Тексерген: Сабырбаева Р.Қ



Дата13.11.2022
өлшемі19,02 Mb.
#49684
Байланысты:
Казак әдебиеті практика


ДРАМАТУРГИЯ
КОМЕДИЯ
ТРАГИКОМЕДИЯ
ЖАНРЫ
Орындаған:Суттибаева Г.Д
Тексерген: Сабырбаева Р.Қ
Қазақ драматургиясындағы комедия жанры халықтың ауыз әдебиетінің негізінде туды. Батыс және орыс классиктерінің комедиялық өнерін зерттеп, олармен терең танысқан қазақ жазушылары комедия оқиғаларын қайдан алу керектігін тез түсініп, дұрыс аңғарды.
Драмалық шығармалар негізінен: трагедиялық, драмалық, комедиялық болып іштей жіктелгенімен, олардың әр қайсысының бойынан бірінің табиғаты танылып жатады. Комедияға қоятын талапты драма, трагедияға қоюға болмайды, оның жанрлық табиғатына сәйкес өзіндік ерекшелік, белгілері бар. Ал, драмада трагедия, комедияның элементтері жүретін болса, керісінше шығармаға өң беріп, ажарлап тұрады.
ЖҰМАТ ШАНИН 1928 ЖЫЛЫ «ТОРСЫҚБАЙ», «АЙДАРБЕК» АТТЫ КҮЛКІЛІ КОМЕДИЯЛАРЫН ЖАРЫҚҚА ШЫҒАРДЫ. ШАНИНГЕ ДЕЙІН ДЕ КОМЕДИЯ ЖАНРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН БОЛАТЫН. ОЛ ЖИЫРМАСЫНШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ БАСЫНДА «НЕКЕ ҚИЯР», «ШАНШАР МОЛДА», «ЖАСЫРЫН ЖИНАЛЫС» АТТЫ ШАҒЫН АКТІЛІ КОМЕДИЯЛАРЫН САХНАҒА ШЫҒАРҒАН ЕДІ. АЛ, Ж.ШАНИННІҢ «ТОРСЫҚБАЙ» МЕН «АЙДАРБЕК» АТТЫ КОМЕДИЯЛАРЫ Ж.АЙМУРЗАЕВТЫҢ «ӨЗ ТАЯҒЫҢ ӨЗІҢЕ» (1939) АТТЫ КОМЕДИЯСЫНАН ОН ЖЫЛ БҰРЫН ЖАЗЫЛДЫ. ОЛАЙ БОЛСА, Ж.АЙМУРЗАЕВ Ж.ШАНИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫМЕН ТАНЫС ТА БОЛУЫ МҮМКІН ЕКЕНДІГІН ЖОҚҚА ШЫҒАРА АЛМАЙМЫЗ. ҚАЛАЙДА, ЕКЕУІНІҢ ДЕ МОЛЬЕРДІҢ «СКАПЕННІҢ АЙЛАСЫ» АТТЫ КОМЕДИЯСЫНА ЕЛІКТЕГЕНІ БАЙҚАЛАДЫ.
