О. «Сакура» əнімен танысып, оқулықта берілген негізгі əуенін «ля» буынға қосылып орындайды.
Сакура (Шие) (жапонның халық əні) Қазақ тіліне аударған: А. Жəкеева.
М. Екінші көрініс туралы əңгімелейді: «Су астындағы көрініс – таңғажайып өсімдіктер, үйір-үйір балықтар, жарқылдаған медузалар.
Суасты өмірінің керемет сұлулығы сөзбен айтып жеткізе алмастай тамаша! Кенет ертегі іспетті бейнелер лезде жоғалады. Атом бомбасы жарылып, айналаның бəрін қара түнек басады.
Үлкен симфониялық оркестрдегі үзіліс осынау қасіреттің болғанын, бүліншіліктің сұмдығы мен ешқандай кінəсі жоқ адамдардың қырғынға ұшырағанын білдіреді». М. Көріністі бейнелейтін музыка үзіндісін тыңдатқызып, оқушылармен бірге мазмұны мен музыкасын əңгімелейді. М. Үшінші көріністің қайғылы оқиғасын əңгімелеп беріп, оқушыларға мынандай ой тастайды. «Атом бомбасынан жанып кеткен қала көрінісімен балет аяқталмайды. Көмір болып күйіп кеткен ғимараттардың ішінде туғандарын іздеп, есі шыққан Тайо жүр. Музыка соғыс құрбаны болған марш-шеруге ұласады. Драмалық кульминацияда хор жекелеген оркестр партияларын қайталайды. Бұл – қаза болғандарға арналып орындалған реквием-гимн. Онда Хиросимада қаза тапқан қыз туралы жапон əнінің əуені алынған.
Сол қасіретті окиғадан кейін де талай жылдар өтті.
Хиросима қайта қалпына келді, қазір ол ең əдемі қалалардың бірі болып саналады. Дегенмен баяғы атом бомбасының жарылыс дүмпуі бүгін де естілгендей болады, тіпті ол біздің Қазақстан жерінде де сезіліп қалады», – деп əңгімесінің соңында «Реквием-гимнді» оқушыларға тыңдатқызады.
М. Оқушыларға мынадай сұрақтарды қояды:
Атом жарылысы болған Семей жеріндегі полигон туралы не білдің?
Жарылыс жергілікті халықтың өміріне, табиғатына қандай зақым келтірді?
Жарылыс жерастында жүргізілсе, радиоактивті сəулелер қоршаған табиғатқа, жануарларға, ауа мен суға тарай ма?
Қазақстанда өткізілген «Невада-Семей» қозғалысы
|