|
Бұл жерде оқушыларға мысалдар келтіруге болады.
М. Оқушыларға «Мен мамандықты таңдаймын» деген бейнетаспаны көрсетеді, сұрақтарды қояды.
О. Сұрақтар:
«Мамандық» деген сөзді қалай түсінесің?
Мамандықты таңдауды 4-сыныптан бастағаның дұрыс деп ойлайсың ба? Пікіріңмен бөліс.
Болашақта таңдаған мамандығың сүйікті ісіңе айналу үшін не істеу керек?
М. Осы жерде ғалымдардың барлық мамандықтарды бес түрге бөлгенін айтып кетеді жəне оқулықтағы кестемен жұмыс жасайды. Немесе тақтаға шығарып, оқушылармен талқылайды.
Оқулықта бұл кесте суретімен берілген. Кестедегі мамандықтар түрлерін жəне осы бағытта жұмыс жасайтын мамандарды талдау керек. Осы кестеге қосымша тағы басқа суреттерді үлгі ретінде көрсетіп, оқушылардың алған түсінігін бекітіп, тексеруге болады.
|
«Мен мамандықты таңдаймын» бейнетаспа; https://www.youtube.c om/watch?v=F2URspz ORuY
|