Тексеруші: Киекенова Бағдат



бет2/6
Дата21.10.2023
өлшемі53,75 Kb.
#120204
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
1.1. Ар-ұят ұғымы

Ұлы Кантта мынадай тамаша ой кездеседі. «Адамды екі нәрсе жанын тебірентіп, шексіз тандандырады: жұлдызды аспан мен ішкі моральдық заңдылық шексіздігі». Бірінші шексіздікті адам жаңа кеңістіктерді бірте-бірте игере отырып меңгерсе, ал екіншісін ар-ұят дауысына бағыну арқылы игереді. Ар-ұят деген не? Ар-ұят өмірдің әр түрлі көріністерінде шатаскан түрінде көрінетін феномен. Ар-ұят түрлері мазмұнының айырмашылыктары бар ма? Тарихтың бүкіл өн бойында карама-қайшы кондырғыларды устанатын адамдар өз «ар-ұятымыз бойынша» әрекет еттік деп есептеді: Конфуций мен Сократ, Заратуштра мен Платон, Иса мен Мұхамед адамдарды руханилықка, ар-ұят пен ар-ождан үніне құлақ түруге шақырса, инквизиторлар мен ксенофобтар, басқыншылар мен тирандар, фашизм мен большевизм фанатиктері де ѳз ар-ұяттары бойынша әрекет еттік деп санады.


Этикалык әдебиет бұл сұрактарга әр турлі жауап береді. Сенеканын пікірінше, ѳз этикалык касиеттерімізге орай біздің қылықтарымызды сынайтын немесе қорғайтын ішкі дауыс ар- ұятты білдіреді. Стоиктік философия оны ѳзіндік сактанумен (адамның ѳз-ѳзіне қамқорлығымен) байланыстырады. Діни философияда ар-ұят құдайдың адамға жіберген акыл-ойының заңдылығы. Фихтенің айтуынша, ар-ұят адамдардың коғамдық жағдайына байланысты емес, ол ішкі «Меннің» дауысы жэне моральдың нағыз беделі болып табылады. К. Маркс бойынша ол ішке карай бағытталған ашуыза. Ж.П. Сартр ар-ұяты адамға коғам тарапынан койылатын сырткы талаптар мен тыйымдарға карсы тұратын ішкі тұлғалық әрекеттің жалғыз аралы деп жариялайды. Ар-ұят адамгершілік сананың моральдық-психологиялык тетігі ретінде коғамдағы моральдың императивті (бұйрыкты), байланыстырушы күшіне ұксас. Ол коғамдык катынастарда, мәдениетте, элеуметтік субъектілер эрекеті мен өмір сүру тәртібінде объективті бекітілген адамгершілік кундылыктардың белгілі бір жүйесін тулғаның рухани ішкі әлемінде корғайды. Ар-ұяттың адамгершілік-психологиялык ерекшілігі, адамның психикалық өмірінің ең алуан түрлі элементтерін органикапык тұрғыда өз құрамына біріктіретін бүтіндей механизм ретінде көрінуімен сипатталады. Ол барлык психика қабаттарының, өзара әрекеті нэтижесінде калыптасады: рационалдылыктың, интуитивтіліктің, ойлаудың салқын есебі ғана емес,
өмірлік тәжірибе бейнеленетін субъективизмдер даналығына, моральдық интуицияға сүйенеді. Ар-ұяттың өзгешелігі катарына оның тылсымдылығы, бүркемеленуі және таңдамалылығы жатады. Ар-ұят - бұл ішкі монолог, кейде ондадиалог, тіпті көп дауысты дискуссия да жүзеге асып жатады. Ар-ұят дегенің мыңдаған куәгерлер. Адам бойында мәңгі оппонент пен мәңгі корғаушы рухка ұйкы бермей пікірталасып жатады. Адамдағы мәңгі төреші коғамдык пікірден жасырын жаткан нәрселерді көріп, ойлап және сезіп отырады.
Ар-ұят ұғымына тарихи кезең, ұлттық, территориялык, климаттык ерекшеліктер де орасан ыкпалын тигізеді. Ар-ұят ұғымының казіргі кезең мен өндіріс үдерісіне машиналар, механизмдер енді ене бастаған XVIII-XIX ғасырлар арасында айырмашылығы бар екендігін де ескерген жөн. Француздар мен казактардың неке қатынастарында да ар-ұят ұғымы бір-бірінен айырықшаланады. Алғашкылары үшін бөлелер (кузендер) арасындағы неке калыпты болып саналса, қазактар үшін мұндай неке қан алмасушылыққа жол берген ұятсыздардың ісі. Шыгыс халықтарына тэн ар-ұяттылык батыс елдері халыктары пікірімен үнемі сай келе бермейді. Сондыктан да, адамгершілік катынастарда әрқашан бұл факторларды ескеріп, эдеп-ғүрыпка күрметпен караған жөн.
Адамның рухани өмірінің практикалык көрінісі болып табылатын адамгершілік санада ғана адам тиістілік сезімін сезініп, өз өмірінің абсолютті мұратын саналы түсініп, өзінің эмпирикалык табиғатынан жоғары көтеріліп самғай алады; бұл самғау - адамның нағыз мәні. Бұл мән коғамдык болмыстың адамгершілік немесе адамгершілік-кұқықтылық сипатыңда (жалпы кең мағынада) көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет