Тексерілді: Күні



бет7/9
Дата30.03.2023
өлшемі63,97 Kb.
#77452
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қорытынды: ЕСІРТКІ - адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес,әлеуметтік проблема.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.

Бекітемін:
Күні,айы,жылы: 09.01.2023 жыл
Сыныбы: 11 «Б»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Дәстүр мен ғұрып»
Мақсаты: Оқушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру; Тәрбиелік мәні бар салт –дәстүрлерді бойына сіңіру.
Күтілетін нәтижелер: Халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінеді. Халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білу дағдылары қалыптасады. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара пікір алмасып, ортақ тұжырымға келеді. Тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өздігі- нен қорытынды шығара алады.
Барысы: 
I. Кіріспе. Қызығушылықты ояту.
«Миға шабуыл» әдісі
«Қазақы дастарханым» әнін тыңдату.
Сөзін жазған Ж. Боранбаев
Әнін жазған М. Ілиясов
Бүгінгі ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісі ме?
Жағалай малдас құрған.
Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым!
Қазақы дастарқаным.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Анаға ақ пейілді
Иілсе келін-балаң.
Ықылас, ізет еткен
Сыйластық елін табам.
Қайырмасы.
Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын.
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шар айнасын!
Қайырмасы.
Толықсып туған айым,
Наурызым, айналайын.
Өзіңсің ырыс-құтым,
Қуаныш, думан-тойым.
Қайырмасы.

Сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын айқындау.
Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады,
Біз қазақ халқының тұрмысы, салт – дәстүрі туралы әңгімелесеміз.
ДАСТАРҚАН
Дастарқан – қазақ салтында пейілдің, ықыластың, жомарттықтың белгісін танытатын, үй иесінің ниетін көрсететін берекесі. Қазақ дәстүрі бойынша әр адам қолынан келгенше барын пейілмен дастарқанға арнап, ықыласын сездіруге тырысады. Дала түлегі қазақтар қай мезгілде болса да үйіне түскен кез келген жолаушыны жатсынбайды. Ашық-жарқын қабақпен қабылдайды. Ықылас білдіріп, төрге шығарады. Содан кейін дастарқан жайылады. Жолаушы тамақтанып, сергігеннен кейін барып, үй иесі жөн сұрап, хал-жайын, бағыт-бағдарын, шаруа жайын ұғады. Бұл да ежелгі салт. Тіпті танымайтын адамды да «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп, құт санайды. Халықтың осынау кеңпейілділігін салт ретінде берік сақтауы да ұрпақ үшін дәстүр жалғасы болып қалыптасқан.
(Интерактивті тақтадан «қазақтың дәстүрлері» атты презентация көрсету)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет