(М/Ұ) 4-тапсырма. Тыңдау. Ақпарат іздеу.
М. Оқушылар мамандық таңдауға саналы түрде қарау үшін бір аңыз айтып береді. «Қай заман болса да, адамдар өз еңбегіне, жұмысына əртүрлі қарайтыны белгілі. «Өте ерте заманда Шартр деген француз қаласында үлкен шіркеу салынып жатады. Арбамен құрылыс тастарын тасып жүрген үш жұмысшыдан не жасап жатқандарын сұраған екен. Біріншісі: «Мен осы бітпейтін бір тастарды күні-түні ұштап отырмын. Міне, қолымда сүйел де пайда болды!» – деп жауап берді. Екіншісі былай деген: «Мен тастарды ұштаймын жəне əкелемін, əйелімнің жəне қыздарымның тамағына табыс тауып жатырмын».
Үшіншісі күлімсіреп: «Мен керемет əдемі шіркеу салып жатырмын», – депті.
Міне, бір жұмысты жасап жатқан үш адам үш түрлі жауап берді.
Оқушыларға сұрақтар:
Осындай жауаптар адамдардың қандай қасиеттерін көрсетеді?
Əр еңбек, мысалы, музыкалық мамандық адамға лəззат, қуаныш, жетістіктер сыйлау үшін қандай талаптарға жауап беру керек?
Оқушылар торкөздерден дұрыс деген сөздерді тауып, түсінігін айтып беру керек:
шын ниет қалау тəрбие бейімділік
«Мамандығым – мақтанышым» (өлеңін жазған: А. Асылбек, əнін жазған:
Н. Хинков-Айтбаева)
Үнтаспа
қабілет пайдалы қажетті селқостық
(М/Ұ) Оқушылармен бірге мына түсініктерді талқылайды.
«Мамандық» сөзі латын сөзінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» деген мағынаны білдіреді.
Мамандық – адамның еңбек əрекетінің, жұмысының негізгі түрі. Ол адамнан белгілі бір дайындықты, білім