1.2. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі ар
Ұят туралы ұлы ақын өзінің отыз алтыншы сөзінде адамдарда екітүрлі ұяттың болатынын келтірді. Біріншісі - надандық та-ұят. Оғанжастардың ұялмас нәрседен ұялуын жаткызады. Екіншісі – адамдық қасиеттен туындайтын ұят. Бұл ұятты ақын былай танытады: Ондай кылық өзіңнен шықпай-ак, бір бөтен адамнан шыкканын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұндай ұят қылык жасағаныңды жұрт білмесе де, өз акылың, өз нысабың өзінді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіңе жаза тарттырады. Абай мұндай ұятты өте жоғары бағалады. Бұл-адамның өзіне-өзінің катаң жазасы екенін, осыны түсінген адамның, баска біреудің жасаған ұятты қылығын, қайталамайтындығына көз жеткізеді. Бұл ретте бірінші қоятын талабы-мораль жағынан ұстамды таза болу. Адам баскаға үлгі болу үшін, баскаға тәрбие беру үшін, ең алдымен моральдық жағынан өнеге көрсетерліктей болу керек. Бұл тұрғыдан ақын алдымен, сыпайы мінезді, жаксы кұлыкты, әділетшіл, шыншыл болуды ұсынады. Жаман мінездер мен әдеттерден, «әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұраншак, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып» өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды басына лайықсыз көрсе ғана адам парасатты болады,- дейді. Мұндай мінездер, «ақылдылардың, арлылардың, артыктардың мінезі». Бұл мінезді бойына тұтқан жақсылар мактанғаннан аулақ, өзімді жаман дегізбесем деп азаптанады, соңынан сөз ерітпейді. Ал мақтан сүйгіштер: Демесін демейді, десін дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да десін деп, азаптанып жүріп, демесінді ұмытып кетеді. Жақсы мінез, жаксы қылық қандай болу керек дегенде Абайдың коятын екінші талабы - тұрақтылык. «Қылам дегенін кыларлык, тұрам дегенінде тұрарлык, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын».
Қазактың дәстүрлі әдеп жүйесіндегі келесі бір маңызды түсінік - ар. Жоғарыда аталып өткендей, ұят - арға апаратын төте жол. Қазак халкының ар туралы түсінігінің түйіні «Малым жанымнын садағасы, жаным арымның садағасы» деген макалында берілген. Шэкэрім жалпы этиканы «ар ілімі» деп атаған. Халык - ұяла біл, бірак ынжык болма деп үйретеді. Ал ұятсыздык ел ұғымында адамгершілік калыпты бұзудың ең дөрекі түрі, имансыздыктың бір көрінісі. Ол арсыздыкпен астарласып жатады. Арсыз адам-халыкка касірет экелетін, ұлттык намысқа дак салатын кісілігі жок, адамдық касиеттен жұрдай, куыс кеуде. Ғылыми әдебиетте ар негізінен адамның өзіне койған талабы, өзіне адамгершілік тұрғысынан бағда беру деп аныкталады. Халыктық түсінікте ар адамдык абыройды жоғары деңгейде ұстап тұруға бағытталған тетік. «Жарлы болсаң да, арсыз болма!» - дейді казак макалы. Авторитарлык және гуманистік ар жөнінде сөз бар. Авторитарлык ар иегері біреудің беделінің тасасында жүргенді калайды. Гуманистік ар түлғасы жауаптылықты өзіне алады, яғни өзі-өзін тандайды. Кейбір зерттеушілер казактың дәстүрлі коғамында «Мендік» сезім болған жок, онда тек рулық адам болды дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |