Сабақтың басы
|
«Мəңгілік мұра» сабағы бөлімді қорытындылайтын тақырып болып табылады.
(М.Ұ) 1-тапсырма. Ойтолғау. Музыка тыңдау.
Сабақта оқушылар екі түрлі оркестрдің бір сахнадағы өнер сайысын бақылайды.
Берілетін тапсырмалар:
«Сарыжайлау» күйін симфониялық жəне қазақ ұлттық аспаптар оркестрлерінің орындауында тыңда.
Күйді қай оркестр бастады? Қандай оркестр жауап қайтарды, қандай оркестр аяқтады?
Бейнебаяндағы оркестр орындауларын қандай өнер түріне жатқызар едің?
3-сыныптағы музыкалық тəжірибеңе сүйене отырып, екі оркестрдің айырмашылығын ата.
«Сарыжайлау» күйі қай оркестрдің орындауында ұнады? Неліктен?
Бейнежазбадағы оркестр орындауларына тақырып қой. Оқушылар түрлі нұсқалар ұсынуы мүмкін: «Жарыс»,
«Сайыс», «Айтыс».
|
Оқулық,
нота хрестоматиясы, фонохрестоматия
Тəттімбеттің
«Сарыжайлау» күйі симфониялық жəне қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің сайыстық түрі
«Оркестерлер айтысы» үзінді https://www.youtube.c om/watch?v=Ch8Mxy E82lQ
|