М. «Ақ бұлақ əуені» (музыкасын жазған: С. Еркімбеков ) пьесасын оқушыларға тыңдатады, музыка туралы оқушылардан түсінік алады, сұрақтарға жауап беруді талап етеді:
Шығарманы тыңдаған кезде көз алдарыңда қандай көріністер елестеді?
Автор музыкасында қандай көркемдеуіш құралдарды пайдаланды?
(М/О) Бұл тапсырманы оқушыларды екі-үш топқа бөліп орындауға болады.
Оқушылар мұғалімнің көмегімен оқулықта берілген Ə. Қастеевтің «Өмір-өзен» картинасын «Ақ бұлақ əуені» пьесасымен салыстырады. Салыстыру барысында
картинаны мен пьесаның мазмұнына, көркемдік бейнесіне көңіл бөліп, айырмашылығы мен ұқсастығын тауып, түсініктерін айту керек.
Оқушылар Қытай бишілерінің орындауындағы «Су биін» бейнетаспадан көріп, «Ақ бұлақ əуені» шығармасымен салыстырады. Айырмашылығы мен ұқсастығын тауып, қысқа, нақты түсінік береді.