Тексерілді: Күні


Тексерілді:--------------------------------



бет2/9
Дата30.03.2023
өлшемі63,97 Kb.
#77452
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тексерілді:--------------------------------
Күні: 12.12.2022ж
Сыныбы:11 «Б»
Сынып жетекшісі: Өтемұратова Б.Н
Тақырыбы: 16 желтостан – Тәуелсіздік күні «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығың»
Мақсаты:
- Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
- Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. Тәуелсіздік бастауы - ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну. Сабақтың көрнекіліктері: нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, буклеттер, желтоқсан құрбандарының портреттері. Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: шаттық шеңбері
Жарқыраған күнді көрдім,
Тәуелсіз елді көрдім,
Осындай тәуелсіздігі жарасқан елде,
Мен дүниеге келдім.
Топқа бөлу.
1-топ «Елтаңба»
2-топ «Байрақ»
3-топ «Әнұран»
Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер! Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған тарихи – тәрбие сағатына жиналып отырмыз. Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.
Видеорлик « Желтоқсан желі»
Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар - намысын, ата - баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. Иә, 1986жылғы «Желтоқсан оқиғасы»тарихта мәңгі қалмақ. 1986 жылы 17 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік. Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады? Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап - жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз. Ортада оқушылардың Тәуелсіздік жайлы өлең жолдары
1-оқушы:
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.
2-оқушы:
Атамекен ақ үйдің
Азат болған күні бұл.
Құндақтағы сәбидің
Қазақ болған күні - бұл.
3-оқушы:
Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні - бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні - бұл.
4-оқушы:
Алты алаштың баласы
Қауымдасқан күні - бұл.
Бір - бірімен жарасып
Бауырласқан күні - бұл.
5-оқушы:
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!
6-оқушы:
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы, келе берер!
7-оқушы:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
8-оқушы:
Туған жерді сүю-парыз
Сүю үшін білу-парыз
Қасиетін ұғу-парыз
Күзетіне тұру-парыз
Мұғалім сөзі:
Сол бір кездегі тәуелсіз ел болып қуанып жатқан қуанышты сәттерге де кезек берейік. Олай болса, «Тәуелсіздік жарығы»атты шағын көрінісімізді тамашалаңыздар.
Немересі: Әже, әже далада адамдар салют атып, қуанып жатыр, ол ненің мерекесі?
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой, балам.
Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе?
Әжесі: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады.
Немересі: Онда тынығып алайық. (Тынығып жатқан немересі түс көреді)
Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім.
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой.
Немересі: Онда мен достарымнан сүйінші сұрап келейін. Сүйінші, сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты! Мұғалім сөзі:
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Қандай бақыт қуаныш күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен қыршын кеткен ағалар мен апалар, Елің алды егеменді теңдігін,- деп жырлай келе тәуелсіздігіміз жасай берсін, еліміз тыныш болсын! Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
1986 жыл, 16 - желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан - ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
9-оқушы:
Егемендік иесі мен деген сөз,
Көптеген бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.
10-оқушы:
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен бергісі.
Мұғалім сөзі:
1991 жылы желтоқсанның 1 - де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
11-оқушы:
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
12-оқушы:
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым - ол.
Мұғалім сөзі:
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев қайта сайлайды, ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н. Ә. Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.
13-оқушы:
Күнісіз қазақ көгінің,
Шуағын шашқан халқына.
Қазығы бостандығымның,
Қажымас қайсар нар тұлға,
Ұшырдың алыс айға адам
14-оқушы:
Халқымның мақсат арманын,
Түсінер сіздей қайда адам?!
Бес қару белге буынып,
Қол бастар көсем өзіңсің,
Жаныңды қиып бересің,
Қазақтың байтақ жері үшін.
Мұғалімнің сөзі:
1992 жылы 4 – маусымда Президент «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
Видеоролик «Мемлекттік рәміздер»
15-оқушы:
Рәмізім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
16-оқушы:
Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек
- Елдің ашық қабығы.
17-оқушы:
Елтаңбасы елімнің
Ортада - аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Еркіндігім - Елтаңбам.
18-оқушы:
Әнұран Әнұраным - жанұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым
- Мың қайталап айтам мұны.
Ойындар мен тапсырмалар 3 топқа беріледі.
1.Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, мектепке кірген кезде қабырғада ілулі тұрады (Елтаңба)
Барлық мекемелерде ілулі тұрады, қаламыздың әкімшілігінде, скверлерде, аллеяларда желбіреп тұрады. (Ту)
Маңызды салтанатты жиындарда, спорттық ойындарда алтын медаль алған кезде, президентіміз өзге елге іссапармен барған кезде орындалатын ән. (Әнұран)
2. Оқушылардың шығармашылығы. (Суреттер)
Бейнеклип.
«Менің туған жерім- егеменді Қазақстан»
Қорытындылау:
Осымен бүгінгі «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Уақыт бөліп тамашалағандарыңызға мың алғыс. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Көк туымыз аспанда әрдайым биіктен көрініп, самғай берсін!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет