2-тапсырма. Əнді үйрену.
(МК, Ұ) Оқушы алған білімінің қаншалықты түсінікті болғаны əнді үйрену барысында мазмұнының тəрбиелік мəнін ашудан көрінеді. Мысалы: «Əн мəтінінде үлкен кісілердің бойындағы қандай құндылықтарды байқадың?» жəне т.б. сұрақтар.
Əн лирикалық əуенді, тез жатталады. Дауыс диапазоны жағынан да ешқандай қиындықтар тудырмайды.
3-тапсырма. Суырыпсалма.
(М,Т) Жасырынбақ ойын түріндегі тапсырмадағы өлең жолдарының авторы – белгілі айтыскер А. Рахметов.
Тапсырмада оқушылар екі топқа бөлініп, «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» насихат өлеңдерінде жасырылған сөздерді табады. Оқушыға мəндік жəне өлең жолының ұйқасына қарай сөздерді қою тапсырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |