(М/О) 3-тапсырма. Музыка тыңдау жəне талдау. М. Оқушыларға Жұбанова Ғазиза Ахметқызы туралы мынадай ақпарат береді. Ол (1927–1993) Алматы
қаласында туған. Музыканттар отбасында дүниеге келген ол қазақ əндері мен күйлерін, музыканың əсем əуенін жастайынан құлағына сіңіріп, түсініп өсті. Ғазизаның əкесі Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ха- лық аспаптар оркестрінің дирижёрі, атақты композитор Ахмет Қуанұлы Жұбанов еді.
Ғ. Жұбанова – көптеген көлемді музыкалық опералардың, балет, оратория, əн, хорлардың т.б. шығармалардың авторы.
Оның «Хиросима» балеті Қазақстан музыка өнеріндегі үлкен жаңалық болды. Шығарма – музыка тілінің барша жұртқа түсінікті бола алатынының дəлелі болды. Осы балет үшін Ғ. Жұбановаға 1970 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
М. Оқушылардан мына сұрақтарға жауап беруді сұрайды.
Сұрақтар:
Жапонияның екі қаласы – Нагасаки мен Хиросимаға АҚШ атом бомбасын қай жылы тастады?
Жапондықтар атом жарылысы болған осынау қасіретті күнді қалай еске алады?
Хиросима мен Нагасаки қалаларында бомбаның зардабын шеккендерге ескерткіш бар ма?
Бұл күні жапон балалары қағаздан қандай құс жасайды?
|