Тексеру сұрақтары: Жарықтың шағылу заңы


Линзалар. Олардың түрлері.Линзаның формуласы



бет3/4
Дата03.05.2023
өлшемі20,21 Kb.
#89395
1   2   3   4
4.Линзалар. Олардың түрлері.Линзаның формуласы.
Линзалар. Жарықтың шағылуы мен сынуын және сәуле бағытын өзгерту үшін қолданылады. Лупа, микроскоп, фотоаппарат және т. б. құралдар мен қондырғыларды пайдалану осыған негізделген. Осылардың көпшілігінің басты бөлігі линза болып табылады. Линза (лат. Lens - чечевица) деп мөлдір (көбінесе шыны екі сфералық беттен шектелген) денені айтады. Ортасы шетінен қалың болатын дөңес линза және ортасы шетінен жіңішке болатын ойыс линза болып ажыратылады. Осы линза түрлерін 89 а (дөңес) және 89 б (ойыс) суреттерде кескінделген және олардың шартты белгісі бейнеленген. Сфералық беттердің с1 және с2 центрлері арқылы өтетін түзу сызық линзаның бас оптикалық осі деп аталады. Осы осьтегі о нүктесі линзаның оптика центр деп аталады. Дөңес және ойық линзалардағы сәулелер жолы әр - түрлі. Дөңес шыны линзалар ауада параллель жарық шоқтарын бір нүктеде түйістіреді, сол себепті оларды жинағыш деп атайды. Ойыс шыны линзалар бұл жағдайда жарық шоғын шашыратады, сол себепті оларды шашыратқыш линзалар деп атайды. Жинағыш линзада линзадан сынғаннан кейін жарық сәулесінің созындылары қиылысатын F нүктесі линзаның бас фокусы деп аталады. Жинағыш линзада фокус нақты, ал шашыратқыш линза да жалған болады. Кез - келген линзаның әр жағында екі бас фокус болады. Линзаның екі жағына бірдей орта болса, онда осы фокустар линзадан бірдей қашықтықта орналасады. Линзаның оптикалық центрінен оның бас фокусына дейінгі қашықтық линзаның фокус орталығы деп аталып, фокус белгіленген әріппен белгіленеді: F – линзаның фокус орталығы. Линзаның фокус орталығы оның бетінің қисықтығына байланысты болады. Беті дөңестеу линза жарықты бетінің дөңестігі нашар линзаға қарағанда күшті сындырады, және сол себепті фокус аралығы қысқа болады. Жинағыш линзаның фокус аралығын анықтау үшін оған күн сәулесін бағыттау қажет. Линза артындағы экранда күннің айқын кескінін алып, линзадан экранға дейінгі қашықтықты өлшеу керек. Күн өте қашықта орналасқандықтан линзаға келіп түсетін сәулелер параллель шоқ болады, онда кескін линзаның дәл фокусына орналасады. Фокус аралығына кері физикалық шама D әрпімен белгіленеді және де линзаның оптикалық күші деп аталады. D=1/F. Фокус аралығы неғұрлым аз болса, онда оптикалық күші соғұрлым көп болады, онда ол жарықты күшті сындырады. Оптикалық күштің СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі м(- 1) болады. Басқаша бұл бірлік диоптри (дптр) деп аталады. 1 дптр – бұл фокус аралығы 1 метр болатын линзаның оптикалық күші. Жинағыш және шашыратқыш линзалардың оптикалық күштері таңбаларымен ажыратылады. Жинағыш линзаның фокусы нақты, сол себепті оның фокус аралығы мен оптикалық күші оң деп есптелінеді. Шашыратқыш линзаның фокусы жалған, сондықтан оның фокус аралығы мен оптикалық күші теріс болып есептелінеді.
Линзалардың негізгі кемшіліктері сфералық аберрация (лат. aberratio — ауытқу) — жалпақ параллель сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокустың пайда болуы. Сфералық аберрацияны жою үшін арнайы линзалар, диафрагма және линзалар жүйесі қолданылады; хроматтық аберрация — линзалар жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялған дақтардың пайда болуы . Жарық толқындарының сынуы олардың ұзындықтарына тәуелді (толқынның ұзындығы үлкен болған сайын оның сынуы кіші) болғандықтан аталған кемшілік байқалады. Хроматтық аберрацияны арнайы лиызалар жүйелерінің (ахроматтар мен анахроматтар) көмегімен түзетеді; астигматизм — линзаның ұзын және көлденең өлшемдеріне, яғни линзаның қисықтығына тәуелді болатын ақау . Егер дөңгелек линзалар қолдансақ, онда астигматизм жойылады; дистпорсия (лат. distorsio — қисаю) — кескіннің қисаюы. Бұл қисаю көру аймағы шегінде линзаның көлденең ұлғаюының бірдей болмауынан туады. Осы жағдайда нәрсе мен оның кескінінің геометриялық ұқсастығы бұзылады. Мысалы, линза берген квадраттың кескіні көпшік немесе бөшке тәріздес болып шығуы мүмкін. Геодезия мен ұшақтан суретке түсірген кезде дисторсияны болдырмауға ерекше назар аударылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет