Математиканегіздері Тақырып: Үстінде-астында, алдында-артында, оң жақта – сол жақта
Қағаз бетінде (жоғары, төмен, оң жақ, сол жақ, ортада) бағдарлауға, суретті сипаттау бойынша табуға үйрету. Талдау, салыстыру, қарапайым тұжырымдар жасауды бекіту.Зейін, жад, сөйлеу дағдысын, логикалық ойын тапсырмаларын орындау білігін дамыту.Дербес-тікке тәрбиелеу. Басталған істі соңына дейін жеткізуге баулу
Музыка Тақырып:Ән салып, би билейміз. Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып,бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстыру. Қолмен әннің бағытын көрсете отырып,әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату.Ән арқылы балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу
Математика негіздері Тақырып: Жыл мезгілдері. Жыл айлары.
Жыл мезгілдерінің реттілігі туралы білімдерін бекіту, әр жыл мезгілінің белгілерін атау, жұмбақтарды шешу, айлардың атауларын жыл мезгілдеріне қарай айту. Қарапайым мысалдар мен есептерді құрастыру және шығару білігін бекіту.Зейін, есте сақтау, сөйлеу, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.Дербестікке баулу
Қазақ тілі Тақырып: Біз мектепке барамыз Сөздерді саналы түрде есте сақтап, күнделікті өмірде қолдану дағдыларын дамыту.Ды-быстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларың қалыптастыру.Мектеп туралы ұғымдарын кеңейту арқылы білімге деген қызығушылықтарын ояту.
Қоршаған ортамен танысу Тақырып: Суда тіршілік ететін жануарлар
Балалардың балықтар, бақалар мен су жəндіктері жəне олардың тіршілігі жайлы түсініктерін кеңейту. Табиғат жөнінде қарапайым ғылыми түсінік қалыптастыру, табиғатпен қарым-қатынас мəдениетін қалыптастыру. Төңірегіндегі адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға тəрбиелеу
Музыка Тақырып: Ән салып, би билейміз. Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып,бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстыру. Қолмен әннің бағытын көрсете отырып,әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату.Ән арқылы балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу
Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс
Жеке оқушымен жұмыс
отбасы туралы әңгімелесу Мақсаты:Балалар өз туысқандарының аты жөндерін біледі,атай алады.
Серуенге шығу. Балалардың өз-өзіне қызымет ету дағдыларын одан әрі дамыту (өз шкафтарынан киімдерін алып киінудің реттілігін сақтап, дұрыс киінуге және достарының киінуіне көмектесуге үйрету)
Серуен
Серуендеу арқылы балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, еңбекке баулу, таза ауадағы ойындар арқылы белсенділіктерін күшейту
Балалардың реттілікпен киімдерін шешуін, реттілікпен шкафтарына салуын бақылау және достарына көмек көрсетуге баулу.