өнер ошағы болды.Батыс Қазақстан жәрмеңкелерi қазақтың Ұлттық ойындары мен қолөнерiн насихаттауға қолайлы жағдайлар туғызды. Жәрмеңкеге жергілікті халықты көп жинау үшiн арнайы атжарыс бәйгесі өткiзiлiп отырды. Ақтөбе жәрмеңкесiне атжарысты көру үшін Торғай облысының губернаторы өзiнiңқызметкерлерiн ертіп келген. Жәрмеңкелерде ақын, жырау, сал-серiлердiң дәстүрлі өнерлерi орыс тың цирк өнерiмен толыға түстi. Халықтың жәрмеңкелерде сүйсiнiп тамашалайтын балуандар күресі, кірдің тасын көтеру, арба сүйреп, темiр иiп, төске тас қойып ұрып сындыру т.б. жәрмеңкелердiң мiндеттi атрибутына айналды[14, 43 б.].XIX ғасырда пайда болып, қалыптасқан жәрмеңкелер Қазақстанның әлеуметтік, экономикалықөмiрiне үлкен үлесқоса отырып, халықтық мәдениеттің орталықтары ретiнде ел тарихынанүлкен орын алды.
Қорытынды
Әр дәуірге, әр кезеңге орай сауданың сипаты мен түрі өзгеріп отырады Мысалы, XVIII аралығында қазақ даласында кәсіптің үш түрін байқауға болады айырбас сауда, жәрмекелер және тұрақты сауда орындары болғанын көреміз. Мұның ішінде айырбас саудамен тек қана алыпсатарлар айналысқан Олар ірі қалалардан арзанға алған өнеркәсіп тауарларын дала қазақтарына қымбатына сатып, қыруар пайдаға кенелген. Патшалық Ресейдің сауда және өсімқорлық капиталы елдің орталық губерниялары мен Қазақстанның далалық аймақтарында делдалдық қызмет атқарды.
1.XVIII ғасырдың 20-жылдарында Қазақ хандығының бөлшектенуі және қазақ-жоңғар қатынасының шиеленiсуi қазақ халқын қатты күйзеліске ұшыратып, қазақ даласының экономикасына өз қиындықтарын тигiзгенi аталып өтті. Қазақтардың басты тауары — мал мен мал шаруашылығы өнімдері болды. Қазақстан капитализм жедел қарқынмен дамып келе жатқан ресейлік рынокқа тартыла бастады. Ресейден қант, галантерея және басқа да мануфактуралық тауарлар әкелінді. Ресейге мал мен шикізат шығару, әсіресе елкеде темір жол салынғаннан кейін ұлғая түсті, егіншілік өнімдерін шығара бастады. Егіншілік өнімдерінің тауарлығы артты.Қазақ жеріндегі кәсіпкерлiк сауда саласы қазақ-орыс саудасын дамытуға бағытталды. Ол орыс сауда капиталы мен оның өкілдерінің қазақ даласына енуіне мүмкіндік берді. Кейіннен сауда кәсіпкерлiгiнiң неғұрлым жетілген түрлері ұйымдастырыла басталды. Қазақстандағы ішкі сауданың дамуы мен оның сыртқы байланыстарыныңқалыптасуы жергiлiктi қазақ саудагерлерiнiңқалыптасуына әкеліп соқты.Патша үкіметінің және көршілес елдердің тауар-ақша қатынастарының енуi, қазақ ауылында жеке кәсiпкерлiк бағытының қалыптасуына жағдай жасады. Бұл әсіресе, тауар өндiрiсiмен айналысатын бай шаруашылықтарда айкын байқалды. Ауыл шаруашылығын игерудiң пайда табуға негізделуi, осы саладағы экономиканың дамуына жаңа сипат береді.
2.XVIII ғасырдағы сауданың дамуы-XVIII ғасырда Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қазақ, қытай және Ресей мен Орта Азия тұрғындары арасында сауда-саттық iсi жедел дамығаны қарастырылған болатын. XIX ғасырдың соңына қарай Жетісу облысы арқылы Қытай мемлекетімен сауда қатынасы қарқынды өсу жолында тұрған. Бұл елмен сауда Жаркент, Бақты, Ыстықкөл (Пржевальскі), Нарын кеден және Харгос кеден пункттері арқылы жүрген. Қытай тарапынан астық, күріш, көкөніс, жеміс-жидек, құс және құс өнiмдерi, балық, қант, арақ, шарап, сыра, дәрілік шөптер, иленген тері, шойын, темір, болат, сондай-ақ солардан жасалған бұйымдар әкелінген.