ҚАЗАҚ ДРАМАТУРГИЯСЫНДАҒЫ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ «НЕКЕ ҚИЯР» АТТЫ ПЬЕСАСЫНДА ДА АУЫЛДЫҢ ДҮМШЕ МОЛДАСЫНЫҢ ҚАРАҢҒЫ ЕЛДІ АЛДАП, ТАМАҚ АСЫРАП ЖҮРГЕНДІГІ СЫНҒА АЛЫНАДЫ. БІРІН-БІРІ СҮЙМЕЙТІН АДАМДАРДЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ НЕКЕ АРҚЫЛЫ БІТІСТІРМЕК БОЛҒАН АЯР МОЛДАНЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ІС-ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕЛЕНІП, ЕЛ АЛДЫНДА МАСҚАРА БОЛАДЫ. СОНЫМЕН БІРГЕ ПЬЕСАДА ЖАС ЗӘУРЕНІ ЖӘЛЕН ЕСІМДІ АЖАРСЫЗ, ЕСУАСТАУ БІРЕУГЕ ҚОСПАҚ БОЛҒАН БІР ТОП АЛАЯҚТАР МЕН ДҮНИЕҚОҢЫЗ ЖАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ДЕ ӘЖУАЛАНАДЫ. МҰНДАҒЫ ДИАЛОГТАР КҮЛКІГЕ ТОЛЫ. МЫСАЛЫ, ЖӘЛЕНДІ МЕНСІНБЕГЕН ЖАС ҚЫЗҒА ЖЕҢГЕЛЕРІНІҢ БІРІ: «ҚОЙ, ДӘНЕҢЕСІ ДЕ ЖОҚ, ЖЫРЫҚ БОЛСА ҚАЙТСІН, ҚҰДАЙДЫҢ ІСІ, КІМНІҢ БАЙЫ ОҢЫП ТҰР ДЕЙСІҢ, БӘРІ ДЕ СОНДАЙ»
БЕЙІМБЕТ ПЬЕСАЛАРЫНДАҒЫ АЛАЯҚ, АРАМЗА МОЛДА БЕЙНЕСІ ӘЛЕМДІК ӘДЕБИЕТТЕГІ КЕЙБІР ОБРАЗДАРДЫ ЕСІМІЗГЕ ТҮСІРЕДІ. МЫСАЛЫ, ҰЛЫ ФРАНЦУЗ ДРАМАШЫСЫ МОЛЬЕРДІҢ «ТАРТЮФ» КОМЕДИЯСЫНДАҒЫ АЛАЯҚ МОНАХ ТАРТЮФ БЕЙНЕСІ. ТАРТЮФТІҢ ЕКІ ЖҮЗДІЛІГІ МЕН АЯРЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ЕКІНШІ ТҰЛҒА ОРГОННЫҢ АНАСЫ ПЕРНЕЛЬ ЕДІ. ӨЗІНІҢ ЖАУЫЗ НИЕТІНЕ ЖЕТУ ҮШІН ТАРТЮФ АЛДЫМЕН АҢҒАЛ, СЕНГІШ ЖАНДАРДЫ ҚОЛҒА АЛАДЫ, ЖАСТАРДЫ ҰНАТПАЙДЫ. ӨЙТКЕНІ ОЛАР ТАРТЮФТІҢ СЫРЫН ТЕЗ АҢҒАРАДЫ ЖӘНЕ ОНЫ ӘШКЕРЕЛЕУГЕ ҰМТЫЛАДЫ.
БҰЛ КОМЕДИЯДА МОЛЬЕР АҚСҮЙЕКТЕР АРАСЫНДА БЕЛЕҢ АЛҒАН ТОЙЫМСЫЗДЫҚ, ТОҒЫШАРЛЫҚ, ЕКІЖҮЗДІЛІК СИЯҚТЫ ЖАҒЫМСЫЗ ҚАСИЕТТЕРДІ ТАРТЮФ ОБРАЗЫНДА АШЫП КӨРСЕТТІ. ӨЗІНІҢ АРАМ НИЕТТЕРІНЕ ЖЕТУ ҮШІН ТАҚУА БОЛЫП КӨРІНГЕН БҰЛ АДАМ ШЫНДЫҒЫНДА ӨТЕ БҰЗЫҚ, АЯР ТҰЛҒА БОЛЫП ШЫҒАДЫ. ТАРТЮФ БУРЖУА ОРГОН МЕН ОНЫҢ АНАСЫН АҢҒАЛДЫҚТАРЫНАН ПАЙДАЛАНЫП, АЛДАП СОҒАДЫ. СЫРЫ АШЫЛҒАН СОҢ, ОРГОНДЫ ӨЗ ҮЙІНЕН ҚУЫП, МАЛ-МҮЛКІН ТАРТЫП АЛМАҚШЫ БОЛҒАНЫНДА ДА ТАРТЮФ АРСЫЗДЫҚПЕН БҰЛ ІСТЕРДІҢ БАРЛЫҒЫН ҚҰДАЙ ЖОЛЫ ҮШІН ЖАСАП ЖАТҚАНДЫҒЫН АЙТАДЫ.
