Жұмыстың мақсаты: Ғылыми айналымға енген құжаттар мен материалдарды,қалыптасқан ой-пікірлер мен тұжырымдамаларды пайдаланып,жаңа деректер мен көзқарастар негізінде Қазақстанның көрші мемлекеттермен сауда қарым-қатынасы және XIX ғасырдың II жартысы- XX ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық даму жүйесіндегі жәрмеңкелердің орны мен рөлінің тарихын қазіргі күн тұрғысынан пайымдау
Жұмыстың міндеті: 1.Қазақ – Ресей сауда қатынастарын зерттеу.
2. Қазақ- Қытай сауда мәселелерінталдау.
3.XIX-XXғасырдағыжәрмеңкелік сауда ерекшеліктерін айқындау.
4.Қазақ мәдениетіндегі жәрмеңкелердің рөлін зерделеп, жазу.
Жұмыстың нысаны:Қазақстандағы сауда және жәрмеңкелер
Курстық жұмыстың пәні: Сауда сипатының өзгеруі.Жәрмеңкелік сауда мен оның дамуы.
Жұмыстың дерек көзі: Қазақстанның экономикалық даму ерекшелігі әр түрлі аспектілері бойынша қарастырылады. XVIII - XIX ғасырда қалыптасқан тарихнаманы, жалпылама экономикалық мәліметтер беретін Г. Колмогоровтың А.И.Левшин, А.Н.Тетеревников еңбектері құрайды. Г. В. Колмогоров қазақ экономикалыққатынастарға қазақ даласындағы сауданың дамуына сипаттама жасады.Осы кезеңдегі әлеуметтік -экономикалық процестерден тың мәліметтер беретін деректік құжаттардың үлкен бір шоғырланған жері-Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты.Бұл қорларда негізінен Омбы және Петропавл станицаларында сауда рыноктарын ашу, жәрмеңкелік комитеттер жөніндегі ішкі істер министрлігінің циркулярлары, Тайыншакөл жәрмеңкесі, Дала генерал-губернаторының Қытаймен сауда жасау келісімдерін қайта қарау мәселелері,т.б жөніндегі құжаттар жиналған.Қазақ өлкесінің отар аймаққа айналуы, патша әкімшілігінің отарлау саясаты жөнiндегi енбектер XIX ғасырдың соңында жарыққа шыкты. Г.Н. Потанинның әсiресе Қара Ертіс, Зайсан өңiрлерiне жасаған саяхаттарының осы аймақ қазақтарының ХІХ ғасырдың екiншi жартысындағы әлеуметтік, шаруашылық дамуларының ерекшеліктерін анықтаудағы маңызы зор. Г.Н. Потанин зерттеулерiнiң кұндылығы сонда, ол бұл шығармаларын өзiнiң Қазақстанның жоғарыда аталған аймақтарына жасалған саяхаттарының негiзiнде жазған, жергiлiктi қазақтар арасында болып, олармен тiкелей қатынас жасаған.Мысалы ол аталған мақсатта 1863 жылдың жазында Тарбағатай, Зайсан көлі мен Қара Ертіс өзені аңғарларына Карл Струвемен бірге зерттеу ұйымдастырды. Аталған экспедицияның алдына осы көрсетілген өңiрдегi халықтың кәсiбiн, сауда, т.б. қарым-қатынастарын зерттеу мақсаты қойылды. Осы сапардың қорытындысы «Путешествие на озеро Зайсан и в речную области Черного Иртыша летом 1863 года Карла Струве и Григория Потанина» деген атаумен Санкт-Петербург қаласында шығып тұрған Императорлық Ресей географиялық коғамының 1867 жылғы бiрiншi томында жарияланды[6,116 б.]. Аталған авторлардың еңбектерi сол кезеңдегi қазақ қоғамына капиталистік қатынастардың енуі, экономиканың тарихына қатысты фактілік деректер береді. Отар өлкедегі тұрпайы экономикалыққанауды тоқтататын еркін капиталистік дамуды ұсынған авторлар да кездеседi.XVIII - XIX ғасырдағы орыс зерттеушілерінің Қазақстанның экономикалық жағдайын талдауға арналған еңбектерi бiраз зерттелдi.