Сабақтың басы
|
(МК/Ұ) 1-тапсырма. Ойтолғау.
М. Бұл сабақ алдыңғы сабақтың мақсатын жалғастырады.
«Су», «Жел» табиғат құбылыстарға музыка арқылы түсінік беру. Оқулықта берілген мақалдарды «Сусыз өмір жоқ»,
«Жел ауа тазартады» дегенді оқушылармен бірге талқылап, осы тақырып бойынша басқа бір мақалдар мен халық арасында кең тараған нақыл сөздерді айтады жəне мына сұрақтарға жауап беруді ұсынады:
Адам өмірінде су мен жел қандай орын алады?
Судың пайдасы мен зияны қандай?
Желдің қандай түрлерін білесің?
Су апатынан сақтану үшін адам не істеу керек?
Су мен желге байланысты қандай тақпақ, əндер білесің?
|
Оқулық, нота хрестоматиясы, фонохрестоматия
|