2-тапсырма. Талқылау.
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
Саған «Қыз Жібек» жырының қай нұсқасы ұнады (жыршы орындауы, фильмі, классикалық нұсқа – операдағы ария)?
«Қыз Жібек» фильмі мен опера арасында қандай ортақ тұстары бар? Ойыңды айт.
Сабақта «Венн диаграммасын» қолдануға болады. Екеуінің негізі лиро-эпостық жырға құрылған, екеуінде де лейттема Ыбырай Сандыбайұлының «Гəкку» əні.
3-тапсырма. Əнді тыңдау жəне талдау.
(М, О) Оқушылар Үкілі Ыбырайдың «Гəкку» əнін дəстүрлі жəне эстрадалық орындауда тыңдайды. Əнші Қайрат Байбосыновтың орындауындағы «Гəкку» əні. Эстрадалық орындау – əнші М. Арынбаевтың орындауында.
Қойылатын сұрақтар мен талаптар:
Əннің əуенін есінде сақтау;
Əндер орындалуы жағынан қандай эстрадалық стильге жақын (поп, рок)?
Орындалған əннің үш нұсқасының қайсысы саған ұнады? Неліктен?
Оқулықта вокалдық музыкадағы рок музыкаға анықтама беріледі.
«Вокалды рок музыканың аспаптық рок музыкадан айырмашылығы – мұнда міндетті түрде вокал (дауыс), əн мəтіні болады».
Достарыңызбен бөлісу: |