3.Жәрмеңкелік сауда мал өсірушілер мен отырықшы диқандардың екі арасында делдалдық сипат алды. Сауданың бұл түрі мал сатушы қазақтарға өте-мөте тиімді болды. Олар жәрмеңкеде өздерінің малдары мен мал өнімдерін көптеп айырбастай алды. Жәрмеңкелік сауданың кеңінен өріс алуына бірқатар себептер болды. Біріншіден, Қазақстанның негізгі халқы көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын кешті. Мұндай жағдайда олардың өз малдарын үлкен жәрмеңкелерде көптеп сатуы және егіншілікпен айналысатын отырықшы халықтан азық-түлік өнімдерін молынан сатып алуы өте қолайлы болды. Екіншіден , қазақтың кең-байтақ даласындағы жол жүйесі нашар дамыған еді.Жәрмеңкелік сауданың пайда болуының, дамуының және құлдырауының тарихи процесi сауда капиталының және еркін бәсекелестіктің экстенсивтi түрде дамыған кезеңімен сәйкес келеді. Жәрмеңкелер қалыптасып жатқан ішкі рынокка, тауар өнеркәсiбiне және осылармен тығыз байланысты әлеуметтік-экономикалык катынастар жүйесiне экономикалық негiз қалады, аграрлы шаруашылыққа тауар ақша қатынастарының енуiне жағдай жасады.

4.Қазақ жеріндегі жәрмеңкелер көршілес елдермен сауда саласын дамытуға ғана бағытталып қойған жоқ. Сонымен қатар әлеуметтік – мәдени салада да елеулі рөл атқарды.Тұрмыстықжәне қолөнер шеберханалық қызмет түрінде қалыптасты. Кәсiпкерлердiң бұл салаға көңіл бөлуі жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, жана мәдени дамуға жол берді. Сонымен қоса қазақ даласындағы айырбас сауданың өркендеуiне орай өсiмқорлық кеңiнен етек алуыда қарастырылды. XIX ғасырдың ортасында орыс саудагерлерiнiң едәуір бөлігі жергiлiктi тұрғындарға тауарларын белгiлi мерзiмге дейін өспелі қарызға беруiде айтылып кетті.Жалпы айтқанда жәрмеңкелiк сауда Қазакстанның экономикасына жақсы ыкпал етті, әсіресе қазақ ауылының өркендеуіне тигізген ықпалы ерекше болды. Аталған кезенде Қазақстанда өндiрiс орындарының ашылуы, елдiң отырықшылыққа көше бастауы, қалалардың салынып, жәрмеңкелер арқылы шетелдермен қарым-қатынастың нығаюы қазақ ауылының өркендеуiнiң негізгі себебi болды.Қорыта айтқанда жәрмеңкелер сауда- саттықтың ерекше түрi ретінде XIX ғасырда Қазақстан экономикасының дамуына жақсы әсерiн тигізді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Добросмыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк. Орынбор, 1900. - 134 с.
2 Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в XVII – начале XXвека. Алма- Ата: «Наука», 1971. – 636 с.
3 Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы: Санат, 1994. – 416 б.
4 Тетервников А.Н. Очерк внутренней торговли киргизской степи. Санкт – Петербург, 1867. – 78 с.
5 Сүлейменов Б. А. Аграрный вопрос в Казахстане последней трети XIX–начала XX в. (1867-1907 гг.). Алма-Ата, 1968. – 411 с.
6 Қарасаев Ғ. Қазақстанның шығыс өңірі XVIII-XX ғасыр басындағы батыс, орыс зерттеушілері шығармаларында, ғылыми-көпшілік басылымдары деректерінде (тарихнамалық бағыт). Өскемен, 2006.- 396 б.
7 Әбішев Г. Қазақстанның Россияға қосылуының прогрестік маңызы. Алматы, 1953 .-88 б.
8 Қазақ қоғамы XIX ғ II жартысында. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1994.-267 б.
9 Дулатова Д. Шоқан-тарихшы. Алматы: Қазақстан баспасы, 1976.- 69 б.
10 Әлімгереев Ө. Еділ жайлаған қазақтар. Алматы: «Атажұрт» баспа орталығы, 2012.- 248 б.
11 Құрманбеков Б. Жәңгір хан жәрмеңкесі. – Ақтөбе: А-Полиграфия, 2011. -120 б.
12 Қасымбаев Ж.К. Города Восточного Казахстана в 1861-1917. Алма-ата: Ғылым, 1990. - 184 с.
13 Оразов Р. Қарқара жәрмеңкесі. Түркістан, 2013. - 9 б.
14 Құрманбеков Б. Ойыл жәрмеңкесі. Ақтөбе: А-Полиграфия, 2011. -120 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет