Ойтүйін.
4-тапсырма. Əнді үйрену.
( М, О) Оқушылар Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» əнін үйренеді. Жаяу Мұса жөнінде мəлімет жинақтайды. Əн жай темпте үйретіледі, кейін келе темпті жылдамдатуға болады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Əн əуені мен мəтінінен ақын бойындағы қандай көңіл күйді байқайсың?
Əнді үйрен жəне музыкадағы көңіл күйге байланысты орында.
5-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
(ОТ) Шығармашылық жұмыс кері байланысқа құрылған. Алдыңғы тыңдалымдарға сүйене отырып, «Жаяу Мұса» əнінің стиль өзгерістері, заманға сəйкес өңделуі жөнінде оқушылар «Мен сыншымын» сайыстық ойыны арқылы көрсете білуі керек.
(Т) Шарттары:
?! 1. Екі топқа бөлініңдер. Əр топ өздерінің ортақ пікірін білдіретін көшбасшылар сайлайды.
2. Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» əнінің түрлі нұсқада
орындалуын бейнебаяннан тыңда, стильдерін анықта (əнші Р. Стамғазиев, симфониялық оркестр сүйемелдеуіндегі
|