ТП-ға ішек ишемиясы салдарынан дамитин іштің ауырсынуы, жүрегі айну, құсу сияқты белгілер тән. Асқазан-ішек жолының зақымдануы 65% -ын құрайды. Дерт кейде перитонит, жіті холецистит немесе аппендицит белгілерімен басталуы мүмкін. Ішектің некроздануы мен тесілуіне алып келетін мезентериальдық қантамырлардың тромбозы нәтіжесінде іш қатты ауырсынып, мелена байқалады. ТП-да гепатомегалия, бауыр сынамаларының өзгеруі, сілтілік фосфотаза концентрациясының жоғарылауы анықталады. Өте сирек жағдайларда операциялық емді қажет ететін бауыр инфаркты, бауырішілік қантамырлардың жарылуы, ұйқы безінің торсықтары дамуы мүмкін.