ТРАГИКОМЕДИЯ – ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАНЫҢ БІР ТҮРІ. ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАНЫҢ БАСҚА ДА ТҮРЛЕРІ СИЯҚТЫ ТРАГИКОМЕДИЯ ДА ШИЕЛЕНІСКЕН ОҚИҒАҒА ҚҰРЫЛАДЫ, ОҚИҒА КЕЙІПКЕР СӨЗДЕРІ (МОНОЛОГ, ДИАЛОГ) АРҚЫЛЫ ӨРБИДІ. ТРАГЕДИЯДА ҚАҚТЫҒЫС-ШИЕЛЕНІС СУРЕТТЕЛІП, ШЫҒАРМА КӨБІНЕ КЕЙІПКЕРДІҢ ҚАЗАҒА ҰШЫРАУЫМЕН АЯҚТАЛСА, КОМЕДИЯ ӘЗІЛ-ОСПАҚҚА, КҮЛКІГЕ ТОЛЫ БОЛАДЫ, МҰНДА АДАМ МІНЕЗІНДЕГІ ТҮРЛІ КЕМШІЛІКТЕРДІ ӘЖУАЛАУ, СЫҚАҚ ЕТУ БАСЫМ КЕЛЕДІ. АЛ ОСЫ ЕКІ ТҮРГЕ ЖАТПАЙТЫН, САХНАҒА АРНАЛҒАН БАСҚАДАЙ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ‘‘ЖАЛПЫЛАМА ДРАМА’’ ДЕП АТАЙ БЕРЕДІ. АЛ, ТРАГИКОМЕДИЯДА ТРАГЕДИЯҒА ДА, КОМЕДИЯҒА ДА ТӘН СИПАТТАР КЕЗДЕСЕДІ.
ТРАГИКОМЕДИЯ - ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАНЫҢ БІР ТҮРІ. САХНАҒА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДА ТРАГЕДИЯ, КОМЕДИЯ, ДРАМА ДЕП ҮШ ТҮРГЕ БӨЛІНЕДІ. АЛ ЖІКТЕМЕЙ - ТҮГЕЛДЕЙ АЛҒАНДА БҰЛАРДЫҢ БӘРІН ДЕ ДРАМА, ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМА ДЕП АТАЙ БЕРЕДІ. ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАНЫҢ ҚАЙ ТҮРІ БОЛСЫН, ОЛАРҒА ОРТАҚ БАСТЫ СИПАТ ШИЕЛЕНІСКЕН ОҚИҒАҒА ҚҰРЫЛАТЫНЫ ЖӘНЕ СОЛ ОҚИҒА КЕЙІПКЕРЛЕРІНІҢ СӨЙЛЕГЕН, ӨЗАРА СӨЙЛЕСКЕН СӨЗДЕРІ (МОНОЛОГ, ДИАЛОГ) АРҚЫЛЫ БАЯНДАЛЫП, ӨРБІП-ӨРІСТЕП ОТЫРАТЫНЫ. АЛ ТРАГЕДИЯ, КОМЕДИЯ, ДРАМА ДЕП ЖІКТЕГЕНДЕ ОСЫ ТҮРЛЕРДІҢ ӘРҚАЙСЫСЫНА ТӘН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЕСКЕРІЛЕДІ. ТРАГЕДИЯДА ҚАТТЫ ҚАҚТЫҒЫС-ШИЕЛЕНІС СУРЕТТЕЛІП, ШЫҒАРМА ӘДЕТТЕ КЕЙІПКЕРДІҢ ҚАЗАҒА ҰШЫРАУЫМЕН АЯҚТАЛАДЫ. КОМЕДИЯ БОЛСА, ОЛ КҮЛКІЛІ, ӘЗІЛ-ОСПАҚҚА ТОЛЫ ШЫҒАРМА. МҰНДА ТҰРМЫСТАҒЫ АДАМНЫҢ БОЙЫНДАҒЫ, МІНЕЗІНДЕГІ ӘР ТҮРЛІ КЕМШІЛІКТЕРДІ ӘЖУАЛАУ, СЫҚАҚ ЕТУ ЖАҒЫ БАСЫМ БОЛАДЫ. АЛ ОСЫ ЕКІ БӨЛЕКШЕ ТҮРГЕ ЕНБЕЙТІН, БАСҚАДАЙ САХНАҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАРДЫ ӨЗІНІҢ ЖАЛПЫЛАМА АТЫМЕН ДРАМА ДЕП АТАЙ БЕРЕДІ. ТРАГИКОМЕДИЯ ДЕП АТАЛАТЫН ШЫҒАРМАДА ТРАГЕДИЯҒА ДА, КОМЕДИЯҒА ДА ТӘН СИПАТ-ӨЗГЕШЕЛІКТЕР КЕЗДЕСЕДІ.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет