Қоршаған ортамен танысу Тақырып: Өсімдіктерді қалай күту қажет?
Балалардың өсімдіктерге күтім жасау, оларды өсіру тəсілдері туралы түсініктерін кеңейту. Танымдық-ізденімпаздық қызметке деген қызығушылығын дамыту. Өзімен қатар құрбыларымен достық қарым-қатынаста болуға, бірлесіп атқарған жұмысты оң қабылдауға тəрбиелеу
Математика негіздері Тақырып: Үстінде-астында, алдында-артында, оң жақта – сол жақта
Қағаз бетінде (жоғары, төмен, оң жақ, сол жақ, ортада) бағдарлауға, суретті сипаттау бойынша табуға үйрету. Талдау, салыстыру, қарапайым тұжырымдар жасауды бекіту.Зейін, жад, сөйлеу дағдысын, логикалық ойын тапсырмаларын орындау білігін дамыту.Дербес-тікке тәрбиелеу. Басталған істі соңына дейін жеткізуге баулу
Сауат ашу негіздері Тақырып: Дыбыстық талдауСөздерге дыбыстық талдау жасау, суреттерді өз дыбыстық сызбасымен сəй-кестендіру, сөзге буын жалғап сөз құрауды жалғастыру.Сызбадан дыбыстың орнын анықтауға жаттығулар жасату арқылы шапшаң ойлары мен есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тəрбиелеу
Дене шынықтыру Тақырып: Волейбол алаңында жаттығу.
Ептілікті, ұсақ моторика мен өзін-өзі басқаруды дамытып, салауатты өмір салтына бағыт алып, спортқа деген, командалық ойындарға деген қызығушылыққа баулу.
Сөйлеуді дамыту Тақырып:Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш (мысал).
Дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.Ғарышкер мамандығы туралы түсінік беру, тілдерін дамыту. Еңбекқорлыққа, білімпаз болуға тәрбиелеу.
Қазақ тілі Тақырып: Қандай түстер? Сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.Балалар-ға сөйлем құратуда сын есімдерді пайдалануға үйрету:түсін сипаттай білуді меңгерту. Қандай? сұрағына жауап беруге үйрету.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көркем әдебиет Тақырып: Мен ғарышкер боламын (өлеңді жаттау)
Жақан Смақов
Өлеңді дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен үзілістермен,кө-теріңкі көңіл күймен жатқа айтуға үйрету. Балалардың өлең мазмұнына деген қаты-насын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуге, өзара қарым-қатынасын дамыту.Отанымыз-дың адал азаматы болуға, өзін бағалай білуге тәрбиелеу.