Қызба науқастардың басым көпшілігінде (80%) байқалады. ТП себебі белгісіз қызба түрінде басталуы мүмкін, кейде дерттің көрінісі жалғыз қызбалық синдром болып келеді. Жиі кахексияға дейін жететін дене салмағының үдемелі түрде төмендуі байқалады, бұл дерттің белсенділік дәрежесін көрсетеді.
Миалгия 50-60% науқастарда байқалады және көлденең-жолақты бұлшықеттердің ишнмиясы салдарынан дамиды, жиі балтыр бұлшықеттері зақымданады, кейіннен невропатия дамиды. Буындардағы ауырсыну сезімі әсіресе дерттің бастапқы кезінде байқалуы мүмкін. Науқастарда артрит дамиды, ол әдетте ауыспалы болады және бір немесе бірнеше буындардың зақымдануымен жүреді. Кейде ТП-ның басталуы РА-ға ұқсас болып келеді.