Сабақтың ортасы
|
(М, О) Ч. Айвздың симфониялық оркестрдің орындауындағы «Ғарыштық пейзаж» шығармасы түсінікті болуы үшін оқулықта оқушыларға бір сəтке ғарышкер сияқты сезінуіне ой қозғау саламыз.
«Төрт ғарышкер белгісіз бір ғаламшарға ұшып барады. Ғарышкерлер əсем, ғажайып жəне өте құпия ғаламшарға таңдана қарайды. Бір кезде сол ғаламшардың ғарыш тұрғындары «Қайдансыңдар, кімсіңдер, қандай оймен келдіңдер?» дегендей дыбыс түрінде сұрақтар береді.
Ғарышкерлер естіген дыбысқа əр тілде жауап беруге тырысқанымен, оны ғарыш тұрғындары түсінбейді. Осылайша 7 рет қойылған сұрақ жауапсыз қалады». Қойылатын сұрақтар:
Симфониялық оркестрді тыңдап отырып, ғарыш əлемін, ғарышқа ұшқан төрт ғарышкерді жəне белгісіз ғаламшардың ғарыш тұрғындарын музыка арқылы елестет.
Бүкіл симфониялық оркестр əуені – бұл таңғажайып құпия ғаламшар тұрғындары. Ғарышқа ұшқан төрт зерттеуші жəне 7 рет дыбыстық сұрақ беретін ғарыш тұрғындарының əуенін сипатта, аспаптарын анықта. (Ж) Кері байланыс ретінде оқушыларға өзге де сюжет желілерін ұсынуға болады. Мұнда «Үштік əдіс» түрін пайдалануға да болады. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді: бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тыңдайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады. Əр үштік ішінен ең ұнаған сюжетті таңдауға болады жəне оны музыка арқылы сахналайды. Сонымен қатар Қазақстан композиторлары да ғарыш тақырыбына музыка жазған. Композитор
С. Еркімбековтің «Легенда звезд» («Жұлдыздар аңызы») балетінен «Дорога звезд» («Жұлдыздар жолы») атты үзіндіні тыңдатуына болады. Балеттің желісіне жас сəулетші салған мұнараларға қызығып, жұлдыздар əлемінен ежелгі шығыс еліне келген ханшайым туралы аңыз алынған.
|